Табиғатты қорғау қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ



бет1/4
Дата28.04.2023
өлшемі19,13 Kb.
#87741
  1   2   3   4

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғат қорғау шаралары - қоршаған табиғат ортасына жағымсыз әсерді азайтуға, жоюға, елдің табиғат-ресурстық әлеуетін сақтауға, жақсартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған шаруашылық қызмет түрлері.
Атмосфера (гр. ατμός — «бу» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.
Литосфера — жердің қатты қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. 
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағыжер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. 
Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі.
Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны.
Ландшафт сферасы-жер бетін сызатын ландшафт кешендерінің жиынтығы, салыстырмалы түрде тар тікелей байланыс аймағы, литосфераның, атмосфераның, гидросфераның және биосфераның тікелей байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет