Тақырыбы: «Желтоқсанның ызғары-тәуелсіздіктің алауы» Мақсаты: Білімділік



Дата29.09.2023
өлшемі25,2 Kb.
#111391
Байланысты:
12.12.22 тарбие с 2B



Тақырыбы: «Желтоқсанның ызғары-тәуелсіздіктің алауы»
Мақсаты:
Білімділік
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Дамытыушылық- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Тәрбиелік- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тәуелсіздікке байланысты суреттер,шарлар,рәміз суреттері .
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндерме,ойын.
Барысы:
- Сәлеметсіңдер ме , оқушылар! Қалдарың қалай?Барлығыңызды келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
-Орнымыздан түрып ҚР-ның әнұранын орындайық.(балалар әнұран орындайды)
Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту.
-Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Желтоқсанның ызғары-тәуелсіздіктің алауы»атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу,еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу,осы тәуелсіздіктің қадірін білуге сендерді үйрету.
-Жалпы,тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? Тәуелсіз ел ешкімге,ешқандай елге тәуелді,бағынышты болмайды.Өз жері,шекарасы,әскері,мемлекеттік рәміздері,ұлттыұ ақшасы,мемлекеттік тілі,өз Ата заңы бар ел.
-Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті,жанын берді,бүкіл ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.Сондай жоңғар,қалмақ,немістерден,орыстардан қорғап,жауға төтеп беріп,еліміз бен жерімізді сақтап қалған Сырым Датұлы,Кенесары Қасымұлы,Исатай мен Махамбет сияқты батырларымыздың есімдерін мақтан етуіміз керек.
-1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.Қазақ елінде тәулсіздік таңы атты.Қазақ елі егемен ел болды.Бұл күн талай талай қилы заманды басынан кешіріліп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
-Ал енді балалар,Тәуелсіздік күніне арналған өлең жолдарымызды айтайық:
Ержігіт:Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық адам жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Қуаныш:Қазақ елім,Отаным
Өзіңсің менің мақтаным.
Отыз жылдығың құтты боп,
Ата берсін ақ таңың.
Айдана:Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіз ел жасаған
Аға,әпкелеріміз.


Алмас:Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ берді баршаға.


Еркебұлан:Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Нұрғила:Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн
Нұрдаулет:Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз,
Отан ортақ үйіміз ,
Көңілді ән мен күйіміз.
Жанатбек:Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып
Отаным жылдан жылға көркеюде.
2.«Қызықты мәлімет»Мәлімет беру.(видиоролик көрсету)
-Балалар қалай ойлайсыңдар?Не себепті Тәуелсіздік күні 16 Желтоқсан,неге басқа күні емес дәл осы күні мереке тойланады?
-Себебі бұл сол замандағы біздің еліміздің егемендігін алудағы Желтоқсандағы көтеріліске шығуына байланысты.1886 жылы17-18 желтоқсан аралығында Алматы қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,әміршіл- әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-әркеттері болады.Бостандыққа,тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Міне,сол желтоқсан оқиғасынан кейін тәуелсіздік күні деп осы 16 шы желтоқсан атап өтілетін болды.Міне,бүгінде осы тәуелсіздігімізге 31 жыл толды.

3.«Жұптық жұмыс»ойыны.(дұрыс/бұрыс ойын)
4. «Ой қозғау»(cұрақ-жауап)
1.Елордамыз Астананың көрнекі орны,Астана нышаны.(Бәйтерек)
2.Көк байрағымыздың авторы.(Ш.Ниязбеков)
3.Қазақстанның тұңғыш президенті.(Назарбаев)
4.Елтаңба авторы.(Ж.Мәлібеков)
-Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
(Оқушыларындың ойларын сұрау.)
5. «Көк тудың желбірегені» әнін орындату
6. «Кім жылдам?» топтық жұмыс.(пазл,сурет құрау)
7.Сергіту сәті(би билету,сергіту жаттығулар жасату)
Қорытынды
8. «Тәуелсіздікке байланысты сурет салу»Тапсырма.
9.Кері байланыс-стикерлер арқылы.
-Балалар,осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды.Енді сабақ соңында айтыңдаршы,бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар,қандай ой түйдіңдер,қандай жаңа мағлұматтар білдіңдер?
-Жарайсыңдар!Ал енді сабағымызды қорытындылай келе,дана халқымыздың
«Білегі мықты бірді жығады,білімі мықты мыңды жығады»деп атағандай,қиялынан қанат біткен,ойы ұшқыр,білімді жастар сендерсіңдер.Әрқашан да тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып,егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!
Тәрбие сағаты


Тақырыбы: « Тәуелсіздік – тірегім,Қазақстан-жүрегім»

Сыныбы: 2 « К»
Сынып жетекші: Мұқажанова Мөлдір


2022ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет