ССиМ 21-19 Қайыпбай Сымбат
Дәріс № 1
Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың
Тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің
Тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және
Ортағасырлар, жаңа дәуір
Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары. Бүгінгі күні біздің еліміз үлкен өзгерістерді бастан өткеріп отыр. XXI ғасырға біз әлемнің басқа да тәуелсіз мемлекеттерімен бірге аяқ бастық. Тарих бұл ең алдымен мемлекеттің идеологиясы. Қазақ халқы өзінің төл тарихында көптеген қиын-қыстау күндерді бастан кешірді. XVII-XVIII ғасырларда жoңғарлардан көп қысастық көрді. Жоңғарларға қарсы күресте көрші Ресей империясына арқа сүйемекші болды. Кіші жүз Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге бодан болудан басталған үрдіс сол Ресейдің құрамында қалып қоюмен жалғасын тауып, отар елге айналды. Бұл халықтың сана-сезіміне әсер етіп бірте-бірте құлдық психология орнады. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің тарапынан халықты құлдық санадан арылтатын арнайы идеология жүргізілуі қажет еді. Біраз уақыттан кейін болса да бұндай идеология жүргізілері анық.
Қазақ мемлекеттілігі өз бастауларын ежелгі Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдардан табады. Олар сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, наймандар, қыпшақтар, керейлер, жалайырлар және т. Б. Одан кейін түрік кезеңінде Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттер тарихы монғол шапқыншылығымен жалғасын тапты. Монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы мемлекеттер тарихы Қазақ хандығының құрылуымен аяқталды.
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихында ерекше кезең. Өз алдына дербес тәуелсіз ел болуға ұмтылу тарихи заңдылық деп айтуға болады. Керей мен Жәнібектің әрекеттері өз заманы үшін тәуекелге толы батыл әрекет деп бағаланады. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы мемлекеттіліктің классикалық формасы болды деп айтуға болады. Біздің көршілерімізде де шамамен осындай ғана мемлекеттер құрылды. Жекелеген кейбір салаларда артықшылықтар, кейбір салаларда кемшіліктер болуы мүмкін. Бұрын қазақта мемлекеттілік болмады деген, әрине жаңсақ пікір.
Территориясын ұлғайтып, нығайып келе жатқан Қазақ хандығына Жоңғар шапқыншылығы үлкен ауыртпашылықтар әкелді. Халық болып қалудың өзі екіталай заман келді. Осы кезде жоғарыда айтып кеткеніміздей Кіші жүз ханы Әбілқайырмен басталған үрдіс сол кезең үшін бірден-бір дұрыс шешім болды деп айта алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |