Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік



Дата06.06.2023
өлшемі14,19 Kb.
#99166

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 
университеті тарих факультеті 
5В016600-«География» 
мамандығының 4 курс студенті 
Іданова Шәмшияға
Мінездеме
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультеті 5В016600-«География» мамандығының 4 курс студенті Іданова Шәмшия Есенбайқызы, 2021 жылдың 01.09 – 10.12.2021 аралығында Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде қазақ 7«Ә» сыныбында география пәні бойынша педагогикалық іс -тәжірибеден өтті.
География пәні бойынша бектілген 7 «Ә»сыныбының жылдық жұмыс жоспарымен, кластардың әлеуметтік паспортымен, ондағы негізгі мағлұматтармен, өзге де әлеуметтік іс-құжаттармен жеке-жеке танысты.
Іс-тәжірибе барысында алдымен 7 «Ә»сыныбының география мұғалімінің сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтай отырып, география пәні бойынша физикалық география бөлімінің «Литосфера»,Атмосфера бөлімі бойынша «Ауа райы және метеорологиялық элементтер», «Ауа райы және метеорологиялық элементтер 2-сабақ», «Ауа райы және метеорологиялық элементтер 4-сабақ», «Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері» тақырыптарында сабақ берді. Сонымен қатар 7 «Ә» сыныбының класс жетекшісімен тығыз байланыста болып, тәрбие сағатын өткізуге қатысты. 
Сыныпқа сабақ өткізіп үйренгені және тапсырылған басқа да жұмыстарға араласып, үлкен жауапкершілікпен орындай білді. Күнделікті география сабағын өткізуге ҚМЖ толық дайындап, көрнекіліктермен, АКТ қолдана отырып, сабақтарын жақсы деңгейде өткізді. Сынып оқушыларымен тіл табыса білді.Сыныпта ұйымдастырылған барлық іс-шараларға қатынасып отырды.
Болашақ маман  іс-тәжірибеден өту барысында өзінің білімділігімен, болашақ мамандығының қыр-сырын білуге деген ұмтылысымен көзге түсті. 
Шәмшия білім нәрімен сусындап жүрген өзі секілді студенттерге үлгі боларлықтай қасиеттері мол, мәдениетті, инабатты, адамгершілігі мол, берілген тапсырмаларын уақытында орындайтын, қазіргі заманға сай ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, сынға түсіністікпен қарайтын студент. Болашақта жақсы маман иесі болатынына сене отырып, мектепте өткізген іс-тәжірибесін «өте жақсы»А(90%) деп бағалаймын. 
Пән мұғалімі: _________________ Изимгалиева Р.Ш.
Мектеп директоры:____________________Наримбетова Г.М

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет