Тақырыбы: Қазіргі менеджердің бағдарламалық дағдылары



Дата26.12.2023
өлшемі23,26 Kb.
#143997

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:  Қазіргі менеджердің бағдарламалық дағдылары






Топ: 7М01601 Тарих
Орындаған: Шидатов Ә.Д
Тексерген: Игибаева А.К

2023жыл
Менеджменттің жаңа әдістемесінің мәні бір жағынан, басқарушылық рационализмнен, ұйымның табысты болуы ең алдымен өндірісті рационалды ұйымдастырумен, мамандарды дамытумен анықталады деген бастапқы түсініктен бас тартуда; екінші жағынан, стратегиялық басқаруды қабылдап, технократиялық ойдан арылуда. Менеджмент ұйымдағы адамдарды басқаруда қалай табысқа жету, ұжымды құру мен жетілдіру, оның дамуын қамтамасыз ету және қойылған мақсаттарға барынша тиімді әдістер арқылы қол жеткізу туралы ғылым болып табылады. Педагогикалық менеджмент ғылым ретінде басқарушылық еңбектің табиғатын айқындайды, себеп пен салдар арасындағы байланыстарды, адамдардың бірлескен еңбегі барынша пайдалы және жемісті болатын факторлар мен жағдайларды анықтайды.
​Басқару жеке қозғалыс траекториясы бар процестерге қатысты және ішкі көздер арқылы жүзеге асады (мысалы, педагогикалық процесс қатысушыларының көптеген түрлі бағыттағы мақсаттары). Бұл кезеңде білім беру менеджерінің міндеті қажетті жағдай жасауда, оларды мақсатты ізденіске қосу, осы тұтас процесті қабылдау қабілетін қалыптастыру, бөлек процестердің әрқайсысыларының дамуын қамтамасыз ету, оның негізінде жатқан қарама-қайшылықтарды анықтай алу, оларды шешу жолын табу, еш бұйрықсыз осы процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету.
Білім беруді, әсіресе педагогикалық процесті басқаруды жалпы қатаң регламенттелген әрекет деп түсіну негізсіз. Біз педагогикалық қызметті басқару қызметімен теңдестіруге ұмтылмаймыз, олар екі жеке дара маңызды қызмет түрі. Бірақ менеджердің басқарушылық қызметі объектісінің ерекшелігін ескере отырып, екеуара міндеттің теориялық тұрғыда келесідей табысты шешімін табуға болады: мектеп басшысы қызметін педагогикалық процесті басқарудың шынайы педагогикалық мазмұнымен толықтыру және мұғалім қызметінен басқарушылық аспектіні бөліп алу.
Білім беру менеджері қызметі табиғатынан көпқызметті, ол ұйымдастырушы, әкімшілік, зерттеуші, педагог, қоғам қайраткері ролін орындайды. Менеджер, дәлірек айтсақ, білім беру менеджерлері қызметінің құрылымы соңғы жылдары жиі зерттеу объектісіне айналуда.осы мәселе бойынша түрлі көзқарастар айналып келгенде құрылымына байланысты түсініктің әртүрлі трактовкасына әкеп соғады. Жалпы алғанда, білім беру менеджеір қызметінің белгілі бағыттарына сәйкес құрамы мен құрылымы болады, олар міндеттерінің ерекшеліктерімен анықталады. Мектепті басқару теориясында білім беру менеджері қызметінің құрылымын анықтауда келесідей тұжырым бар: менеджнр қызметі құрылымындағы қызметтер түрін орындай алу біліктілігі негізінде 4 блок арқылы көрсетіледі: 1) жетекшілік немесе басқарушылық, әкімшілік; 2) педагогикалық; 3) коммуникативтік; 4) зерттеушілік. 
Басқарушылық циклды орындай алу негізінде – ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-еріктік, жоспарлы-болжамдық, ұйымдастырушылық-орындаушылық, бақылаушылық-диагностикалық және түзету-реттеушілік функциялары арқылы жүзеге асады.
Менеджер қызметін сипаттаудағы зерттеудің осы бөлігінде біз үшін алғашқы екі блок – басқарушылық және педагогикалық – басты назар салуды талап етеді.
Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, тсхникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атауға болады. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б. жатқызамыз.
Мектепшіілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Басқарушылық ұғыммен қатар «жетекшілік» ұғымы да қолданысқа енген.
«Жетекшілік» түсінігін әлеуметтік басқарудағы көптеген теоретиктер қолданады: В.Г. Афанасьев, Д.М. Гвишиани, Г.Х. Попов, А.М. Омаров. Бұл ұғым А.М. Прокофьева, Ф.Г. Паначина, М.И. Кондакова, В.М. Коротова, В.Ф. Штыкало, В.Н. Ягодкина сынды педагог-зерттеушілердің еңбектерінде де кездеседі. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы директордың бүкіл басқарушылық қызметін сипаттайтын жалғыз термин болып келген еді (А.Н. Волковский, Н.И.Иорданский, Н.И. Новиков, Н.И. Соцердотов). Ал қазіргі таңда басқару мен жетекшілік түсініктерінің ара қатынасы туралы ортақ көзқарас жоқ: теңдестіретін ұғым бар, жетекшілікті басқарудың тар мағынасы деп бөлу, жетекшілікті басқарудың бір бөлігі деп түсіну. Біз зерттеу жұмысымызда “жетекшілік” терминін басқару функцияларының бірі ретінде қолданамыз және соңғы айтылған көзқарасты ұстанамыз: жетекшілік – басқарудың бөлігі.
Басқарудың қызмет ретіндегі ерекшелігі объективті факторларды ұғынумен байланысты: қоғам жағдайымен, басқару объектісінің даму ерекшеліктерімен, адам жүріс-тұрысының заңдылықтарымен. Кәсіби басқарушылық қызмет өзінің типі бойынша әлеуметтік-мәдени болып табылады, оның негізінде адами құндылықтар жатыр. Басым құндылықтар ретінде өнегелік қасиеттер болу керек: әділеттік, адалдық, адами намыс пен еңбек сүйгіштік.
Дегенмен, ұйымды басқару үшін тұлғалық қасиеттер жиынтығының болуы жеткіліксіз. Бұған қоса кәсіби деңгейдің негізі болып саналатын белгілі білімдер жүйесі қажет. Кез келген қызметтегі кәсібилік арнайы білім мен кәсіби дағдының үйлесімдігі нәтижесінде құрылады. Арнайы білімсіз арнайы қабілеттер мен тұлғалық қасиеттердің дамуы мүмкін емес. Ал осы арнайы қабілеттері мен арнайы басқарушылық білім бар білім саласындағы басқарушы тұлға, біздің жағдайда мектеп менеджері болып табылады. Мектеп менеджері өзінің басқарушылық қызметі процесінде нақты пәндік білімді игеруі керек, өйткені дәл осы білім бүкіл кәсіби біліктіліктің қалыптасуының іргесін қалайды. Білім беру менеджеріне қажетті білімдер – менеджмент негіздері. Өзінің басқарушылық қызметінде минималды шығынмен максималды нәтижеге жету арқылы табысқа ие боламын деген менеджер, менеджменттің заманауи технологияларын білумен қатар оларды қолдануы керек, себебі менеджмент негіздерін білу білім беру мекемелерін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді (адам ресурстарын тиімді пайдалану, ұжым мүшелерінің жауапкершілік сезімі мен процеске араласуға ынтасын дамыту, ұжымды басқарудың әдіс-тәсілдерін, модельдерін, принциптерін қолдану). 
Менеджмент негіздеріне басқарушылық ой жаңалықтарының элементтері енгізілген: жаңа әдістеме, өзге құндылықтар мен басым жүйелерге негізделген басқару саясаты. Білім менеджерлерін даярлауды әдістемелік, ғылыми жағынан жетілдіру осы саладағы әрбір маманның міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет