Срсп 11 апта Жангерей Айнұр ҚТӘ-203



Дата04.12.2023
өлшемі11,77 Mb.
#134238

МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Орындаған: Жангерей Айнұр,
ҚТӘ-203
«Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастардағы меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды:
    • меншік – қоғамдық қатынастар жүйесіндегі іргетас болып табылады;
    • меншік қоғамның жігінің жағдайын анықтайды;

    • Меншік өз нысанында айырбастаудың екі жолына ие:
      эволюциялық және революциялық;
    • меншіктің барлық нысандары өзара байланысты және өзара іс-қимылда;
    • меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады».

«Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
    • Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
    • Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
    • Жекелендіру — әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
    • Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
    • Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
    • Табысты бөлу әдістері»

«Меншік – иемдену, билеу, пайдалану тәрізді күрделі қарым-қатынастар ретінде осы қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Олай болса, оның экономикалық мазмұны мен заңдылық қозғалысын тану ушін экономикалық қатынастарының барлық жүйесін зерттеу қажет».
«Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субъектісі мен объектісі анықтайды.
Меншік субъектілері — меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісіне иемденіп, оған билік ететін тұлғалар.
Меншік субъектілері: адам, тұлға – меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады. Ол – ең алдымен өз дене қуатының, қарым-қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Меншіктің бұл объектісі адамдардың жеке өзіне тәуелді. Отбасы – бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үй ішінің жиған мал-мүліктерінің иесі.
Ел халқы жалпы халықтың дәулеті болып саналатын елдің ұлттық байлығының белгілі бір бөлігін иемденеді. Меншік қатынастары әр түрлі иемденулерге байланысты қалыптасады. Көптеген меншік объектілерінің құрамын және мазмұнын түсіну үшін оның маңызды деген түрлерін атап өту керек. Ақша, валюта және бағалы қағаздар – меншік объектілері. Олардың басты ерекешеліктері: материалдың заттық бағасында емес, құндылығында, дәлірек айтқанда, құннан көрініс алатын меншіктер екендігіне байланысты. Жер, жер телімі, пайдаланатын жер – меншіктің көп тараған объектілері болып саналады. Оларды әр түрлі субъектілер, құрылыс жүргізу ғимараттар салу, коммуникациялар жүргізу және өсімдіктер егу, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін де пайдаланады».
«Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.
«Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері – Рональд Коуз (1910ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г.Демесц, Д.Нарт, Р.Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық – міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?»
«Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы даму алады:
    • иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
    • пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
    • басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;
    • табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы;
    • егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;
    • қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің экспроприяциясынан немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;
    • игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
    • игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
    • сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пайдалануға тыйым салу;
    • өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
    • қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін институттардың болу құқығы.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншік категориясына теориялық талдау, оның қоғамның әрі құқылық, әрі экономикалық қатынастарын сипаттайтынын растайды. Меншіктің құқылық және экономикалық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда «тамырлар қатынасының заңы» әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда меншік әрі экономика, әрі заң категориясына жатады.
Бір жағынан, меншіктің заңды формасы өндірістің пассивті нәтижесі ғана емес, ол оның дамуын қарқындатып, немесе бәсеңдетуге ықпал етеді. Өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі бір иемдену құқы болмайынша, оны және онымен өндірген өнімдер пайдалануға да құқы болмайды. Сондықтан да меншік құқының заңды нормалары (иемдену, пайдалану, бөлу құқы) экономикалық қатынастарды нақтылау формалары болып табылады».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет