Шалғында жарықсүйгіш өсімдіктердің өсетінін білесің. Оларға ағаштар көлеңкесі түседі. Сөйтіп олар жойылады. Олардың орнына көлеңкесүйгіш, көлеңкеге төзімді өсімдіктер өседі. Біртіндеп бірлестіктер орнын ауыстырады. Шалғынның орнына орман пайда болады. Мұндай үдеріс ұзақ уақыт болады.