Тақырыбы: Көктем



Дата06.01.2022
өлшемі445,5 Kb.
#15642

Күні: 28.02.20ж

Білім беру саласы: Таным 

Білім беру бөлімі: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:  Заттарды салыстыру

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. 

Міндеті:

  • Білімділік: Біреу және көпке түсінік беру, ажырата білу.

  • Дамытушылық: сұраққа нақты жауап беру, дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелік: ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, бас бармақ әдісі.

Көрнекі құралдар: Қуыршақтар, түрлі алмалар, бантиктер, сумкелер.

Билингвальды компонент: Қуыршақ-кукла, көп-много, аз-мало, үлкен-большой, кіші-маленький

Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс — әрекеті

Балалардың іс — әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

 Балалар сендер қандай әдемісіңдер, жыл мезгілі де әдемі, күнімізде әдемі күн шығып тұр. Осы әдемілікті сезініп, көңіл көтеріп шеңберге тұрып алайық, әдемі ән айтайық.

Шаттық шеңбер:

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.


Ұйымдастырушы – ізденуші

Балалар бізге бүгін Таным елінен бір-бірімен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар қонаққа келіпті. Олардың ұқсастығы сондай, ажырату қиын. Бірақ жас ерекшеліктері әр түрлі.

Біздің барлығымыздың атымыз бар, сол сияқты бұлардың да есімдері бар.



- Ең үлкені – Айнур

- Одан кішісі – Риза



- Ризадан кішісі – Ақмарал



- Ақмаралдан кішісі – Айжан



- Ең кішісі Алида екен.


Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.

Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?

Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? (Айнур)



Жарайсыңдар балалар!

Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.


- Алмалардың түстері бірдей ма? (жоқ)
- Түстері қандай? (Сары, қызыл)
- Қандай алма үлкен? (Қызыл)
- Ал қандай алма кіші? (Сары)
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз? ( сары көп, қызыл аз)


Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
Ал енді балалар қуыршақтарға көмек көрсетейік әрқайсысына өз алмаларын тауып берейік.

Балалар, қараңдаршы қуыршақтардың алмасы дұрыс табылды ма?
– Өте жақсы.
Балалар құыршақтар бізге қонаққа келген кезде оларда өздерімен бірге сумке болды, қазір олар сумкелерді дұрыс ұстап тұрған жоқ. Қане балалар қуыршақтарға көмектесейікші.
Сергіту сәтті:

Капитан краб


Дидактикалық ойын:

«Қуыршақтың бантигін тап!»

Шарты: Қуыршақтың түсіне, пішініне қарап бантигін тауып қой.

Тәрбиеші апайдың артынан қайталайды.


Ойын ойнау

Рефлексивтік- түзетуші

Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?

Қуыршақтардың аттары қандай екен?



Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үлкен-кішіні, көп-аз ұғымдарын біледі.

Игереді: Түрін, түсін тауып орналастыруды.

Меңгереді: Орнын тауып салыстыруды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет