Тақырыбы: «Әдеп және әдет» Мақсаты



бет3/3
Дата24.02.2022
өлшемі21.18 Kb.
#26283
1   2   3
Қиындылар.


Мұғалім:Қоғамның үлкен байлығы - әдепті адам, себебі қоғамда, тіпті шағын ұжымда, не сыныпта әдепсіз бір адам болса ол өзіне ғана емес, сол ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді»,-дейді.

Қатардағы қарапайым кісінің жақсы адам болуының жолы - әдептілік, инабаттылық үрдістерін үйрету, бойына дарыту болып табылады. Өйткені әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес, халық:

Баулытынды батыр болады,

Үйретінді шешен болады,

Көре-көре көсем болады-

дейді.Яғни, жеке адам өзінен-өзі әдепті болып шыға келмейді, әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан, ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады. Мысалы: грек философы Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылыстанудан гөрі жаттығудың рөлі зор»-дейді.

Әлем деген ауқымы кең сөз. Бір сағатта әлем сөзінің мағынасына еніп, оны шарлап шығу мүмкін емес.

Әдеп – этика (грекше этнос, қазақша ғұрып) деген сөзден шыққан. Бұл тұңғыш рет ғылымға ежелгі грек философы Аристотель тарапынан енгізілген. Одан бұрын да дүниенің төрт бұрышында әдеп жайлы талай жәдігерліктер дүниеге келген. Әсіресе шығыста әдеп, мінез-құлық, адамгершілік туралы трактаттар мол болған.

Адам ажарлы, ақылды, қайратты, сұлу, білімді болуы мүмкін, бірақ ол әдепті болмаса, қаншалықты мансап, атақ-дәрежеге жеткенмен бәрібір қадірлі, айтулы, көргенді адам атана алмайды. Оған мысал Наполеон туралы дерек...(Талейронмен диалог).

Алтыннан асыл әдеп бар.

Күші асқан залым халықты.

Сыйлатам деп жылатар.


Әдепті адам өз басын

Сүйдіргеннен сыйлатар.

Болайын десең мақтаулы

Биязы болып әдеттен

Дәулетің таймас өмірде

Сыпайы сырбаз әдептен.

 Ұлықпан хәкімнің әңгімесінде: Анушируан Әділ (531-579) патша уәзірі Бұзұрғмехрденнің әдепті адам кім деген сұрағына: «Қашан, қайда барса да адамдар жақсы қабыл алатын кісі»,-деп жауап берген.

Әдептілік дегеніміз ұнамды қарым-қатынас жасай білу. Әдеп адамның өмір сүру тәсілі мен жасына байланысты өсіп кемелденеді.

Ұлы Абай: «Қолымда билік болса, адам мінезінен жөндеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен.

Әдеп амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп-кескінін тану, бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру.

Сәлемдесудің әдеп ретінде ең басты шарты – жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Қабағын түйіп, жүзін суытып немесе естілер естілмес міңгірлеп ернін жыбырлата салу көргенділік емес.

Әдептіліктің негізгі парасының бірі орынды қисынды сөйлеу. Шынында да адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуіне сөздің атқаратын рөлі зор.

Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше дегендей адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, өзгені де, өзін де сөзі арқылы таниды. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» деуі жылы сөздің қаншалықты керемет екенін аңғартады.

«Тәтті айтқанда бал тамған, ащы айтқанда қан тамған», «Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады» немесе «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз», «Қаһарлы сөз, қамал бұзады» деген сөздердің өзі сөйлей білудің зор маңызын аңғартады.

Әсем сөйлеуге халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе терең ойдың інжу-маржанын жетік біліп, сырына үңілу арқылы жаттығып төселуге болады . Халық: «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды»-дейді.

Мейірімді болу жеткіліксіз, оған қоса тағы әдепті болу керек. (А.Алшель). Дөрекі болу - өз басыңның қадір қасиетін ұмыту деген сөз. (Н.Г.Чернышевский). Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен. (Халық). Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ. (С.Сараии). «Осыншама әдептілікті кімнен үйрендіңіз?» деп сұрағанда Лұқпан Хакім: «әдепсізден үйрендім»-депті. (С.Сараии). Шын мәдениетті адам болудың бірден-бір жолы өзіңнен бұрынғы буыннан дұрыс тәрбие алу, дұрыс үлгі көру. (Е.Букетов).

«Ассалаумағалейкүм» деп дидар несіп еткенде,

Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде,

Күн нұрындай сәлеміне адамның,

Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе? (Ш.Аяпов).

Исламның ең жақсы сипаттары: «Аштарға тамақ беру, Танитын, танымайтындарға сәлем беру». (Хадистерден).

Әдептіліктің алды – сыпайы сөйлеу. (А.Югнаки).

Анық сөйлей білмесең, анық айта да алмайсың, шатастырушылық ойдың шиеленісуінен келіп шығады. (Н.Г.Чернышевский).

Жылататын да, жұбататын да – сөз. (Б.Момышұлы).

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңе кетпейді. (Төле би).

Мақал-мәтелдер

Бала тәрбиесі бесіктен.

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Итті күшігінде үйрет.

Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы-тіл.

Әдепті дегенше, әдемі десейші.

Әйел- әдептің әліппесі.

Тәрбие басы- тал бесік.



Сонымен, біз бүгінгі сағатымызда әдепті болу жолдары мен оған апаратын нақыл сөздерді паш еттік. Яғни, ата-бабамыздың ұрпағын «тек» деп өсіргені осы ғұлама халқымыздың сөздерінен бастау алғаны. Сәлемдесуден бастап әдептіліктің қаншалықты қажет екендігін ұғынғандаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет