«Спектр – жарқырау» диаграммасы



Дата11.10.2023
өлшемі6,6 Kb.
#113572
Байланысты:
«Спектр – жарқырау» диаграммасы-emirsaba.org


«Спектр – жарқырау» диаграммасы

«Спектр – жарқырау» диаграммасы
Жұлдыздардың жарқырауы және олардың спектрлерінің түрлерінің арасында белгілі бір тәуелділіктер бар екендігін XX-ғасырдың басында дат астрономы Герцшпрунг және АҚШ астрономы Рессел көзге жеткізген. Айтылған тәуелділіктер «спектр-жарқырау» диаграммасы деп аталатын графиктер түрінде көрсетіледі. Графиктердің бір осінде спектрлік класстар салынады, ал екінші осінде – абсолюттік жұлдыздық шамалар. Абсолюттік жұлдыздық шамалардың орнына жарқыраудың логарифмдері, спектрлік класстардың орнына түс көрсеткіштер немесе эффективтік температура алынуы мүмкін.

Герцшпрунг-Рессел диаграммасындағы жұлдыздардың тізбектері


Диаграммадағы жұлдыздың орны оның физикалық табиғаты мен даму сатысымен анықталады. Сол себептен диаграмма қарастырылатын жұлдыздар жүйесінің барлық тарихын көрсетеді. Осыған қарай «спектр-жарқырау» диаграммасының астрономиядағы маңызы өте зор. Осы диаграмма физикалық табиғаты жақын жұлдыздарды ұйымдастырып, жеке-жеке топтарға бөліп, әрбір осындай топтағы жұлдыздардың әртүрлі физикалық сипаттамаларының арасындағы тәуелділіктерді анықтауға, жұлдыздардың химиялық құрамы және дамуы туралы мәліметтер табуға мүмкіншілік береді.

Диаграмманың жоғарысында жарқырауы өте зор, төменінде – жарқырауы өте аз жұлдыздар, ыстық жұлдыздар диаграмманың сол жағында, температуралары төмен жұлдыздар диаграмманың оң жағында орналасады. Диаграммадағы жұлдыздардың орналасуы біркелкі емес, диаграмманың диагоналі бойынша жұлдыздардың саны өте көп және осындай орналасуы жұлдыздардың температураларымен жарқырауы өзара тәуелді екенін көрсетеді. Осы тәуелділік бірдей болатын жұлдыздар белгілі жарқырау тізбектерін құрады. Жарқырау тізбектері рим цифрімен белгілінеді және бұл белгі спектрлік класстың белгісінен кейін қойылады. Мысалы, Күннің толық классификациясы G2V. Күн сары, температурасы 5780 К. V жарқырау тізбегіне жататын жұлдыз. Осындай қазіргі кезде қолданылатын классификация МК классификация деп аталады.


Жарқырау тізбектері суретте көрсетілген.
І Жарқырау классы – төтенше алып жұлдыздар, диаграмманың жоғарғы жағында орналасып, бірнеше тізбектерге бөлінеді.
ІІ Жарқырау классы – жарық алыптар.
ІІІ Жарқырау классы – алыптар.
IV Жарқырау классы – алып тәріздес.
V Жарқырау классы – бас тізбек.
VI Жарқырау классы – субкарликтер (ергежейлы тәріздес).
VII Жарқырау классы – ақ ергежейлілер.
Жұлдыздың қай жарқырау классына жататындығын оның спектріндегі арнаулы ерекшеліктерінен табылады. Төтенше алып жұлдыздардың спектрлік сызықтары өте жіңішке алып келсе, ақ ергежейлердің спектрлік сызықтары жалпақ болады. Ергежейлілердің спектріндегі кейбір металлдардың спектрлік сызықтарының интенсивтілігі дәл осындай спектрлік класстағы алып жұлдыздардың спектіріндегі сызықтардың интенсивтілігін бәсеңдеу, ал басқа бір металлдардың сызықтарының интенсивтілігі керісінше күштірек болады. Субкарликтердің спектрінде барлық металлдардың сызықтары бәсеңдеу келеді. Осындай спектрлік зерттеулердің нәтижелерінде жұлдыздық шама табылады. Абсолюттік жұлдыздық шама бойынша жұлдыздың қашықтығы және жылдық параллаксы есептелінеді. Қашықтықты осы жолмен анықтау – спектрлік параллакс әдісі деп аталады. Тригонометриялық параллакс тек жақын (6000 мыңға жуық) жұлдыздарға бақылаудан анықталатын болса, спектрлік параллакс әдісін өте алыс объектілерге қолдануға болады. Сондықтан бұл әдістің астрономияда маңызы өте зор.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет