Студент: Төлепберген Әділхан Оқу тобы: ю-21-23 Тақырып: Сотта азаматтык істі қозғау. Істі сот талқылауына әзірлеу



Дата07.11.2022
өлшемі23,87 Kb.
#48270
Байланысты:
ТАПСЫРМА 9 ЖАУАБЫ.ТӨЛЕПБЕРГЕН ӘДІЛХАН Ю-21-23 ОҚУ ТОБЫ


Студент:Төлепберген Әділхан
Оқу тобы: Ю-21-23
Тақырып: Сотта азаматтык істі қозғау. Істі сот талқылауына әзірлеу
1.Талап қою.
Азаматтық іс жүргізу құқығында талап қою арқылы іс жүргізу өте маңызды болып табылады. Ол әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бары Конституциямызда көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде мүдделі тұлғаның даулы не бұзылған құқығын және заңды мүддесін қорғаудың құқықтық негіздері толығымен заңдарда жетілдірілген.
Қазіргі кезде азаматтық қоғамның негізі ретінде талаптық іс жүргізу жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғаудың құралы болып табылады. Сондықтан талап қою арқылы іс жүргізу бұл мүдделі тұлғаның құқық туралы дауласудан шығатын талабы азаматтық істі қараудың ең негізгі процедурасы. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларынан шығатын талап қою арқылы іс жүргізудің тәртібінде материалдық құқықтық қатынастарының әр түрінен пайда болатын құқық туралы даулар бойынша азаматтық істер қаралып шешіледі. Сонымен қатар талап қою арқылы іс жүргізуде қаралатын істер оларда құқық туралы дау – жанжалдар мен
заңды мүдделерінің болуымен сипатталады.
Азаматтық іс-жүргізу заңдарында бірінші инстанциялық соттағы өндірістік істердің үш түрін қарастырады. Осыған байланысты сәйкес азаматтық істерді қарау мен оған оны шешу толық соттық процедураның қадағалануымен жүзеге асырылады, атап айиқанда:
1. Талап қою арқылы іс жүргізу (АІЖК 14-24 тарау, 2 бөлімнің 2 бөлімшесі);
2. Ерекше талап қою мен іс жүргізу (АІЖК 25-29 тарауы, 2 бөлімі, 3 бөлімшесі (тармағы));
3.Ерекше іс жүргізу (АІЖК 30-39 тарауы, 2 бөлімі, 4 бөлімшесі)
Олар азаматтық сот ісін жүргізуді сипаттайтын жалпы белгілер, сондай- ақ өндірістің басқа түрлерін бір-бірінен ажырататын спецификалық ерекшеліктерге тән. Талап қою арқылы іс жүргізу тәртібінде азаматтық істердің басым бөлігі қарастырылады. Сондықтан, мәніне қарай талап қою арқылы іс жүргізудің көптеген ережелері азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері болып табылады. Азаматтық сот ісін жүргізу істерінің екі түрін қарастырып, шешкен кезде талап қою арқылы өндірістің сол ережелері қолданылады, бірақ та азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен бекітілген бөлек өзгерістері мен толықтырулары болуы қажет.
Азаматтық істер бойынша талап қою арқылы іс жүргізу АІЖК – нің 8-бабының 1, 2 тармағында көрсетілген субъектілердің бірін сотқа талап қою жолымен қозғалады.
Соттар талаптық істерді азаматтық, отбасылық, еңбектік, мүліктік, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер құқық қатынастардан шығатын даулар бойынша, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудағы қатынастар мен өзге де құқықтық қатынастар бойынша, соның ішінде бір жақтың екіншісіне билік арқылы бағынуға негізделген қатынастар бойынша қарастырады.
2.Талапты толтыру, оның бөліктері. Талаптың кемшіліктерін жою тәртібі
-Талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 169, 170, 171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.
-Сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес. Егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді.

-Талап қоюдың негізі немесе нысанасы өзгерген, талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған немесе азайған кезде істерді қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептеледі.


3.Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары
Азаматтық істі қозғау – бұл жалпы іс жүргізудің бірінші және өте маңызды сатысы. ҚР АІЖК-нің 8 – бабы бойынша жеке және заңды тұлғалар,
прокурор, мемлекеттік органдар талап арыз беру арқылы сотта іс қозай алады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
К.С. Юдельсонның пікірі бойынша азматтық істі сотта жүргізу - деп істі дұрыс қарап шешу кезінде орын алатын бір бағытта жылжитын және өзара мәндес бірін-бірі алмастыратын іс әрекеттер айтылады. Азаматтық істі сотта талқылау және қарап шешу белгілі тәртіп бойынша кезек-кезегімен өтетін әрекеттерден және бөлімдерден тұрады. Азаматтық істі сотта қозғау – өзінше жеке бөлім, яғни істің алға жылжуын қамтамасыз ететін бірінші кезекте жүзеге асатын маңызды процессуалдық ірекеттердің жиынтығынан тұрады . Ал М.С. Шакарянның пікірі бойынша азаматтық істі қозғау бұл істі сотта қарап шешу кезіндегі оның құрамдас бөлімі ғана. М.К.Треушникованың пікірі бойынша - азматтық істі қозғау бұл– азматтық процесстің жеке бір сатысы. Азаматтық істі сотта қарап шешу кезінде орын алатын әр бөлімнің алдында тұрған белгілі бір міндеттері оларды бір-бірінен ажыратып ерекшелендіреді. Жоғарғыда айтылған пікірлердің негізінде азаматтық істі қозғау бұл бірінші сатыда істі қарап шешудің бір бөлімі деуге болады. Осындай пікірді де З.Х. Баймолдина келтіреді, яғни іс жүргізуде орын алатын бөлімдер олардың аяқталғандығымен ерекшеленеді. Азаматтық істі қозғау аяқталғандығымен
ерекшеленеді. Осы бөлімнен кейін азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бөлімі орын алады. Бұл бөлімнің басты мақсаты істі ең бастысы дұрыс және уақытылы шешілуін қамтамасыз ету болып табылады. Үшінші бөлім бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау болып табылады. Негізінен бірінші сатыдағы сот істі шешім шығарумен аяқтайды.
Ал Ю.К. Осиповтің пікірі бойынша іс жүргізуді бөлім ретінде емес, құқық қолданушылық кезең ретінде бөліп көрсетеді. Олар: Бірінші стадығы іс-жүргізу; апелляциялық тәртіпте іс жүргізу; қадағалау тәртібінде іс жүргізу; жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта істі қарау; атқарушылық өндіріс. Әр кезеңді үш бөлімге бөліп көрсетеді: қозғау; дайындау; істі мәні бойынша шешу. Біздің ойымызша бұлай бөлу жалпы тәртіпке сәйкес
келмей бөлімдердің аражігін ажыратуды қиындатады.
Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықан Республиканың Конститутциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды. Сот азаматар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты
( талапкерді немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, олардың міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіруге не мүліктерін өндіртуге мәжбүрлейді.
Азаматтық іс қозғау - азаматтық іс жүргізуде алатын орны туралы ғалымдардың екі түрлі көзқарастары бар:
1. Кейбір ғалым-процессуалистердің ойынша, азаматтық істі қозғау- азаматтық іс жүргізудің жеке дербес сатысы .
2. Азаматтық істі қозғау – бірінші сатыдағы соттағы азаматтық іс жүргізудің қосымша сатысы болып табылады.( М.А.Гурвич, Ю.К.Осипов,М.С.Шакарян).Жоғарыда айтылып кеткендей азаматтық іс сотқа белгілі бір мүдделі тұлғалардың жүгінуі арқылы қозалуы мүмкін. Ондай мүдделі тұлғалар немесе субъектілер АІЖК –нің 8-бабының 1 және 2-ші тармақтарында көрсетілген:
1. Әрбір адам (талапкер) өзінің құқығы мен бостандығын, заңды мүддесін қорғау үшін;
2. Мемлекеттік огандар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Прокурор өзіне жүктелген міндттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
4.Істі сотта қарауға әзірлеу: түсінігі, мақсаты, міндеттері және мерзімдері
Талап арызды қабылдау арқылы азаматтық іс қозғалғаннан кейін сот азаматтық процестің келесі бөлімі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар. Кез-келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің
жеке сатысы.
Ғалымдар мен судья-практиктердің көбісі істі сотта қарауға әзірлеу азаматтық іс жүргізудің жеке сатысы деп қарастырады. Енді біреулері істі сотта қарауға әзірлеу азаматтық іс жүргізудің сатысысының жеке бөлігі болып табылады дейді. Азаматтық іс жүргізудің 166-бабының 1-тармағына сәйкес істі сотта қарауға әзірлеудің мақсаты — істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Г.А. Жилиннің пікір бойынша: Сотта істі қарауға қатысты істі сотта қарауға әзірлеу қосымша, қызметтік мағынаға ие болады. Себебі ол тек істі дұрыс және уақытылы шешілудің қажетті негізін қалауға немесе жасауға бағытталған. Сондықтан істі сотта қарауға әзірлеудің істі сотта қарауға және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысты жалпы мақсаты жеке және сатыаралық болып табылады.
Істі сотта қарауға әзірлеу әрбір азаматтық іске қатысты міндетті болып табылады АІЖК-нің 166-ші бабының 2-тармағы сәйкес, Істі сотта қарауға әзірлеудің жоқтығы немесе нашарлығы бірінші сот отырысында дауды шеше алмайды, сондықтан істі қарау кейінге қалдырылып, оны қараудың мерзімдерінің бұзылуына, тіпті, заңсыз және негізсіз шешімдердің шығарылуына әкеледі.
Істі әзірлеуді судья талап арызды қабылдаған сәттен сот отырысына дейін жеке дара жүргізеді, сонымен қатар әзірлеу жұмыстары іс кейінге қалдырылған сәттерде де сот отырыстары арсында жүргізіледі. Істі сотта қарауға әзірлеудің міндетті міндеттері мыналар:
1.Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау.
2.Тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау.
3.Іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу.
4.Әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Істі сотта қарауға әзірлеудің міндеттерін талдай келе Г.А. Жилин мынаған көңіл аударды:
1. Іс жағдайын анықтау, ол өз кезегінде істің дұрыс және уақытылы шешуде маңызға ие болады. Яғни сол жағдайларды анықтау және нақтылау - әзірлеудің жеке міндеттері болып табылады.
2. Сол жағдайлар тек қана анықталып және нақтыланып қоймай, сот отырыстарында ұсынылып, қаралу керек. Бұл АІЖК-нің 166-бабының 2-тармағының 4-тармақшасында Әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау деп көрсетіледі.
3. Заңнамада тура көрсетілген тәртіпте міндеттер жүзеге аспайды. Олар бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан бір уақытта да жүзеге асуы мүмкін.Қорыта келгенде істі сотта қарауға әзірлеу - істің дұрыс және уақытылы
шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.
Заң істі сотта қарауға әзірлеуге мерзімдер бекітеді.Осы сатыны процессуалдық рәсімдеу істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығару және сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығару арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізуде істі әзірлеу соттың өзіне тәуелді. Әзірлеу әрекеттерінжүзеге асыруға басшылық ететін судьяға істі қарау сапасы, жеделдігі және толықтығыүшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Әзірлеу әрекеттерінің құқықтық реттелуін процессуалдық форманың маңызды элементі ретінде қарастыру қажет. Судьялар сот өндірісінің қағидалары мен ережелерін бұзбауы керек. Азаматтық істерді әзірлеу сатысынан тұратын процессуалдық қатынастардың мазұны әзірлеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған судьямен жасалатын процессуалдық әрекетерден құрылады. Олардың шеңбері алуантүрлі және заңмен аятай белгіленуі мүмкін емес. Азаматтық іс жүргізу кодексі олардың жалпы тізімін бекітеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет