Тағыбергенова Ж. 2-курс студенті Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Л. О. Жақсылықова



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі165,13 Kb.
#2326

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ ОҚШАУ СӨЗДЕРДІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Тағыбергенова Ж.  

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Л.О. Жақсылықова 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қаласы  

 

Тілдің, категориялардың басқа түрлері сияқты жай сөйлемдердің де өзіне 

тән қалыптасу, даму  тарихы бар. Ғалымдардың пікірінше тіл мен ойлау бір-

бірімен  тығыз  байланысты.  Ойлаусыз  тіл,  тілсіз  ойлау  болмайды.  Ой 

атаулының  қандайы  болса  да  тіл  арқылы  тілдік  материалдар  арқылы  өмір 

сүріп, басқаларға біліне алады. Сондықтан да тіл – ойдың тікелей шындығы, 

ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады дейміз.  

Тілдік  категориялар  ішінде  ойды  білдіретін  бірден-бір  көрсеткіш  – 

сөйлем.  Сөйлемге  «біршама  аяқталған  ойды  білдіреді»  [1]  деп,  анықтама 

беретініміздің  себебі  де  сол.  Сөйлем  мен  ой  –  бірі  форма,  екіншісі,  соның 

мазмұны  ретінде  өз  ара  тығыз  байланыста,  берік  бірлікте  болатын 

категориялар.  Бұл  екеуі  де  –  қоғамның  өмір  сүрген  уақыты  бойына  болып 

келе  жатқан  және  сол  қоғамның  материалдық,  идеялық  дамуына,  соның 

қажетіне  қарай  бірте-бірте  дамып  отыратын  қоғамдық  құбылыс.  Сөйлем 

ойдың  формасы,  ой  сөйлемнің  мазмұны  болғандықтан,  бұл  екеуінің 

қалыптасу,  даму  тарихын  да  бірлікте  қарау  қажет.  Ой  дамып  жетілмеген, 

күрделенбеген  замандарда  күрделі  ойдың  көрсеткіші  болып  жай 

сөйлемдердің қызмет атқарғаны белгілі.  

Құрмалас  сөйлемнің  пайда  болуына  да  жай  сөйлемдер  негіз  болатыны 

анық.    Жай  сөйлем  адамның  ой  өрісінің,  дүние  тануының  кеңейіп,  күрделі 

ойлардың  туып  дамуына  байланысты,  сол  ойдың  көрсеткіші  ретінде 

қалыптасып  дамыған.  Тіл  дамуының  қазіргі  дәуірінде,  тілдерде,  солардың 

ішінде  қазақ  тілінде  де,  жай  сөйлемнің  неше  алуан  түрлері  кездеседі.  Бірақ 

солардың  бәрі  бірдей  белгілі бір  уақыт  ішінде,  бірден  пайда  бола  қалмаған. 

Олар  тілдің  өзіндік  ішкі  даму  заңына  лайықты  бірте-бірте  қалыптасып 

жетілген.  Осындай  адам  ойын  тасымалдаушы  құрал  болып  табылатын  жай 

сөйлемдерді,  олардың  құрылымдық  модельдерін  зерттеу  бүгінгі  таңда 

маңызды.  

Қазақ  тілінде  сөйлемдегі  оқшау  сөздердің  берілу  жолдары  дегенде 

тіліміздегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жасалу жолдары  туралы сөз 

болады.  

Қазақ  тілінде  қаратпақызметінде  көбінесе  кісінің    аты-жөні,  туыстық 

немесе  қоғамдық  қатынаста  қолданылатын  жалқы  есімдер  атау  септігінде 

немесе  көптік,  тәуелдік  жалғауларымен  келіп  қолданылады.  Көркем 

әдебиетте  жансыз  зат  есімдер  жанды  заттың  баламасы  ретінде 

субстантивтенген  басқа  сөз  таптары  да  қолданылып,  олар  құрылымы 

жағынан жалаң , күрделі, жайылма болып келеді. Біреуге жылы лебіз білдіру 


WWW.ENU.KZ

 

 



үшін  немесе  жасы  кішіге  айтылатын  сөздер  қазақ  тілінде  қозым,  қалқам, 

сәулем т.б. сөздер І жақ тәуелдік жалғауымен қолданылады.   

Үлкенге құрмет көрсету үшін қазақ тілінде жалқы есімдерге -еке, -ке, -қа 

тұлғаларын  тіркестіріп  білдіруге  болады.  Қазақ  тілінде  кішіге  ізет  ретінде 

қолданылатын -ш,-қан, -тай, -жан  жұрнақты сөздер арқылы беріледі. Қазақ 

тілінде  әдеп,  ізеттілік  үшін  әлеуметтік  мәнде  қолданылатын  сөздер  -й 

жұрнағымен беріледі.  

Қыстырмалардың  қызметінде  көбінесе  модаль  сөздер  мен  модальдік 

мағынадағы  сөздер,  сөз  тіркестері,  сөйлемдер  жұмсалады.  Қыстырмалардың 

ерекшелігі:  ІІІ  жақ  тәуелдік  жалғаулы  модаль  сөздер  жұмсалады;  тәуелді 

септеудегі  жатыс  жалғауымен  тұлғаланады;  -са,  -ше  тұлғалы  қыстырмалар 

арқылы беріледі.  

Қазақ  тілінде  ойдың  кімнен,  қайдан  екендігін  білдіру    үшін  -ше 

тұлғалары  жұмсалады.  Қазақ  тілінде  кірме  қыстырмалар  да  кездеседі.  Жай 

сөйлем  құрамында  оның  мүшелерімен  байланысатын,  яғни  олармен  тіркес 

құрап грамматикалық байланысқа, бағыныштылыққа түспейтін, тек олармен 

мағыналық  қатынаста  ғана  тұратын  сөздер  мен  конструкциялар  да  болады. 

Бұлар  сөйлем  мүшесі  қызметінде  жұмсалмайды,  сөйлем  арқылы  айтылатын 

ойды  әр  жақты  толықтап,  әр  түрлі  мағына-мәндерін  ашып,  дәлдеу  қызметін 

атқарады. Сондықтан олар сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, өздеріне 

тән  ерекше  интонациямен  айтылады.  Осыған  байланысты  оларды  оқшау 

сөздер деп атайды.  

Оқшау сөздер мағыналары мен грамматикалық белгілеріне қарай қаратпа 

сөз,  қыстырма сөз, одағай сөз деп үш түрге бөлінеді.  

Қаратпа сөз - сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөздердің бірі. 

Сөйлем  арқылы  біреуге  арнай  айтылатын  ойдың,  хабардың  кімге,  неге 

арналғанын  (адресатын)  дәлдеп  білдіру  үшін  жұмсалатын  сөз  не  сөз 

тіркестері  қаратпа  сөз  деп  аталады.  Кел,  балалар,  оқылық!  Арылма,  ӛлең, 

арылма.Домбырам,  күйден  жаңылма.  Қаратпа  сөз  өзі  тұрған  сөйлемнің 

мазмұнына  белгілі  мағыналық  байланыста  болады  да,  бірақ  сол  сөйлемдегі 

басқа сөздердің ешқайсысымен синтаксистік байланысқа  түспейді. Мысалы: 

Ой,Бәтес  мұның  не?  Естіп  тұрсын  ба,  Сұлтеке  мына  баланың  сӛзің?  Ӛзің 

біл,  балам.  Бұл  сөйлемдердегі  Бәтес,  Сұлтеке,  балам  дегендер  қаратпа 

сөздер.  Олар  сөйлемдегі  басқа  сөздермен  синтаксистік  байланысқа  түспей, 

сол  себепті  интонайия  жағынан  да  басқа  сөздермен  жекеленіп,  оқшау 

айтылып  тұр.  Бұл  сөздердің  сөйлемде  атқарып  тұрған  қызметі  -  айтылған 

ойдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын көрсету ғана.  

Қаратпа  сөз  қызметінде  көбінесе  жалқы  есімдер,  туыстық  қатынасты 

білдіретін  зат  есімдер  және  кейбір  эмоциональді  мәнді  есім  сөздер 

жұмсалады [2]. Олар көптік, тәуелдік жалғауларында атау септігінде де келе 

береді:  Элиза,  мықты  едің  ғой.Шыда!  Саржан  аға,  мен  сізді бір кӛрсем  де, 

ұмытқан  жоқпын.О  не  дегенің,  қарағым-ау!  Апа,  мен  ауылға  қайтпаймын. 

Айналайын, жиен- ай, тура қарашықұлыным. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Сөйлемде  қаратпа  сөз  атау  тұлғасында  тұрады.  Қаратпа  сөзді  атау 

тұлғалы бастауыштан ажырататын мынадай белгілер бар: 

-

 

Қаратпа сөз атау тұлғалы болғанымен, оның сұрағына жауап бермейді. 



-

 

Сол  сөйлемдегі  бірде-бір  мүшемен  грамматикалық  байланысқа 



түспейді. 

-

 



Сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы оқшауланып айтылады. 

Мысалы:  Назыкеш,  біздің  қосты  артқан  түйені  алып  қалшы,  қалқам 



(Назыкеш,қалқам сӛздері - қаратпа). Ал сӛйлемнің бастауышы-сен. Назыкеш 

Жабайдың аузына шалап тосты. (Назыкеш - сӛйлемнің бастауышы). 

Қаратпа  сөз  әсіресе  лепті,  бұйрықты,  сұраулы  сөйлемдерде  жиі 

қолданылады  және  осындай  қаратпалы  сөйлемдерде  бастауыш  көбінесе 

айтылмайды. Қаратпа сөз негізінде зат есімдерден болады.  

Кісінің аты-жөні болатын сөздер мен соның орнына қолданылатын  басқа 

жалпы  атаулар,  жануарлар  аты,  ал  поэзияда  жансыз  деректі,  дерексіз 

ұғымдарды  білдіретін  есімдер  де  қаратпа  сөз  болып  қолданылады.  Мысалы: 

Қарағым-ай,  тұршы тезірек. Қорықпа, бейшара! Күнім-ау, не істегелі жүр 

едің? Кәне,бәле, әкел қолыңды! 

Ӛзгеге кӛңілім тоярсың. 

Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! Уа, дүние-ай, қанат бітіп, құс боп 

ұшсам. 

Қаратпалар  сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді.  

Бірақ олар сөйлемнің қай жерінде тұрса да сөйлемдегі сөздермен байланысқа 

түспей (салалас, сабақтас), өз позициясын оңашалағыш және грамматикалық 

дербестігін  сақтайды  да    сөйлем  мүшесі  бола  алмайды.  Көтеріңкі  әуенмен 

айтылғанда көбінесе одағайлар қосылады: О, жарқыным, әнің тамаша екен! 

Қаратпалар кейде бағытты атап қана қоймай, айтылар ойдың алуан түрлі 

қорқу, жеку, қуаныш, сыйлау т.б. мағыналық қырларын көрсетеді. Яғни, ойға 

экспрессивті- эмоциональды мағына үстейді: Қарағым-ай, сен бе едің?! - деді 

Күңше.  Мұндай  мағыналық  қырларды  беруде  интонация  ерекше  рөл 

атқарады.  Қаратпа  сөздердің  стильдік  қызметін  ашып,  айқындайтын  амал 

ретінде жұмсалады.  

Қаратпалар  диалогта,  шешендік  сөзде,  үндеулерде,  көркем  әдебиетте, 

әсіресе,  поэзияда  өте  мол  қолданылады.  Нақтылық  мағына  беру  үшін  іс 

қағаздарында да жиі кездеседі. Қаратпа сөз жеке бір сөзден де, сөз тіркесінен 

де  болады  және  бірыңғай  боп  та  келе  алады.  Мысалы,  Иә,  сәлем  қайда, 

Бүркіт?  Сақтаған,  Нұрбек,  сендер  ӛз  үйлеріне  баратын  шығарсыңдар? 

Күрең ат, жабырқама, арқаң босар. 

Қаратпалар  құрылымы  жағынан  дара  және  күрделі  болады.  Бір  сөзден 

болғандары  дара,  бір  немесе  бірнеше  сөз  тіркесінен  жасалғаны  күрделі 

болады  [3]:    Қымбатты  достар,  сӛзімді  сіздерге  арнаймын!  Тыңда,  -  дала, 



Жамбылды. 

Күрделі  қаратпалар  дараланған  нақты  ұғымды,  дара  қаратпалар  тұтас 

жалпы  ұғымды  беруге  ыңғайланған:    Жолдастар,  ертең  клубта  жиналыс 

болады. Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіне! 


WWW.ENU.KZ

 

 



Қыстырма  сөздер  оқшау  сөздің  бір  түрі.  Сөйлемдегі  басқа  сөздермен, 

сөйлемнің  жалпы  мазмұнымен  мағыналық  байланыста    ғана    айтылатын, 

бірақ  синтаксистік  байланыста  айтылмайтын  оқшау  сөздің  түрін  қыстырма 

сөз  дейміз.  Мысалы,  Қайсардың  Қазікені,  сӛзсіз,  қазақ.  Сірә,  екеуі  де  себеп 



болған  тәрізді.  Шынында,  Ұлпанның  таңданып  келе  жатқандары  аз  емес. 

Оның ойынша, оқығандар - тек бай баласы. 

Қыстырма  сөздер  сөйлемдегі  сөздермен  грамматикалық  байланысқа 

түспей, олардан интонация арқылы  жіктеліп, бөлектеніп тұрады.  Сондықтан 

сөйлем  мүшесі  бола  алмайды.  Тек  айтылған  ойға  айтушының  жалпы 

көзқарасын,  хабардың  шығу  орнын  көрсетіп,  модальдық,  эмоциялық, 

экспрессивті  мағыналарды  береді.  Қыстырма  сөз  қызметінде  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  ғана  емес,  сөйлемдер  де  жұмсалады.  Бірақ  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінен    құрылымы  жағынан  өзгеше  болғаны  болмаса,  функциялық 

жағынан  бірдей.  Олар  сөйлемдегі  бір  мүшеге  не  жалпы  сөйлем  мазмұнына 

қатысты болады: Шіркін, ақын болсаң осындай бол! Кім біледі, бір күндерде 



сол ӛнерінің керегі де болар. 

Қыстырмалар  айтылған  ойға  алуан  түрлі  көзқарасты  білдірумен  қабат, 

модальдық,  эмоциялық  мағынасы  және  экспрессивті  белгіні  де  көрсетеді: 

Әрине, оның айтқаны дұрыс. Қыстырма сөз қызметінде модаль не модальдық 

мағынасы  бар  сөздер,  сөйлемдер  жұмсалады.  Қыстырма  сөйлемдер  сөйлеу 

және кітаби стильдерде өте кең қолданылады.  

Көркем  әдебиетте  кейіпкерлердің  сөйлеу  мәнерін  сипаттайтын  бейнелеу 

амалының  бірі  болып  саналады.  Сөйлеуші  я  жазушы  өз  сөзінің  ішінде 

қыстырма  сөзді  орынсыз  көп  қолданбағаны  жөн.  Айтайын  деген  ойдың 

түсінікті, айқын, тұжырымды болуына көмегі болатын жағдайларда орнымен 

қолдану  керек.  Қыстырманы  өте  көп,  ретсіз  қолдану  әдеби  тілдің  сөйлеу 

нормасын бұзады.  

Ғылыми іс қағаздары тіліне көбінесе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері 

тән.  Олар  қорытындылау,  жинақтау,  нәтиже  сияқтыларды  бөліп  көрсетіп, 

сөйлем  бөлшектірінің  арасындағы  қатынастың  логикалық  байланысын 

білдіреді. 

Сөйлемдегі 

кейбір 


сөздерге 

терминологиялық 

түсінік, 

комментарий, риторикалық сұрау, автордың ремаркасы т.б. көрсетеді. Кейде 

іс-әрекеттің  болған  орны  мен  мезгілін  де  білдіріп,  мән-жағдайды 

айқындайды. Ойға әр түрлі, толып жатқан мағыналар үстейтін болғандықтан, 

соған сай стильдік қызметі де кең. 

Қыстырма сөздер мынадай негізгі мағыналарда қолданылады: 

-

 

сөйлеушінің әр түрлі көңіл күйін білдіреді; 



-

 

айтылған ойға сенім, жорамал, күдік, болжау мәндерін қосады 



-

 

ойдың айтылу тәртібін жүйе, ретін білдіру, топшылау, қорыту мәнінде 



жұмсалады; 

-

 



айтылған  ойға  сөйлеушінің  өзінің я  басқа  біреудің  көзқарасын,  кімнің 

пікірі екенін қоса білдіру үшін жұмсалады; 

-

 

айтылған ойлардың өзара байланысын, жалғас ретін білдіреді. 



WWW.ENU.KZ

 

 



Адамның  көңіл  күйін,  сезімдерін  эмоциональды  бояулы  етіп  беретін 

ерекше  интонациямен  айтылып,  сөйлем  мүшелерімен  байланыспай,  оқшау 

тұратын сөздер одағайлар деп аталады. 

Одағайлардың  дербес  грамматикалық  тұлғалары  болмайды.  Белгілі 

сөйлем  мүшесі  қызметінде  жұмсалмай,  сөйлемдегі  ойға  жалпы  қатысты 

болады. Бұлар кейде жеке сөйлем ретінде не сөйлем құрамындағы оқшау сөз 

ретінде қолданылады: Әттегене-ай!  Алақай! Бәлі! Бәлі!- Қап!  Айымторыны 

неге ерте келмедің екен?                        

Одағайлардың  мағыналары  алуан  түрлі:  қорқыныш,  өкініш,  шаттану, 

қынжылу,  таңдану,  риза  болу,  жекіру  т.б.  Осы  мағыналарына  сай  олардың 

стильдік  қолданылу  реңктері  де  түрліше  болады.  Бұлар  көбінесе  диалогты 

сөйлемдерде  жұмсалады,  лепті,  бұйрықты  сөйлемдерде  көп  кездеседі.  Онда 

олардың мән-мағынасын ашып, көңіл  күйінің әр жақты қырларын айқындап 

тұрады: - Ой, байғұс бала-ай! Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау қан 

ішер Майбасар! - Әттең, осылардың бәрі біздің ауылда ӛсетін болса!     

Одағайлар  ойға  эмоциональды-  экспрессивті  мән  берудің  амал-

тәсілдерінің  бірі  ретінде  қолданылады.  Бұлардың  көбінесе  стильдік  мәнінің 

көрінетін  жерлері-  ауызекі  сөйлеу  тілінде,  көркем  әдебиетте,  әсіресе 

диалогтарда. 

Одағайлар  кейбір  көмекші  етістіктермен  тіркесіп,  күрделі  мүшенің 

құрамына  енеді.  Заттанып,    қосымшалар  қабылдап,  сөйлемнің  мүшесі  бола 

алады: Ешкіммен ӛмір бойы ай-шай деспеген соны кісі болады. 

Одағайлар эмоциялық құбылмалылыққа,  интонацияға өте бай. Олар (көп 

мағыналары) бірде созылыңқы, бірде баяу, бірде тез, жылдам айтылады. Бұл 

олардың  мағынасын  күшейту,  айқындау  мақсатында  жұмсалады,  стильдік 

қызметін  ашады.  Публицистік,  ғылыми  стильде  жазылған  шығармаларда 

одағайлар сирек кездеседі.  

Сөйлемдегі  оқшау  сөздер  сөйлемге  қосымша  семантикалық  жүк 

үстейтіндіктен,  тілдің  функционалдық  жағымен  тығыз  қарым-қатынаста 

болады.  Бұл  дегенімізоның  норма  ретінде  қалыптасуының  және  тіл 

бірліктерінің  дифференциалануы  мен  идентификациялануының  алғы  шарты 

болып табылады. 



 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 



Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы:  

Санат, 1994.  

2.

 

Әмір Р.  Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері.  – Алматы: 



Мектеп, 1977.  

3.

 



Балақаев  М.  Қазіргі  қазақ  тілі:  (Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем 

синтаксисі).−Алматы: «Ана тілі», 1992 

4.

 

Байтұрсынұлы А. Тіл құрал. Алматы., 1997 ж. 



5.

 

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.− Алматы: Ғылым, 1999. 



6.

 

Ерназарова  З.  Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық 



аспектісі. – Алматы, 2001.  

WWW.ENU.KZ

 

 



7.

 

Қазақ  грамматикасы.  Фонетика,  сөзжасам,  морфология,  синтаксис. 



Жауапты ред. Е.Жанпейісов. – Астана, 2002.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет