Тақырыбы: Күрек тістер



Дата25.11.2023
өлшемі480,96 Kb.
#126069

Тақырыбы: Күрек тістер


Қожа Ахмет Ясауи Атындағы Халықаралық Қазақ-түрік Университеті
Дайындаған:
Абуали Рахматулла
Қабылдаған
Есентаев Д
Тіс морфологиясы және физиологиясы.
Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады.
Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.

Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. 

  • Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. 
  • Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 28, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 азу тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азул тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады.
  • Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 азу тiс және 8 моляр тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады.

Тiстер негiзгi функциялары бойынша 4 түрге жiктеледi:
Кескiштер - балаларда шығатын алдыңғы тiстер. Азықтың кесуi үшiн пайдаланылады
Азу тiстер - асты бөлшектеу үшін және азықты ұстап қалуы үшiн қызмет көрсететiн конус сияқты тiстер
Премоляр (түбірдің алдындағы азу тіс)
Моляр тістер(түбірдегі) - азықтың қажалауы үшiн қызмет көрсететiн артқы тiстер.
Күрек тістер (резцы – dentes incisivi). Жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің пішіндері жиегі тегіс күрекке немесе қашауға (долото) ұқсас және осы топтағы тістердің ең ірісі болып табылады. Ерін және таңдай жақ беттері бір-бірімен қиылысып, тар тістеу қырын құрайды. Жаңа шыққан тұрақты тістердің тістеу қырлары өткір және онда 3 бұдырмақ орналасқан.
Түбірі конус пішіндес, ерін жақ беті таңдай бетінен кеңдеу, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Алдыңғы және бүйір беттерінде аса терең емес сайлар орналасқан. Тіс сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған. Түбір белгісі аса тұрақты емес, (бірде оң, бірде теріс), тіс түбірі көбіне артқы және бүйір бағытта иіледі.

Бүйір күрек тістер орталық күрек тістерден кішілеу, ерін беті дөңес, сауытының алдыңғы бұрышы доғалданған тік бұрышқа ұқсас, ал бүйір бұрышы анық доғал бұрышқа тең. Таңдай жақ беті ойық және үшбұрышқа ұқсас, оның екі бүйір қабырғасы білікке ұқсап қалыңдаған және тістің мойын бөлігінде бірігіп, биіктеу төмпешік құрайды.

  • Бүйір күрек тістер орталық күрек тістерден кішілеу, ерін беті дөңес, сауытының алдыңғы бұрышы доғалданған тік бұрышқа ұқсас, ал бүйір бұрышы анық доғал бұрышқа тең. Таңдай жақ беті ойық және үшбұрышқа ұқсас, оның екі бүйір қабырғасы білікке ұқсап қалыңдаған және тістің мойын бөлігінде бірігіп, биіктеу төмпешік құрайды.
  • Төмпешіктің ылдиында терең шұңқыр орналасқан, оны «тұйық тесік» (слепое отверстие –fоvea caеcum) деп атайды. Түбірі екі жағынан (алдыңғы және бүйір жағынан) қысыңқы келеді және беттерінде аса терең емес сайлар кездеседі, көлденең кесіндісінде сопақ пішінді. Тістердің «сауыт дөңестігі мен бұрыш белгілері» жақсы, ал түбір белгіcі нашар дамыған

Төменгі жақ күрек тістер: тіс қатарында көлемі жағынан жоғарғы күрек тістерден кішілеу. Сауыттары тік бағытта созылған, ерін жақ беттері аз ғана дөңес, таңдай беттері тік бағытта ойыс, жоғарғы тістердегідей бүйір біліктері болмағандықтан «тіс төмпешігі» жоқ.

  • Төменгі жақ күрек тістер: тіс қатарында көлемі жағынан жоғарғы күрек тістерден кішілеу. Сауыттары тік бағытта созылған, ерін жақ беттері аз ғана дөңес, таңдай беттері тік бағытта ойыс, жоғарғы тістердегідей бүйір біліктері болмағандықтан «тіс төмпешігі» жоқ.
  • Бүйір күрек тістердің сауыттары орталық күрек тістердікіне қарағанда көлемдірек және мойын бөлігінен тістеу қырына қарай кеңейіп отырады. Түбірлері жіңішке, екі жағынан (алдыңғы және бүйір бағытта) қысылған, беттерінде сайлары бар. Түбірдің бүйір бетіндегі сайы тереңірек. Тістерде сауыт бұрышы белгілері нашар дамыған.

Сүйір тістер (клыки – dentes canini) (6-сурет), жоғарғы сүйір тістердің пішіні конусқа ұқсас, алдыңғы топтағы тістердің ішінде ең жақсы дамыған тістер. Тістеу қырлары күрек тістердікіндей тегіс емес бір-бірімен бұрыш жасап бірігетін екі түзуден тұрады және оның алдыңғы бөлігі қысқалау. Олардың қиылысқан жерінде жақсы дамыған тістеу төмпешігі бар.
Ерін жақ беті дөңес, жіңішкелеу білікпен екіге (екі фасеткаға) бөлінеді. Алдыңғы фасеткасы кішілеу, ал бүйір фасеткасының көлемі үлкен. Тіл жақ беті дөңес және тік білікпен екіге бөлінген. Біліктің екі жағында да ойықтар, кейде шұңқырлар орналасқан.
Мойын аймағында білік үлкейіп жақсы дамыған «тіс төмпешігіне» айналады. Жанасу беттері үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың тістеу қырымен біріккен шың аймағы дөңес. Түбірі де жақсы дамыған конусқа ұқсас, екі жағынан қысылған, беттерінде сайлары бар, бүйір беті дөңестеу. Түбір ұшы иілген. Сауыттың «бұрыш және дөңестік белгілері» жақсы дамыған

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет