Тақырыбы : Газды тасымалдау Орындаған: Серік Азамат Нгдк спо 3/3 Тексерген: Космбаева Г.Т
Газ тасымалдау жүйесі - республиканың батыс бөлігінде дамыған. 60-шы жылдары көктей өтетін газ қубырларының кұрылысы басталған болатын, олар арқылы газ Батыс Қазақстаннан және Орта Азияның бұрынғы республикаларынан Ресейге жеткізілетін-ді. Ақтөбе облысының аумағы арқылы Бұхара - Орал арналық газ құбырының екі тарамы тартылды. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын Орталық Азия - Орталық газ қубырының 4 тармағы кесіп өтетін. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі арқылы «Одақ» немесе «Орынбор - Батыс шекара» газ қубырының 2 тармағы өтетін, олар табиғи газды Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін тартылған болатын; бүл құбырдан бір тармақ Орал қаласына дейін жеткізіліп, одан әрі Еуропа елдеріне кететін. Солтүстік Үстірт өңірінің газы Бұхара - Орал газ құбыры арқылы Орал кәсіпорындарына берілді.
Қазақстанның тұтыну-тұрмыс нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары газбен арналық газ құбырларынан және оның тармақтарынан қамтамсыз етілді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өнеркәсіптік түйіндері мен өзге де тұтынушыларына газ Бұхара газды алабынан Мүбарак - Ташкент - Шымкент - Бішкек - Тараз - Алматы газ құбыры арқылы жеткізілді. Ақтөбе және Қостанай облыстарына газ Бухара-Орал газ қубыры және оның Шалқарға, Ақтебеге, Алғаға, Жітіқараға, Рудныйға, Қостанайға т.б. тартылған көптеген тармақтары арқылы жеткізілді. Ақтау қаласының газға деген өнеркәсіптік және турмыстық муқтаждығын етеу мақсатында Өзен кенорнынан Өзен -Жетібай - Ақтау және Теңге - Жетібай ішкі газ құбырлары тартылған. Ақтөбе облысында Бұхара - Орал газ құбыры арнасына жақын маңда Базой жерасты газ қоймасы бар, ол газ тұтынудың маусымдық әркелкілігін реттеп отырады. 1981-1985 жылдары Қарашығанақ кенорнының газ-конденсатын Орынбордың газхимиялық кешеніне тасымалдау мақсатында 2 газ қубыры тартылды.
Тартылған газ қубырлары мыналар: Бейнеу (Маңғыстау облысы) - Александров Гай (Саратов облысы, Ресей); Бей- неу - Хива (Хорезм облысы, Өзбекстан Республикасы); Прорва (Маңғыстау облысы ) - Атырау; Кеңқияқ (Ақтөбе об- лысы) - Орск (Орынбор облысы, Ресей) т.б. Газдың мол өнеркәсіптік қорларының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі және капиталды аз қажет ететіндігі қысқа мерзім ішінде республиканың отындық балансы қурылымын газдың пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның газ енеркәсібінің даму перспективасы ете жоғары. Қазақстан Республикасы құбырлықтасымалының даму көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген. Республикада мұнай мен газды өндірумен қатар, оларды өңдеу, сейтіп әр түрлі отындар мен өзге де кемірсутек шикізаттарын шығару саласы да дамыл келеді. Қазіргі кезде республикада 3 мұнай өңдеу зауыты және 3 газ өңдеу зауыты жумыс істейді. Отын-энергетикалық бағыттағы мұнай мен газды өңдеу саласы Қазақстанда өткен ғасырдың40-шы жылдарында қалыптаса ба- стады. Республиканың мұнай өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы - Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1945 жылдан бастап Түрікменстаннан, Татарстаннан, Башқұртстаннан жеткізілген мұнайларды және Бакудың дизельдік дистиллятын өңдей бастады. Зауыт 1960 жылдан бастап Ембі кенорнының ауыр да шайырлы мұнайларын, 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын, ал 90-шы жылдардың басынан бастап Теңіз кенорнының мұнайын өңдейді. Зауыттың жылдық қуаты жылына 4,5-5 млн. тонна. Өңдеу тереңдігі 63%-ға жетіп отыр. Зауытты қайтадан жарақтау шаралары жүзеге асырылуда, муның өзі мұнайды өңдеу тереңдігін 85-92%-ға жеткізуге және автомобиль бензиндері мен дизельдік отынды Еуро-2005 стандартына сәйкес ендіруге мүмкіндік беретін болады. Республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарынның мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай өңдеу зауыты салынған, ол Қазақстандық және Ресейлік мұнайлардың аз күкіртті қоспасын отындық вариантта өңдей отырып, жылына 7,5 млн. тонна өнім береді. Өңдеу тереңдігі 82%-ға жетеді. Еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтары мұнай өнімдерімен Шымкенттің бұрынғы «Мунайоргсинтез» зауытымен қамтамасыз етіледі, бұл зауыт қазір «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» деп аталады. Зауыттың қуаты - жылына 6,5 млн. тонна, өңдеу тереңдігі 78%.