Тақырыбы: Қазақ мәдениетін танытатын мақал-мәтелдерді тізу, сұрыптау және сипаттама беру Орындаған



Дата11.04.2023
өлшемі64,4 Kb.
#81507
Байланысты:
Айнақұл Жадыра - 4 курс, ПД(араб бөлімі)СӨЖ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Шығыстану факультеті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ мәдениетін танытатын мақал-мәтелдерді тізу, сұрыптау және сипаттама беру




Орындаған: Айнақұл Жадыра
Тексерген: Ахметбекова А.К.
Алматы, 2019ж

Қазақ халқының мәдениетін танытатын көптеген мақал-мәтелдер бар. Қазақ халқы тәрбиеге үлкен мән береді . Яғни, сөздерді астарлап мақал-мәтелдермен жеткізген. Солардың бірі әдептілік туралы мақал- мәтелдер:




Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.


Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.


Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.


Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.


Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Бұл мақалдарда әдеп, тәрбиеөнеге туралы құндылықтар, адамдар қатынасы, яғни қоғамдағы қатынас нормалары қарастырылады. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Жалпы айтқанда , әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі.
Қазақ халқы әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай атамыз көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы. Сонымен қатар , әдеп тәриемен тікелей байланысты, яғни бұл ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы . Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет