Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, білімгерлер, ардагер ұстаздар, қонақтар!
Уақыт деген ұшқан құстай, уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қаласың?! Кеше ғана 1 қыркүйек еді, енді міне, бір айдың қалай өтіп кеткенін білмей қалдық, 1 қазан - Қарттар күні мерекесі де келіп қалды.
Қайран, уақыт... Бүгінгі қарт, қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан. Ендеше, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақтарына үлгі, өнеге, таптырмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін колледжімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам»атты «Сыр сұхбат» өткізгелі отырмын. Олай болса, қонақтарымызбен таныстырып кетейін.
Бүгін бізде қонақта колледжіміздің ардагер ұстаздары қарттарымыз-Абилдаев Телғазы Кенесұлы және Жолдыбаева Баршакүл Төлеуқызы!
Құрметті ақ жаулықты ана ертеңгі ұрпағына өсиет айтар, тәлім - тәрбие берер қазыналы қарттарымыздың аталы сөздерін естіп, ертеңгі күнге сабақ алып, көп жылғы бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізді, асыл сөздеріңізді көкейімізге ұялату мақсатында ұйымдастырылған «Сыр сұхбат» алаңына қош келдіңіз!
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Сыр сұхбатымызды бастамас бұрын сөз кезегін колледжіміздің директоры Тоғжан Тохтарбайқызына береміз. Телғазы ағай, Баршакүл тати, біз бүгін көңілде жүрген сауалдарымызды қоя отырып өздеріңізбен әңгімемізді бастасақ;
1-сұрақ Ұстаздық мамандықты таңдауларыңызға не себеп болды? 2-сұрақ Бала кездеріңіздегі армандарыңыз қандай еді? 3-сұрақ Алғаш еңбек жолын қайда, қай жылы бастадыңыздар? 4-сұрақ Осы уақытқа дейін қанша түлектерді шығарып салдыңыздар? 5-сұрақ Сіздерді қатты ренжіткен шәкірттеріңіз болды ма? 6-сұрақ Сабақ беріп жүрген кезде есте қаларлықтай қызықты сәттер болды ма? 7-сұрақ Қазіргі білімгерлеріңіз сіздерді ренжітіп, шаршатып жүрген жоқ па?
8-сұрақ -Сіздер отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіздер?
9-сұрақ -Немерелеріңізді қалай еркелетесіздер?
10-сұрақ Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан қазіргі жастарға берер ақыл
кеңестеріңіз?
Жүргізуші: Жауаптарыңыз үшін көптен – көп рахмет. Сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ортамызға келіп, пікір білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.Жан – жақты білім бергендеріңіз үшін алғысымыздың шегі жоқ!
Телғазы ағай, Баршакүл тати , бүгінгі сыр сұхбаттан кейінгі көңіл күйлеріңіз қандай?
Смайлик арқылы көңіл күйін көрсету
Сый сияпат жасау, суретке түсу
Жүргізуші:Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған - айтқандай міне, біз өзіміздің ата -әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол,
мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!Қош сау, болыңдар!!!
№10 Шу колледжі