Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Қазақ мәдениетін танытатын мақал-мәтелдерді тізу, сұрыптау және сипаттама беру
Орындаған: Айнақұл Жадыра
Тексерген: Ахметбекова А.К.
Алматы, 2019ж
Қазақ халқының мәдениетін танытатын көптеген мақал-мәтелдер бар. Қазақ халқы тәрбиеге үлкен мән береді . Яғни, сөздерді астарлап мақал-мәтелдермен жеткізген. Солардың бірі әдептілік туралы мақал- мәтелдер:
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.
Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.
Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Бұл мақалдарда әдеп, тәрбие, өнеге туралы құндылықтар, адамдар қатынасы, яғни қоғамдағы қатынас нормалары қарастырылады. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Жалпы айтқанда , әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі.
Қазақ халқы әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай атамыз көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы. Сонымен қатар , әдеп тәриемен тікелей байланысты, яғни бұл ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы . Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық.