Тақырыбы: Жас ұландар – мақтанышы елімнің! Мақсаты



Дата10.11.2022
өлшемі17,89 Kb.
#49270

Тақырыбы: Жас ұландар – мақтанышы елімнің!
Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 
Құрметті Ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Жас ұландар – мақтанышы елімнің!» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл күннің мереке ретінде аталып өтуіне 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасына қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы себеп болды.
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылы 22 маусымда басталып 1945 жылдың 9 мамырында бітті.Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 77 жылдығы аталып өтуде.Ұлы Отан соғысының батырлары:
МОМЫШҰЛЫ Бау­ыржан (1910-1982). Жамбыл облысының Жуалы ауда­нын­да туған. Гвардия полковнигі. Соғыс жылдарында жеке басының қаһармандығымен, ұрыс жүргізудегі шеберлігімен көзге түскен. Сол кездің өзінде-ақ орталық баспадан оның әскери тұлғасын айқын бейнелеген А.Бектің «Арпалыс» повесі жарық көрген. Дивизия басқарған.
МӘМЕТОВА Мәншүк (1922-1944). Орал облысының Орда ауданында туған. Аға сержант. Пулеметші. Невель қала­сы үшін болған ұрыста ға­жайып ерлік көрсетіп, қаза тапқан.
МОЛДАҒҰЛОВА Әлия (1924-1944). Ақтөбе облы­сының Қобда ауданын­да туған. Ефрейтор. Мерген. 2-При­балтика майданында бо­лып, Псков облысының Но­во­сокольники станциясы ма­ңын­дағы шешуші шай­қас­та жауынгерлерді ұрысқа бастап, қаһармандықпен қаза тапқан.
Талғат Бигелдинов ( 1922-2014,) Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында туған.Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» хормен
1-оқушы
Тебіренді тауың, желпінді далаң,
 Көтерді көкке туларды ғалам.
Жеңістің ұлы күнімен сені,
 Құттықтау үшін келіп тұр балаң.
2-оқушы
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз
3-оқушы
Заманың алға басар да,
Тарихтан тағлым тыңдатты ой.
Адамдар үшін қашанда
Жеңістің құны қымбат қой!
4-оқушы
Сәулесін шашып түнекке,
Ысырып жауды жер-көктен.
Қасірет тұнған жүрекке
Жеңіс боп келді сол көктем.
5-оқушы
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
6-оқушы
Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін
Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
7-оқушы
Қолыңда пулеметті максим оның
Бойында жігер, қайрат тасқын оның
Ерлермен тізе қосып атакада
Оғымен жеңіс майдан ашты жолын.
8-оқушы


Ән: Ел қорғауға әзірмін.
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет