Тақырыбы: «Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері»



Дата14.03.2023
өлшемі56,02 Kb.
#74402

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СӨЖ-2
Тақырыбы: «Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері»

2-курс, 7-топ


Орындаған:Джуманова Е.К.
Қабылдаған: Ерімбетова Ж.А.

Алматы,2023ж.


Кіріспе. Қазіргі таңда білім беру деңгейі жылдан жылға өзгеруіне байланысты технологиялық ақпараттандыру үдерістерінің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі білім беру үдерісінен қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдерді педагогикалық технология ауқымында жұмыс жасауға себепші болуда. Біздің заман мұғалімнен тек өз маманының шебері болуды емес сонымен қатар тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Біз өз тілімізді және білімізді дамыту үшін білім жүйесін ақпараттық коммуникациялау керек.


Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Болашағымыз бүгінгіден қарағанда жарқын болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға жетелейтін білім ғана.Соған байланысты білім беруді ізгілендіру ақпараттандыру - бүгінгі заман талабы. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ «Онлайн тәсіліне оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет»-деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқу программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту саласында компьютер білімгер үшін оқу құралы. Жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдірудің, оның материалдық- техникалық базасын толық жаңартып отыру қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Осыған байланысты мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылда дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында білімгерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша білімгерлерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Әрбіріміздің санамызда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз не деген сұрақ туындайды? "Білім берудегі АКТ" ұғымы "оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары", "қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары", "компьютерлік оқыту технологиялары" және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
Біріншіден оқушыға еркін ойлауға мүмкіндік береді.
Екіншіден оқушыға тіл байлығы дамиды.
Үшіншіден оқушыға өз ойын еркін жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді.
Төртіншіден оқушы шығармашылық деңгейін көтеріп топта бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
Бесіншіден оқушы өз бетімен білім алуға, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады»деген болатын. Сондықтан әр бір ұстаз күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.
Коммуникация- ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық жән египер мәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Қорытындылай келе біздің заманға білімді ақпараттандыру бұл өте маңызды. Естеріңізде болса 2020 ж елімізде төтенше жағдай болып короновурус кесірінен біздің оқыту жүйеміз онлайн режимге көшкен болатын. Әрине біздің ел бұл төтенше жағдайға мүлдем дайын болған жоқ. Біздің ел ақпараттандырылған бірақ ауылды жерлерде сеть нашар ал бұл баланың біліміне кедергілер жасағаны жасырын емес. Қарапайым зумнің өзін қалай қолдану керектігін білмейтіндер де болды. Бірақ кейінен бұл мәселелер жартылай шешілді. Мен карантинге басталған кезде 10 сынып оқушысы болатынмын, ал қазір 2 курс студентімін біздің толықтай 2,5 жылымыз карантин уақытында өтті. Бірақ бұл біздің білім алуымызға кедергі келтірген жоқ. Болашақта бұндай төтенше жағдай болып жатса біз дайын боламыз.Себебі қазіргі таңда жастар ақпараттық технологиялары қалай қолдануды. Интернеттен өздеріне керек кітаптарын, керек видео сабақтарын еркін тауып қарай да алады.Болашақ жастарға барынша ақпараттық технологияларды уйретуге бірден бір үлкен үлес қосатын дар педагогтар болғандықтан, бүгінгі күнде біз информатика және білімді ақпараттандыру сабағын меңгерудеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет