Тақырыбы: Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары
Металлургия— ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.
Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған.
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка селосының жанындағы Артемьев кеніші (жылына 1,5 млн.т мыс, мырыш және қорғасын кенін өндіреді)
Тарихы мен даму жолдары Металлургия
Түсті металлургия
Қара металлургия
Қазақстандағы қара және түсті металлургия өндіру кәсіпорны
Тусті металлургия өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен.
Қорғасын-мырыш саласы. Оның құрамына 12 кәсіпорын, соның ішінді 3 металлургия және 9 тау-кен байыту комбинаты кіреді.
Мыс саласы. Оның құрамына 3 кәсіпорын кіреді.
Алюминий саласы. Құрамына 3 кәсіпорын кіреді.
Алтын өндіретін кәсіпорындар. Оның құрамына 6 кәсіпорын кіреді.
Вольфрам-молибден саласы.
Титан-магний саласы
Сирек кездесетін металдар саласы
Республикада түсті металлургияның негізгі 7 саласы және 28 ірі кәсіпорындары бар.
Жезқазған түсті металлургия институты, 1970 ж. бөлек ғылыми-зерттеу кәсіпорындар лабораторияларымен «Гипротүстімет» институтының бұрынғы бөлімшесінің негізінде құрылған. 1987 ж. «Жезқазғантүстімет» ғылыми-зерттеу иституты негізінде «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.