Ток көздерінің түрлері қолданылатын салалар



Дата21.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#24173

Ток көздерінің түрлері қолданылатын салалар

Төлеубай Перизат

Тұрақты ток

Қазіргі таңда техника салаларын электрсіз елестету мүмкін емес. Сол арада, электрлік аппараттарға деген талаптар мен қоректендіретін токтың түрі де тығыз байланысты. Айнымалы ток бүгінгі уақытта бүкіл әлемге таралғанымен, тұрақты ток та өз қолданыс аясынан шыққан емес.

Гальвани элементі


Тұрақты токты іске асырудың алғашқы көзі ретінде гальвани элементін қарастыруға болады. Гальвани элементі бір бағытта қозғалатын электрондар ағымына негізделген тұрақты токты химиялық жолмен береді. Осыдан атауы да «тұрақты ток» деп берілген.

Электротранспорттар


Алдымен электротранспорттың жүк қозғалтқыштарынан бастайық. Метро, троллейбус, теплоходтар дәстүрлі түрде тұрақты токпен қоректенетін қозғалтқыштардың көмегімен қозғалысқа түседі.

Айнымалы кернеу қосалқы жүк станциясында түзеледі де, түйіспе желіге өтеді, — осылай қоғамдық электротранспорттарды қоректендіретін тұрақты ток алынады. Теплоходтарда қозғалтқышты қоректендіру үшін керек электр тұрақты токқа негізделген дизель генераторынан алынуы мүмкін.


Металлургия

Металлургия зауыттарындағы қуатты көтергіш крандар да тұрақты ток моторларын қолданады. Сонымен қатар, крандардан бөлек экскаваторлар да тұрақты ток моторларымен жұмыс істейді.

Техника


Коллекторсыз тұрақты ток қозғалтқыштары жоғары айналу жылдамдықтарын арттыруға қауқарлы, минутына мың, оң мың, тіпті жүз мың айналым жасай алады. Cондықтан да жоғары жылдамдықты тұрақты ток қозғалтқыштарын қатқыл дисктерге, квадрокоптерге, шаңсорғыштарға және т.б. орнатады.

Қолымыздан түспейтін электронды гаджеттердің бәрінде дерлік тұрақты кернеуді өткізетін және зарядтау құрылғыларынан тұрақты токпен зарядталатын литий аккумуляторы бар.



Cонымен, біздің түсінгеніміз, құрылғылардың біршама бөлігі толықтай немесе жартылай болса да аккумулятордан тұрақты токпен қоректенеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет