Тақырыбы: Этникалық ой толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары



бет1/2
Дата18.03.2022
өлшемі18,34 Kb.
#28390
  1   2

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Өсөж


Тақырыбы: Этникалық ой толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары

Орындаған: Сұлтан Динара

Факультет: Филиология

Топ: Қтә- 103.

2020-2021

Этникалық ой толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары

Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі.       

 Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді:



  • «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»;

  • «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»;

  • «Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады»

      Абайдың этикалық көзқарасын  сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше  көңіл бөлу керек. Ол ақынның  гуманистік және диалектикалық  түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік  өмірге деген көзқарасының, бүкіл  шығармашылығының өзегі, қайнар  көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен  тікелей байланысты. Абайдың этикасы  - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды. Абайдың филосиялық, этикалық көзқарасында ерекше көңіл аударатын мәнді ұғым «өмір» мен «өлім» арасындағы мәңгі қайшылықты түсіну, түсіндіру, «Өлім деген не?», «Өмір деген не?», «Не өледі, не өлмейді?» деген сауалдарға ақын өз шығармаларында тиянақты жауап береді. «Өлім»деген ұғым туралы Абайдың ой толғамы, «Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды?» - деп, өлімнің мейірімсіздігін кесіп айтады. Әр адам өзінің бүгінгісі мен ертеңгісінің арақатынасын үнемі ойлап отыруының қажеттігін аңғарта келіп, ақын:

«Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ, 
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.


Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ»

деп, өз замандастарын «өмір« мен «өлімнің» арасын түсінуге шақырады. Адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда, «өлім деген не?», «өмір деген не?», «не өледі», «не өлмейді? деген сауалға да ойшыл ақын өзінше жауап береді. Абайдың этикалық, моральдық, адамгершілік идеалы, мұраты, принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілімен: «Адал бол - бай тап, Адам бол - мал тап, Қуансаң қуан сол кезде» деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады.       

   

       Шәкәрім — Абайдың жолын қуған інісі, ол өз өмірін жамағатының болашағына арнаған. Шәкәрімнің "Үш анығында":



Еңбекпенен, өрнекпен

Өнер  ойға тоқылса,

Жайнар  көңіл, қайнар өмір

Ар  ілімі оқылса.

     Моральды "ар ілімі" деп танитын Шәкәрім адамгершілік құлық хақында көп ой қозғайды. Ол адам жолы дегеніміз — адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек. Ар - ұжданның мазмұнын ынсап, әділет, мейірім құрайды деп түсінетін автор оларды адамптылық ұғымымен байланыстырады. 


Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:

Кірсіз  ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.

Бұл үшеуі біріксе, сорды  жоймақ

Шын бақ осы деп  бұған ақыл тоймақ —

     дей келе Шәкөрім жоғары құндылықтарды атап өтеді. 


Ар-ұждан тіпті о дүниеде де бар нәрсе деп есептейді. Оның бар екеніне дәлелсіз сену қажет. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ар-ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы сияқты!" — дейді Шәкәрім "Үш анығында":



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет