Студент: Ахметбекова Толкын Тобы: ҚТӘ-20-1-k



Дата18.04.2023
өлшемі25,5 Kb.
#83957
Байланысты:
Сайысқа қатысу үшін - эссе


Студент: Ахметбекова Толкын
Тобы: ҚТӘ-20-1-k
Эссе
Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
1991 жылы желтоқсан айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасы көптен күткен тәуелсіздігін алды. Міне, қазақтың аңсаған арманы орындалды. Қонысымыз бекіп, шаңырағымыз көтерілді. Асқақ батыр ұлдарымыз бен қыздарымыздың қаны әсте бекер төгілген жоқ. Құндары еліміздің тәуелсіздігімен қайтарылды. Алда талай жұмыстар күтіп тұрды. Тек тізгінді берік ұстап, алға қадам басудан тайынбау керек еді. 30 жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдық. Бірқатар мақсат-міндеттер орындалды. Тізерлеп тұрған қазағымыздың еңсесі көтерілді. Бойымызға қуат дарып, көкірегімізде намысымыз оянды.
Кез келген жаратылыстың жандануы үшін әлбетте оның мән-мағынасын түсіну жөн. Ал мұның барлығы оның бастауында. Біздің бастауымыз - ұлттық мәдениет, әдебиет, тіл және тарих. Санаусыз жылдар бойында қараусыз қалған ұлттық руханиятымызды жаңғырта бастадық. Архивтерді көтердік, баспаға ұсындық. Тапқан-тергендерімізді балаларымызға үйреттік.
30 жылдан астам уақыт өтті. Қанша жұмыстарды атап өтсек те, тасадан қалған тілімізге жаным ашиды. Қазіргі таңда туған тілін білмейтін, білгісі де келмейтін қанша адамдар бар. «Мен не үшін қазақ тілін оқимын?» немесе «Қазақ тілін білуім маған ештеңе бермейді» деп көкіректерін шарқ ұратындар қаншама?!
Алайда бұл мәселені кейінге қоя тұрайын. Әлбетте қайтпасқа болмас.
Сөзімді Ғабит Мүсіреповтің келесі сөзімен жалғастыруды жөн көрдім: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді...». Бұл қанатты сөзді түсіну қиын. Оның мән-мағынасы тереңде. Кімде-кім өзінің алған білімі мен өмір тәжірибесіне сүйене отырып пайымдайды. Менің ойымды таяз көрсеңіз, онда Абай айтқандай «өз сөзім өзімде қалсын».
Ғабит Мүсірепов – қазақ тілі жанашырларының ең зілдісі. Қайтпас мінез коммунистерден қорықпады, кері шегіндірмеді. Қазақ интеллигенциясының толыққанды репрессиясы да Ғабит ағамыздың жазушылық еңбегін тоқтата алмады. Қазақ тілінде роман, повесттерді жазумен қатар, Шыңғыс Айтматов сынды әлем әдебиеті тұлғаларының да шығармаларын аударумен айналысты. Менің Ғабит Мүсірепов бойынша ойым мынадай. Біріншіден, коммунистік партиясының идеологиясынан қорықпаған қайсар. Екіншіден, аталмыш идеологияға ермеген немесе оны насихаттамаған батыр. Себебі сол кездері табу болып есептелген аштық тақырыбын жырлау – асқан батырлық пен батылдықтың белгісі емес пе?! Үшіншіден, қазақ тілінің асқан жанашыры. Оны жоғарыда айтылған нақылдан барынша байқауға болады.
Ғабит ағамыздың сөзін былай пайымдар едім. Қазақ тілі жанашырларының зілді дауыстарын әркез естімеуге мүмкін емес. «Қазақ тілі құруға айналды!». «Қазақ тілді жастардың саны жылдан-жылға азаюда». Міне, олардың сөздері. Айтып жатқандарының жаны бар ма?! Қазақтың тәуелсіздік жолында бағындырған белестері аз емес. Қаншама біртуар ақын-жазушыларымыз қазақ тілінде шығарма жазу жолында отбасыларымен қудаланды. Сонда тіліміз маңызды мәселе ме? Менің ойымша, иә. Керей мен Жәнібектен бастау алған, Қайрат пен Сәбира сынды тәуелсіздік құрбандарының тағдырларына дейін ұласқан қаншама толассыз қауіп-қатерлер қазақтың қара басына қонған еді. Елі үшін, жері үшін жанын табыс еткен ата бабаларымыздың ащы да ауыр тағдыры, түгел қазақтың тағдыры таңбадай сүйекке емес, меніңше, тілге басылды. Тіл - біздің идентификациямыз. Тілдің жойылуы – мәдениет пен тарихтың ұмытылуы. Руханияттың ұмытылуы – елдің өшіп-сөнгені. Осы себептен халқымыз туған тілін білмегендерді «мәңгүрт» деп атаған. Туған тілін білмеген адам ұлттық рухтан нәр үзетінін ұмытпайық.
Бақытжан Бауыржанұлының «Әке өсиетті» атты шығармасында менің ойымды бекітетін мынадай сөз бар: «... Тіпті түсіңде де қазақша сөйле. Сонда ғана қазақ рухы жүрегіңе ұялап, ұлттық намысыңды оятады, ұлттық сезіміңді асқақтатып, өзіңді-өзің тануына даңғыл жол ашады».
«Өмірдің мәні неде?» деп толассыз сұрақ қоятындарға айтарым: бастауыңды білсең, өміріңнің мақсат-міндетін айқындай аласың. Қазақтың ұлттық рухы мен руханиятын тек тіл арқылы ғана түсініп, бойымызға дарыта аламыз. Ғабит ағамыздың сөзін өзінше пайымдаған жанашырдың естілмейтін зары – осы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет