Тақырыбы: Допты ұстауға, соққыларға үйрету. Жұп, үш есе, қысқа жолмен беру. Тактикалық шабуыл жасау



Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22995

Тақырыбы:Допты ұстауға, соққыларға үйрету. Жұп, үш есе, қысқа жолмен беру. Тактикалық шабуыл жасау.

Тексерген: Султанов И

Орындаған: КЯЛ-19-1 студенті Атшыбай гүлмаржан


Футбол

тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазіргі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халықтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.

Футбол

атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік – жігерін шыңдайды.

ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді.

Соққы бер және тоқтат.

Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с.



Қабылдау және беру. 

Доп ортаға.

Қозғалыста 

Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.

Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м . ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.

ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.



Футболшылардың түрлі қозғалыстарының тәсілдері, әдістері жиынтыгы техника ұғымын  құрайды.

Футбол ұғымындағы техника қозғалыстарды, аялдауды, қайырылуды, секіруді, финтті, допты алуды, сонымен қатар спецификалық-техникалық қабылдауларды ұсынады. 

Техникалық қабылдауларда оқыту практикада келесі түрде күрделеніледі. Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқтатумен танысады.

Осы қабылдауды жүзеге асырып меңгерген соң 3х3, 4х4, 5х5, 6х6 ойындарына қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әр түрлі техникалық қабылдауларды уйренуге кіріседі.



Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бұрылып тұру қажет. 

Табанның ішкі жағымен берілген соққы табысты болып табылады.

Қабылдаулармен танысқаннан кейін оны практикада жасап көрумен аяқталады.

Бұл соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді.

 Аяқпен допқа соққы беруді үйрету

Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бұл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн:қимылсыз тұрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дұрыстығына назар аудару керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдауларға сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі.

 

Тактикалық шабуыл жасау

Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.

Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.

команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі  көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.
  • Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді.
  • Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді.
  • Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет