Тақырыбы: «Ауғанның от — жалыны»
Мақсаты:
оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: видиоролик,
Кездесу кештің барысы
1 Жүргізуші:
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты ашық тәрбие сағатымызды
Бірге: ашық деп жариялаймыз!
2 жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
1 Жүргізуші: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі.
2 жүргізуші Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
Бір сәтке экранға назар аударайық.
1 Жүргізуші: Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Ортада 5-6 «а» сынып оқушылары «Ауған соғысына қатысқан қазақстандық батырларға арнау»
2 Жүргізуші: Арманына жете алмаған ұлын ойлап
Ананың құрғамаған көзі жастан-демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.
Көрініс: «Мағынасыз соғыстың қасыреті» 5 «а» сынып оқушылары
1 Жүргізуші: Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
7 сынып оқушысы Тынымов Бекзаттың орындауында «Қазақстан, алға!» әнін қабыл алыңыздар
2 Жүргізуші: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
1 Жүргізуші: — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
«Сарбаздар биімен» 5 «а» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
2 Жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз.
1 Жүргізуші:
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.
Ән «Атамекен»
2 Жүргізуші: Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін!
1 Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл тәрбие сағаты оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше
Бірге : Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |