Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Вегетативтік кеуделік өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары



бет113/115
Дата10.04.2023
өлшемі415,62 Kb.
#80944
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
анатомия пико

119. Вегетативтік кеуделік өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары
Уник61
Кеуде қуысында симпатикалық сабаудың кеуде түйіндерінен және кезбе нервтің тармақтарынан, сонымен бірге ұсақ омыртқа алдындағы түйіндерден ағзадан тыс өрімдер түзіледі. Өрімдердің құрамында түйінге дейінгі преганглионарлы және түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтары, жұлындық және булбарлық сезімтал талшықтары болады. I және XII кеуде омырткалары денгейінде омыртка бағанының айналасында жатады. Симпатикалык сабаy қабырғалардын арткы шетінін алдында орналасады да , қабырғааралык тамырларды алдынгы жагынан кесіп өтип кеуденің ішкі шандырынын табагы мен қабырғалык өкпекаппен жабылган. Oң симпатикалык сабаyдан медиалдi сынар вена ал сол сабаудан медиалді жартылай сынар вена өтетунін білеміз.
Жүрек өрімі (plexus cardiacus) мойынның тиісті симпатикалық ганглилерінен шығатын ж/е жоғаргы кеуделік симпатикалық түйіндерден шығатын жүректің кеуделік нервтерінен, жүректің интрамуралді түйініне өтетін, жүректен тыс беткей және терең өрімдер түзейтін кезбе нервтің жүректік тармақтарынан құралады. Тәждік артерия өріміне және жүрекше мен қарынша миокардтарының өрімдеріне ерекше көңіл қойылады.
Өкпе өрімі (plexus pulmonalis) кеңірдектің кеуделік бөлігінің өрімдерін және бронхтардың өрімдерін біріктіреді. Жүректің төменгі нервтеріннен, жоғарғы кеуделік симпатикалық түйіндерден және кезбе нервтің тармақтарынан құралады.
Өңеш өрімі (plexus oesophageus) кезбе нервтің және симпатикалық сабаудың кеуделік түйін тармақтарынан түзілген. Өңештің қабырғасына кіргеннен кейін, өрімдердің тармақтары оның интрамуралды өрімін түзейді.
Кеуде қолқасының өрімі (plexus aorticus thoracicus) симпатикалық сабаудың жоғарғы кеуделік түйінінің тармақтарынан, жүрек және өңеш өрімдерінің тармақтарынан түзіледі. Өрім қолқа доғасының тармақтары, артқы қабырғааралық артериялар, жоғарғы көкеттік артериялар бойымен жүре отырып, төменде құрсақтың қолқалық өріміне өтеді. Кеуде қуысының барлық өрімдері дәнекер тармақтарымен бірге ауысып, бірыңғай өрім түзейді.
Іштің автономдық өрімі
Іш қуысында қолқаның төмендеген бөлігі маңында іштің қолқалық өрімі (plexus aorticus abdominalis) орналасады. Жоғарыда ол кеуделік қолқалық өріммен байланысқан, төменде ол жалпы мықын артериясының жұп өріміне және сыңар жоғарғы іштік өрімге ауысып кетеді. Өрім құрамы жағынан күрделі талшықты тармақтардан тұратын, омыртқа алдындағы (превертебралдық) түйіндерден және түйінаралық тармақтардан тұрады. Өрімге түйін алдындағы және түйіннен кейінгі талшықтары бар, үлкен және кіші ішкі ағзалық нервтер, түйінге дейінгі преганглионарлы парасимпатикалық талшықтары бар кезбе нервтің тармақтары, түйінге дейінгі преганглионарлы симпатикалық талшықтары бар белдік симпатикалық түйіндердің ішкі ағзалық тармақтары, көкет нервінің оң жақ тармақтары келеді. Сонымен бірге, іш қолқасының өріміне келетін вегетативтік тармақтардың құрамында жұлын талшықтарының сезімтал тармақтары да келетінін ескеру керек. Іш қолқасының өрімінде іштің (сәулелік) өрімін және шажырқайаралық өрімдерін бөледі.
Тармактары ж/е нервтендіру аймақтарына келсем:
Биринши дәнекер тармақтар rami соmmunicantes, симпатикалык сабаудын әрбір түйінінін латералді жиегінен тармақталып ж/е сәйкес қабырғааралық нервтерге бағытталады; олар екеу немесе одан көп тармак мөлшерінде берілген түйін деңгейінде жататын қабырғааралык нервке және жоғарғы және төмен жатқан нервке қосылады.
Екинши кеуделік жүректік нервтер nervi cardiaci thoracici, негізінен бірінші кеуде түйінінен тармақталады. Жүрек жолында төменгі мойын н/е жүлдызша түйінінің төменгі жүректік нерві мен кеуделік жүректік нервтер, сонымен қатар кезбе нервтің жүректік тармақтарының арасында дәнекер тармақтар бар.
Ушинши кезбе нервпен данекер тармактар.
Төртінші қайырылма нервпен данекер тармактар.
Бесінші жоғарғы 5 не 6 түйіннін медиалді жиегінен тармақталатын жіңішке тармақтар ж/е олар кеуде куысында орналасатын ішкі ағзалар мен тамырларды нервтендіреді. Бірнеше қатар тармақтар медиалді бағытталып, кабырғааралық тамырлар, сыңар вена (оңынан) және жартылай сыңар вена (солдан), сонымен бірге кеуде түтігі кабырғасына жетеді, қалған тармақ кеуделік қолқалық өрім, plexus aorticus thoracicus, құрамына кіреді, ол өзінің бастапқы бөлімінде жалпы жүректік өріммен, төменнен - кұрсактык өріммен және оның туындыларымен байланысқан; оның кейбір тармақтар қатары ішкі ағзалар өрімдеріне: өңештік тармақтар, rami esophagei, өңештік өрімге, plexus esophageus, өкпелік және бронхтық тармақтар, rami bronchioles et pulmonales — өкпелік жэне бронхтық өрімге, plexus pulmonalis et bronchialis, кіреді. Барлық көрсетілген тармақтар симпатикалық сабаудан медиалді орналасып, өз жолында әртүрлі көлемді нерв түйіншелері бар ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі жіңішке тармақтармен өзара байланысады.
Алтыншы ішкі ағзалық нерв n. splanchnicus major, V-IX кеуде түйіндерінін алдыңғы медиалді бетінен 3-5 тармақтарымен басталады. Нервті құрайтын барлық тармақтары омыртқа денесінің бүйір бетінде орналасып, ІХ-Х омыртқалар деңгейінде бір сабауға бірігеді, ол көкеттің бел бөлігіне төмен ж/е медиалді бағытталады. Кейін көкеттің ортаңғы ж/е медиалді аяқшаларының арасымен жүріп, кұрсақ куысына кіреді, қысқа сабау түрінде кұрсақтық өрім, plexus cealiacus, кұрамына кіреді. Одан нерв жолымен кеуделік қолқалық өрімге, кіші ағзалық нервті түзетін тармақтарға және көкірекаралық өкпеқапқа баратын сабаушалар тармақталады. Ішкі ағзалык нервке дара сабауішілік нерв жасушалары кіріп, кішірек ағзалық түйін, ganglion splanchnicum, түзеді.
Жетінші кіші ағзалық нерв, п. splanchnicus minor, Х-ХІ кеуде түйіндерінен екі-үш тармақпен басталып, үлкен ағзалык нерв бағытымен жүреді ж/е онымен бірге көкет арқылы кұрсақ қуысына кіріп, бірнеше қатар тармақтарға бөлінеді. Тармақтарының кішкене бөлігі күрсақтық өрімі құрамына, үлкен бөлігі - бүйрек өрімі құрамына кіреді.
Сегізінші ж/е ен сонгы ол бизде ең төменгі не/се ең кішісі ағзалык нерв, n. splanchnicus minimus (s.imus), XII кеуде түйінінен басталатын тұрақсыз тармақ ж-е кіші ағзалық нерв жолымен жүріп, бүйрек өрімі құрамына кіреді. Барлық үш ағзалык нервтер құрсак қуысы ағзаларын - асқазанды, бауырды, үйқыбезді, ішектерді, көкбауырды ж/е бүйректі, сонымен қатар кеуде куысы мен іштің қан ж\е лимфа тамырларын нервтендіруге қатысатын өрімдер кұрамына кіреді деп айта аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет