Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Вегетативтік мойындық өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары



бет112/115
Дата10.04.2023
өлшемі415,62 Kb.
#80944
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
анатомия пико

118. Вегетативтік мойындық өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Уник 100
Симпатикалық сабаудың мойын түйіндерінің тармақтары тамырлардың бетінде ұйқы артериясының және омыртқалық артериялардың өрімдерін түзейді. Мойынның қуысты ағзаларының қабырғаларының құрамында, симпатикалық сабаудың мойын түйіндерінің тармақтарынан, тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтердің тармақтарынан – жұтқыншақтық, өңештік, кеңірдектік аралас өрімдер құрылады.
Басқа баратын нервтер жоғарғы және төменгі мойын түйіндерінен шығып, бассүйек қуысына ететін және басқа сыртқы жағынан келетін топ болып бөлінеді.
Бірінші топты жоғарғы мойын түйінінен шығатын n. caroticus internus пен төменгі мойын түйінінен шығатын п vertebralis құрайды . Екі нервте аттас артериялармен қосарлана жүріп, олардың айналасында ерімдер: plexus carolicus intcmus және plexus vertebralis түзеді, олар артериялармен бірге бассүйек қуысына өтіп , сол жерде өзара анастомозданып, ми тамырларына, қабықтарға бассүйек нервтерінің III, V, V, VI жұптары сабауларына және дабыл первіне тармактар береді Plexus caroticus internus plexis cavenosus - қа созылады , ал ол шкі ұйқы артериясының sinus cavernosus арқылы өтетін бөлігін қоршап тұрады.
Өрімдердің тармақтары , ішкі ұйқы артериясынан басқа оның тармақтары бойымен таралады. Plexus caroticus internus - тың тармақтарынан n. petrosus propundus - ты атап көрсету керек , ол n. petrosus majоr екеуі қосылып n. canals pterygoidei түзеді, ол аттес өзек арқылы panglion pterygopalatinum - ге келеді.
Бастың симпатикалық нервтерінің екінші, сыртқы тобы жоғарғы мойын түйіннің екі тармағынан nn. саrotiсi externi - ден құралады , олар сыртқы ұйкы артериясының айналасында өрім түзіп, бастағы оның тармақтарына ілесе жүреді. Осы өрiмнен құлақ түйініне ganglion oticum-ге сaбaуша шығады, бет артериясына ілесетін өрімнен төменгі жақсүйекасты түйініне ganglion submandibulare -ге тармақ шығады.
Ұйқы артериясы мен оның тармақтары айналасындағы өрімдерге кіретін тармақтары арқылы жоғарғы мойын түйін бастың тамырлары мен тер, көзжасы шырышты және сілекей бездеріне, сондай -ақ тері түктері бұлшықеттері мен көз карашығын кеңейтетін бұлшықетке, m dilatator pupillae, талшықтар береді. Қарашықтың улкею орталығы , сentrum ciliospinale жұлында VIII мойын сегменті мен ІІ кеуде сегменттері аралығында жатады.
Өрімнен шыққан тармақтар сыртқы ұйқы артериясының тармақтарынан болай жүріп, солармен бірге ағзаларға келеді. Сол себепті жеке симпатикалық өрімдердің саны артериялық тармақтардыңсанына тең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет