Тақырыбы: «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»



бет1/4
Дата06.02.2023
өлшемі26,55 Kb.
#65454
түріБағдарламасы
  1   2   3   4



Тақырыбы: «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»
«Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейханның туғанына-150 жыл»
Мақсаты: Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш партиясы бағдарламасын қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайға сай салыстыра отырып, баяндау. Алаш партиясы тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау.
Көрнекілігі: Фото суреттер, слайд, бейнебаян, интерактивті тақта, шарлар, плакаттар.
1.ж «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани — зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 — 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстары сұрқия саясаттың құрбандары болды.


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.
2-жүргізуші : Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты–қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру.
2-жүргізуші: Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет