Тақырыбы: «ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ»
ЖОСПАР:
Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары).
Жүсіп Баласағұн философиясындағы этика мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.
Саяси этика. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.
Аксиология – бұл құндылықтар ұғымын адам өмірін ынталандыруда бағыт-бағдар беруші, адам болмысының мән-мағыналық негізі ретінде зерттейтін философиялық пән. Әрі құнды дүниенің сипаттамасын, құрылымын, оны тану тәсілдерін және оның онтологиялық мәртебесін, сондай-ақ құнды пікірлердің табиғатын, ерекшелігін зерттейді. «Аксиология» терминін 1902 жылы алғаш француз философы П. Лапи енгізді және көп ұзамай осы жылы И. Крейбиг енгізген өзінің «бәсекелес» - «тимология» (гректің «құн» сөзінен) терминін ығыстырды, 1904 жылы Эдуард фон Гартман философиялық пәндер жүйесіндегі негізгі құрамдас бөліктердің бірі ретінде ұсынған. Аксиология – бұл құндылықтар ұғымын адам өмірін ынталандыруда бағыт-бағдар беруші, адам болмысының мән-мағыналық негізі ретінде зерттейтін философиялық пән. Әрі құнды дүниенің сипаттамасын, құрылымын, оны тану тәсілдерін және оның онтологиялық мәртебесін, сондай-ақ құнды пікірлердің табиғатын, ерекшелігін зерттейді. «Аксиология» терминін 1902 жылы алғаш француз философы П. Лапи енгізді және көп ұзамай осы жылы И. Крейбиг енгізген өзінің «бәсекелес» - «тимология» (гректің «құн» сөзінен) терминін ығыстырды, 1904 жылы Эдуард фон Гартман философиялық пәндер жүйесіндегі негізгі құрамдас бөліктердің бірі ретінде ұсынған. Әрбір жанның өмірдегі, қоғамдағы өз орнын білу және кісілік қасиетті құрметтеуі – адамгершіліктің көріністері. Адамгершілік – өмірдің де, ойдың да тұғырын ұстайтын тірек, көтермелейтін діңгегі. Адамгершілік қасиеті есеюді, еңбектене білуді үлгі-өнеге тұтады. Сол арқылы адамның кісілік келбетін таниды. Зерделі де рухани дүниесі терең адам өзіне де, өзгеге де жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан ол өз басындағы қадір-қасиеттерді, қабілеттерді, құндылықтарды одан әрі дамыта береді. Ең алдымен ол өз ісін үнемі адамгершілік тұрғысынан бағалап отырады.
Ежелгі грек этикалық ойының қалыптасуы философиялық дүниетанымның қалыптасу жағдайында орын алды. «Адам – барлық заттардың өлшемі...», деген ойды айтқан софистердің белгілі өкілі – Протагор болды. Жалпы, «Даналық және адамгершілікке» қатысты мәселелерді грек данасы, Сократ есімімен байланыстыру орынды болмақ. Қалыптасқан түсінік бойынша Сократтан бұрын ешқандай ойшыл осы мәселеге ден қойған емес. Себебі, бұдан бұрынғы ойшылдар тек дүниенің алғаш заты мәселелерін зерделеген. Ал адам мәселесін тұтас дүниеден бөліп алып, өзінше дербес күйде саралаған жоқ. Демек, Сократ алғаш рет тіршілік иесі мәселесін көтерген ойшыл. Жан әлеміңді тану адамды өзін-өзі тану сатысына көтереді. Пендеге ғана тән кісілік іс-әрекеттері оның жан сезімін көрсетсе, ал оның өмірдегі көрінуін сезу, тану, қолданған нәрселерді қабылдап, олардың мән-жайын тіршілік тәжірибесімен салыстыра отырып, пайымдауының нәтижесінен келіп шығады. Сондықтан да әр адам өзін-өзі танымайынша, ғаламды өз дәрежесінде түсінуі мүмкін емес. Жаратылыстың бөлшегі саналатын пенденің таным болмысы сол табиғат дүниесі тұрғысынан сараланады. Соған қарағанда, пенденің таным-түсінігіндегі ақпараттар дүниесі тек сол аяда ғана емес, өзінің ішкі рухани мәдениеті, өмірімен де зерттеледі. Әр пенденің кісілік мінезіне тән дұрыс не бұрыс қылықтары, көркемдігі әрі көріксіздігі, дәл жоғарыда атап кеткендей, өмірден алынған білім ғана емес, ең бастысы өз іс-әрекетімен сараланады. Өйткені, тіршілік иесіне дарытылған қасиеттер тек жақсы жағынан ғана молынан берілуі санаға сыйымсыз нәрсе. Ендеше, ойшылдың түсінігінде, адамша өмір сүру адамның өзінде, оның іс-әрекетінде: «Өз-өзіңді танып біл!», «Менің білетінім – менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалары мұны да білмейді!», деген қағидаларын ұстанған болатын.
Этика мәселесіне ерекше көңіл бөлген ойшылдардың бірі ол –Аристотель. Оның еңбектерінде (б.з.д. 384 - 322 жж.) антикалық этика өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Аристотельдің этиканың дамуына сіңірген еңбегі өте зор: ұғым атауын енгізді, этика мәселесіне қатысты 3 шығарманың авторы («Никомах этикасы», «Эвдемов этикасы», «Үлкен этика»). Аристотельде «этика» 2 мәнге ие: тар мағынасында бұл этикалық ізгіліктер, ақыл-ой мен мінез-құлықтың кемел жағдайы; кең мағынасында ол саяси ғылым (яғни полис туралы ғылым).
Ал Ортағасырлық кезеңде, этика – антика философиясы мен дін идеяларының, діни ұстанымдардың басым әсерімен үйлесуінде. Геоцентризм – Құдай идеясы ортағасырлық этиканың ең маңызды реттеуші идеясының көрінісі болды. Ортағасырлық этикада сенушілерге міндеттелген құдай өсиеттері мораль негізі және қайнар көзі ретінде ұсынылған. Бұл Томас Аквинас жасаған арнайы құқық теориясында жақсы көрсетілген.
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының өкілі Қожа Ахмет Яссауи – жалпы түркілік мәдениет кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, ойлау мәдениеті мен дүниетанымдық жүйеде исламдық құндылықтар ұстанымындағы моральдық-этикалық ғылымның үлгісін ерекше көрсеткен болатын.
Ренессанстық дәуірде этиканың негізгі белгілері: антропоцентризм, гуманизм, индивидуализм. Антропоцентризм – сол кездегі адамгершілік тұжырымдамалардың негізі адамның іс-әрекеті және оның ынтасы болды; гуманизм – адамның жеке тұлға ретінде құндылығын мойындауға, оның бостандыққа, бақытқа, теңдікке, әділеттілікке құқығын бекітуге, адамның игілігін әлеуметтік институттар мен қатынастарды бағалау өлшемі ретінде қарастыруға негізделген; ең құнды, еркін және қайталанбас шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінетін индивидуализм (даралық ұғымы, авторлық ерекше өзіндік ерекшелік, шығармашылық жаңашылдық) туындайды. Этика көбінесе моральмен бірдей мағынаны білдіреді. Өзіндік мәнде бұл – моральды зерттейтін философиялық пән. Этика дәстүрлі түрде тәжірибелік философия деп аталады, өйткені оның мақсаты – білім емес, іс-әрекеттер. Мораль, әдептілік әдетте адамдардың мінез-құлқын реттейтін өлшемдер мен құндылықтар ретінде түсініледі. Этика философиялық білімнің өрісі ретінде доктриналық және өлшемдік әр түрлілікпен сипатталады. Атап айтсақ, стоиктер, Эпикур, Г.Гегель, Н.Г.Чернышевский, В.Соловьев, Г.Спенсер, Л.Толстой, М.Шеллер және т.б. өмірге әкелген түрлі этикалық жүйелер баршылық.
«Құндылықтар» ұғымын философиялық категория ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 60-шы жылдары неміс философы Герман Лотце енгізген деп саналады. XIX-XX ғасырлар тоғысында философия аясында зерттеу пәні құндылықтар болған ерекше пән – аксиология өмірге келеді. «Құндылықтар» түсінігін XVIII ғасырда И.Кант, XIX ғасырда Гегель, Шеллинг қолданған. Ницше әйгілі «құндылықтарды қайта бағалау» мәселесін тұжырымдады.
Ал, этика категориялары – моральдың маңызды элементтерін көрсететін этика ғылымының негізгі түсініктері. Этика категориялары тек теориялық құрылымдар ғана емес, әрі қоғам санасында стихиялы қалыптасқан түрде де өмір сүреді. Мәселен, мән-мазмұнына Аристотель талдау жасаған «әділеттілік» ұғымы әрбір адамның санасында, кез келген қоғам, әлеуметтік топтар санасында болады. Этикалық категориялар жүйесін анықтаудағы түрлі көзқарастардан жалпыға танымал, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызды категорияларды бөліп көрсетуге болады: жақсылық пен жамандық; игілік; әділеттілік; парыз; ар-ұждан; жауапкершілік; қадір-қасиет және намыс. Сонымен бірге, бұған өмірдің мәні, бақыт және т.б. жатады.
Утилитаризм (латын тілінен «utilis» - пайдалы) – пайдалы қызмет, мінез-құлықтың немесе әрекеттің моральдық құндылығы оның пайдалылығымен анықталатын этика бағыты, этикалық теория. Оның негізін қалаған – ағылшын моралисі И.Бентам. Оның пікірінше, әрбір іс-әрекет өнегелі болу үшін, адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Соның нәтижесінде ғана іс-әрекетпен «көп адамға үлкен бақыт» сыйлайсың. Әрбір пайдалы іс-әрекет астарында оның нәтижесіндегі рахаттану немес бақыт тұспалданады. Утилитаризм дегеніміз – этикалық теориялардың кезекті тобын білдіреді, өйткені ол әрекет өздігінен емес, оның нәтижелері бойынша бағаланады.
Қазақ философиясында XI ғасырдың данышпан ойшылы, көреген саясаткер Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (мағынасы құт әкелетін білім дегенді білдірсе керек) еңбегінің басты мақсаты – адамзат баласын адамгершілік, имандылық сияқты асқақ абзал қасиеттерге ұмтылдыру болды. Жүсіп Баласағұн шығармасында басты кейіркерлердің өзара сұхбаты тұрғысынан ел басқару өнері, ел билеу істері жөнінде өзінің филососфиялық ой түсініктерін көрсете білген: Күнтуды – әділет, Айтолды – құт, дәулет, Өгдүлміш – ақыл, парасат, Одғұрмыш – қанағат. Сол кездің өзінде адамзат баласының ең басты дәулеті, байлығы – білім екендігіне, оның елге пайдасы мол әрі бақытқа жеткізетін бірден бір жол екендігіне баса назар салынған. Қазіргі таңда елімізде қолға алынып жатқан бағыт-бағдар, іс-әрекеттердің бастауы осында жатса керек. Енді этиканың түрлеріне тоқтала кетсек, бірінші саяси этика –яғни, саяси қызметтің принциптері мен нормаларының этикалық жағын философиялық түсіну, нақты саяси проблемалар мен жағдайлардың этикалық құрылымын, саяси іс-қимылдардың моральдық негіздері мен оң мақсаттарын нақтылау. Саяси этика дамуына елеулі үлес қосқан ойшылдыр: Платон, Аристотель, Цицерон, Ф.Аквинский, Макиавелли, Т.Мор, Т.Гоббс, Шарль де Монтескье, И.Кант, Г.Гегель, М.Вебер.
Кәсіби этика – адамның өзінің кәсіби борышына деген көзқарасын анықтайтын моральдық қағидалар жиынтығы. Кәсіби этика адамдардың еңбек саласындағы адамгершілік қатынастарын реттеуге бағытталған. Заңдылықтардан басқа қандай да бір кәсіби қызмет қалыптасатын моральдық принциптері бар қоғам дұрыс өмір сүреді және дамиды. Кәсіби этика философиялық тұрғыдан алғанда мінез-құлықтың жалпы адамзаттық моральдық-этикалық принциптеріне негізделеді, яғни не дұрыс, не бұрыс саналатын мораль мәселелерін қамтиды.
Бүгінгі таңда іскерлік қарым-қатынас этикасы деп жалпы қабылданған адами құндылықтарға негізделген және бір компанияның мүшелерін біріктіретін ережелер жүйесін атайды. Әдетте, бизнестегі этика оның қызметкерлерінің мүдделерін ғана емес, сонымен қатар мақсатты аудиторияны, әлеуетті және нақты серіктестерді, тіпті бәсекелестерді құрметтеуге сүйенеді. Бизнес этикасы іскерлік адамның келесі басты қасиеттерін болжайды: алқаластық сезімі, парасаттылық және адалдық, конструктивті сынға қабілеттілік, құзыреттілік және кәсіпқойлық, лауазымға сәйкестігі, жанжалсыздық, меншік құқығын құрметтеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, хабардарлық, корпоративтік, әлеуметтік жауапкершілік.
Достарыңызбен бөлісу: |