Студенттің Өзіндік жұмысы



Дата16.02.2022
өлшемі73,88 Kb.
#25709
Байланысты:
ФИЛОСОФИИИИЯ




Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика және психология кафедрасы Арнайы білім беру кафедрасы

 

 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ


Пәні : Философия

Мамандығы: 6B01901 Дефектология: Сурдопедагогика бойынша мамандар даярлау

Орындаған​: Маратова Сымбат

Тобы: 203

Қабылдаған : Джанкадыров С.С

______________ _____________ «____» ________________ 2021 ж.

(бағасы) (қолы)

 

Алматы, 2021



Үңгір аллегориясы

Аллегория деген не? Аллергория-белгілі бір мағыналы ойды астарлап , пернелеп сөйлегенде дерексіз ұғымдарды деректі, тұжырымды ұғымға айналдырады.



Ал енді Платонның «Үңгір аллегориясын» қарастыратын болсақ Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетімізді айтқан болатын. Ол нағыз дүниенің біздің жадымыздың қабылдап, түсінуінен әлдеқайда бөлек екенін жеткізген. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Платон осы нәрсені түсінген сәтте, бұл тұжырымдаманы қолдамады. Ол қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиет­терін бейқам да үстірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон үңгірдегі хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл – осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы.

Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ жартастан көрінген көлеңке шындыққа мүлдем жанаспайды. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде ұғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана – тіпті өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар.

Сахнаның сипаттамасы -“ үңгірдегі жерасты тұрғындары”.Оларға жарықты қосу және айналасына қарауға мүмкіндік бермеді.Үңгірде тұтқындар бар болғанымен оларға заттардың көлеңесінде көрсетпейді.Оларға атауларды атауға,көруге болады.Сондықтан тұтқындардың тек дауыстарын естуге мүмкіндік бар.Үңгірлер аллегориясы туралы Платон өте қарқынды және ашық өз идеяларын ашады.Яғни мыңдаған жылдар бойы әлемдегі философия болып табылатын пән,суреттер мен идеяларға толы. Платон Үңгір аллегориясын-әлемді қабылдау,мемлекет пен адамның өмірдегі орны идеялар білдіруге бір фрагменттің жолы болып табылады.

Тұжырымдамаға келетін болсақ, менің ойымша, Платонның үңгір аллегориясы біз, адамдар, өзіміздің сезімдеріміздің тұтқыны екенімізді сипаттайды. Біз әлемге нені көрсек тура солай қабылдау арқылы қараймыз, және біз заттардың шын мәнін ешқашан да біле алмаймыз. Оның үстіне, бұл бізге мұндай ойлау тәжірибелерінің көмегімен де берілмейді, өйткені олар қайтадан «қабылдауға» негізделген жүйе арқылы жүзеге асады. Біздің ойымызда нық пайда болған жоқ - олардың бәрінде объективті шындыққа сәйкес келеді деген ойдамын.



Қолданылған әдебиет:
«Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»

Авторы: Дерек Джонстон

Аудармашылар: Нұрышева Г.Ж., Әбдірасылова Г.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет