Тақырыбы: Оқу үдерісіндегі мұғалімнің басшылық рөлін анықтаңыз, дәлел келтіріңіз



Дата17.10.2023
өлшемі44,61 Kb.
#117183
Байланысты:
педагогика бож5


Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университеті
Әлеуметтік -гуманитар ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

Бөж



Тақырыбы: Оқу үдерісіндегі мұғалімнің басшылық рөлін анықтаңыз, дәлел келтіріңіз.


Қабылдаған: Рысбекова А.


Орындаған: Сарбапиева М.
Тобы: ППП-211
Түркістан-2023
Жоспар

  1. Негізгі бөлім

  2. Кіріспе

  • Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері.

  • Мұғалімнің профессиограммасы. Мамандық қасиеттері: балаларға деген сүйіспеншілігі, қабілеті (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, перцептивтік, экспрессивтік).

  • Педагогтың орны мен рөлі.

Мұғалімнің оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасауында педагогтік әдептілік жетекші орын алады. Ол- мұғалімнің жоғары шындық, қайырымдылық, ұстамдылық, сабырлылық, әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым- қатынас жасай алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі. Мұнымен мұғалімнің педагогикалық жағдайы бағалау, оқушы ерекшелігін есепке алу, педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын- ала көре білу, өзіне үнемі бақылау жасау, оқушы ісіне көз тігу, ым, қимыл жасау арқылы әсер сияқты мамандыққа сай ептілік түрлеріне байланысты. Демек, педагогтік әдептілік- мұғалімнің сезімдік- эмоциялық дағдыларын- қызбалыққа салынбау, кепінен ашу- ыза танытпау, қандай жағдай болса да ұстамды болуын қажет ететін мінез- құлық белгілері. Мұғалімнің оқушымен сабақта, сабақтан тыс және демалыс кезінде қарым- қатынасына байланысты педагогтік әдептілік түрлі формада байқалады. Мысалы, сабақтың жаңа оқу материалын баяндау кезеңіндегі оқушылар оқу материалын түсінбеуінен оны ұғынбауы, тыңдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда әдепте мұғалім оқушыны жазғырмай, өзінің білетінің дәріптемей, оқушылардың оқу материалын түсінетініне сенім артып, ынтымақтасып, зейінін, белсенділігін көтереді. Сабақта оқушы білімін сынау бағалау кезеңінде мұғалім оқушының айтқанын мұқият тыңдап, сөзін бөлмейді, қате айтқанын бетіне басып табалмайды, қайта «сен ойланып көр, асықпа»- деп айтуға жағдай жасайды. Мұғалімнің әдептілігі оқушыға баға қоюынан да көрінеді. Егер мұғалім бағаны қалай болса солай қоя салмай, оқушының табысына қуанып, сәтсіздігіне реніш кейпін көрсетсе, онда мұғалім мен оқушы арасында дұрыс қарым- қатынас болып, белсенділігі арта түседі.


Ғылыми деректер бойынша өмірде бір мың төрт жүзден астам мамандық түрлері бар. Оның ішінде мұғалім- (оқытушылық қызмет) жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешетін болғандықтан. Ізгілік сипаты жоғары болуы керек.
Педагог қызметінде шәкірттерге өнеге көрсету, қарым- қатынас жасауға үлгі болу, өзгелерге әсер етудің тиімді тәсілін табу, шеберлік пен шығармашылықты таныту және кішіпейілділік пен адал еңбек ету дәстүрін білдіру қасиеттеру ізгілік сипатын білдіреді.
Тоқырау жылдарында жоғарыдан бұйрық беру, көз бояу сияқты әдіс- амалдар нәтижесінде педагогтік қызметтің ізгілік сипаты деформацияға ұшырады. Бұдан педагогтар қатарында өз ісіне шын берілген ізденіс жасайтын, баланы, мектепті сүйетін адамгемршілігі таза жандар жоқ деуге болмайды. Педагогтар арасында жақсы қасиеттерді көрсетіп жүргендер бар. Бірақ қоғамдық- әлеуметтік жағдай мұғалімдерде жақсы қасиеттердің кең етек алуына кедергі болды.
Қоғамызда орын алған жариялылық пен демократияға байланысты педагогтар қызметінде ізгілік сипат өріс ала бастады.
Мектептің негізгі міндеті оқушылардың қызығуы мен қабілетін есепке алып, білім және тәрбие беру болып саналады. Бұл іс әрбір жердің, ұлттың, оның дәстүрлі мен салтын есепке алып, оқыту мазмұны мен формасын ерікті таңдап, жоғарыдан қасымсыз өз мақсаттарына байланысты нәтижеге жеткенде ғана шешіледі.
Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуі, оған үйретуге, оқушының қолынан іс келетіндігіне сенуге, жеке басын құрметтеуге байланысты. Егер осы жағдай бұзылса, мұғалім мен оқушы сында жалған қарым- қатынас, тіпті келіспеушілік пайда болады. Бұл оқушының оқуға қызығушылығын төмендетеді. Кейбір педагогтар оқушының қуанышын, ренішін білуді, олармен ынтымақтасуды, бірге жүріп- тұруды, қажетті ақыл- кеңес беруді керек деп таппайды. Өзінің «таза» болғаның дәрежеге көреді. Мұндай жағдай мұғалім- оқытушы қызметіне ізгілік сипат бере алмайды, қайта оқу- тәрбие процесін тұйықтыққа тірейді.
Педагогтің шәкірт алдында «бәрін білетін» болып көрінуі орынды болар. Бірақ барлық кезде тек өзі ғана білетін бодып, оқушы тыңдаушы ретінде қарауы өнеге көрсетуге, қарым- қатынас жасауда үлгі болу немесе ынтымақтасу емес, жеке басын даралау болып саналады. Егер педагог оқушының барлық ісіне ымырашылықен қарап, олардың өмірінде не болып жатқанын көрмесе, болмаса оқушыны қорқынышта ұстап, шеңберден шығармаса, онда оқушылардың белсенділігі, талғамы төмендеп, соңында қоғамдық пікір, сенім, мәдениет өз мәнінде қалыптаспайды. Сондықтан оқушының әрекетіне талдау жасап, бағыт- бағдар беру, шеберлік үлгісін көрсету педагог ісінде ізгілік белгіні танытады.

1.Баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстазға саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы, ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне гылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген іс, парасат-пайымы, инабаты, білімнің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірбиесі мол дана адам болып табылады.


Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның деке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшіліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшіліктерінің бірі – бейімділікке байланысты. Адамға белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қабілетт де атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
2.Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.

  • Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу- қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

  • Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

  • Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

  • Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.

  • Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жқмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыру білуі.

  • Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

  • Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұның анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершіліукпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

  • Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындаларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) - жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын, насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстмдылық,әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Мұғалім қызметінің түрлері. Оған ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстары енеді.

  • Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар : кәсіптік білім, біліктілік, дағды, ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.

  • Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің әс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесін,, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.

  • Мұғалімдік мамандықтың өзге мамандықтардан ерекшілік белгілері жоғарыда аталған төрт белгінің мазмұнын біріктіреді.

  • Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Бұл іс, біріншіден, мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; екіншіден, педагоготік оқу орындарында оқып жүрген кездінде мұғалімдік мамандыққа үйрету; үшіншіден, мұғалңмдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.

  • Студенттердің, мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін көтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру, мұғалімнің шеберлік таныту үшін өз бетімен алатын білімі, ізденісі. Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогтік техника жатады.

3.Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардаң өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адмдармен, не оқушылармен қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Педагогикалық әдеп – кәсібіміздің ең маңызда элементі. Педагогикалық әдеп – педагогтық әдепсіздік бар. Бір мұғалімнің әдепсіздігі, басқа мұғалімнің тәрбие әсәне кесірін тигізуі мүмкін. Ұстаз педагогтық кәсіпті таңдаған соң педагогтық әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде игеріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстаған жөн: «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек» (А.С.Макаренко).
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Тіпті, әдепті мұғалім оқушының мұраты да болуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқушыларды құрметтеу зор маңыз алып отыр. Оларға асқан адамгершілікпен қарап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жеткізуге тиістіміз. Сөйтіп, ұстаз ең алдымен оқушылардың айнымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы. Бір сөзбен айтқанда педагоготық әдеп, оқушылардың жүрегіне жол табу, оқуда да, тәрбиеле де өте-мөте қажет. Моральдық сенімді, ынта мен ықыласты, талғамды баланың бойына күштеп қалыптастыру киын. Амал біреу: оқушы мұғалімін шексіз сүю керек.
Белгілі педагог Ш.А. Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттарын атап берген:
1.Оқытуды және мектептегі басқа жұмыстарды оқушылардың қызығушылығы тұрғысынан басқару. Көп жағдайда мектепте баланы оқытуда қажетті барлық заттар олардың қызығуы мен қажетінен тыс жасалады. Психологиялық-дидактикалық талап бойынша оқушы ұсынылатын оқу мазмұнына, құралдарына мән беріп, оны тануға әрекет жамауы керек. Мұндай жағдай оқушыны өз міндетін үгіттемей-ақ түсінуге, мектепте тәртіпті сақтау үшін арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді және мұғалімнің бұйрық беріп, балаға өктемдік жасауын болдырмайды. Осыған байланысты мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмыстарын оқушыны құрметтеу, пікірімен санасу, оған сенім арту негізінде басқарған пайдалы.
2.Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен болашағына үнемі сеніп отыру. Мұғалім әр уақытта баланың мүмкіндіктеріне сенеді, оның дамуындағы кейбір ауықуларды оқу-тәрбие жұмысында жіберілген қателік деп түсінеді. Бұл тұста ескеретін бір жағдай, оқушы өмірінде болатын сәтсіздікті қабілетсіздіктің нәтижесі деп қарау орынсыз. Мұғалім барлық оқушыны оқу қиындығын жеңеді деп қарайды және лоардың қарапайым тапқырлығына сұйеніп, болашақта жақсы оқитынына өздерін сендіріп отырады.
3.Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу. Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымық жасауына байланысты. Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы, яғни, отрақ «тіл» табысу. Мұнда оқушы мұғалімнің әсер ету объектісі ретінде сезінбейді, қайта өз бетінше еркін әрекет жасайды, ізденеді. Мүны іске асыру үшін мұғалім оқушының оқу материалын шешу «қиын» екендігіне түрлі тәсілдерді пайдаланып көзін жеткізеді, басқаша айтқанда оқушыны ынтымықтасуға бейімдейді.
4.Оқушыларға әдепті болу, олардың ар-намысын құрметтеп отыру. Мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының екі жақты ықпалы бар. Біріншіден, өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқутаным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді. Екіншіден, оқушыларға сыпайылықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады. Баланы балағаттау, оларға тәкаппарлық, менмендәк көрсету, зорлық жасау, әдептіліктің, болмаса ақыл-ойын дамытудың жолы емес, ал оларды жауапкершілікке, тәртіптілікке, өзгені сыйлауға үйрету, тек баланы құрметтеу арқылы іске асады. Мұғалімнің кәсіптік днңгейі шығармашылық іс-әрекетіне, ізденісіне де байланысты. Бұған сай жаңашылдық танытады, яғни оқу-тәрбие ісінде тиімді педагогикалық нәтижеге жетеді. Бұл қол жетпейтін деңгей емес, қажымай-талмай ізденіс жасаған мұғалімдердің мәресі.
Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушыларда, әртістерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. Ал, «Мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп,педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онгда талантты ұстаз бола алады.
Ұстаздық шеберлік ұстаздық таланпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін» айтады.
Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жеткізу білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың боыйна әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштсатырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оөушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тындамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан, педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Әрине, өмірде бәрі де – ілгері басушылық, кері кетушілік, жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсізддігі басқа түскенде педагогтық көңіл-күйі әрине өзгереді.
«Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс», – деген мқалға айналған сөздер ұстаздардың көңіл-күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды. Мұғалім кей жағдайда әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл-күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан-тәнімен, күш-жігерімен, мол сүйіспеншілігімен, өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазырғы кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашылық қызметінен көрінеді.
Қазақстанда да жаңашыл мұғалімдер күннен күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып-үйренудің оқу жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Бірнеше авторлық және атаулы мектептер құрылды.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейрімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына Жан-жүрегінмен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
4. 12-жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін анықтаудың диагностикасы.
Білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесті. «Кәсіби құзіреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді. Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары «құзіреттілік» және «құзірет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. «Құзіреттілік» – хабардар болушылық, абыройлылық; «құзірет» – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.
Педагогика ғылымында «кәсіби құзіреттілік» түсінігі бірнеше ұғым береді:
– еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;
– жеке қасиеттері мен қабілеттерінің комбинациясы;
– қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;
– іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.
Құзіреттілік бірінші орынға оқушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзіреттілігінің қалыптасуын отра кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзіреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік ретінде қарастырамыз.
Ұстаздың коммуникативтік құзіреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білу; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.
Біздің көзқарасымыз бойынша коммуникативтік құзіреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.
Ақпараттық құзіреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
Регулятивтік құзіреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады.
Интелектуалды – педагогикалық құзіреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытыңдылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.
Операционалдық құзіреттілік – ұстаздың қажетті кәсіби іс-әрекетін іске асырудағы дағдының жиынтығымен анықталады: болжамдық, жобалық, пәндік-әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық импровизация, сарапшылық.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі болып табылады. Бұл - білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Білім беруді жаңарту үдерісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет етеді. 


Жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақтың мектебі. Бұл мектеп мәдени салалы, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмектесетін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуы тиіс.Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне де ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды. 
Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Жаңарту идеясын әзірлеушілер білім берудің миссиясы мен мақсатын анықтай отырып, нақты қадамдар қарастырған. Әрбір педагогтың, басқарушының өз ісіне шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарай отырып, игілікті қарым-қатынас нәтижесінде ғана жүзеге асады. Оқытудағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірілік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру мұғалім тұрғысынан ғана емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі, сөйтіп баланың құндылықтық көзқарасы және өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады. Өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылғанда, бала өзінің ерекшелігі мен деңгейін біледі. Оқушылардың белсенділігі, танымы артып, дәстүрлі оқытудың тиімділігі жоғары болады. Баланың ойлау қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой пікірінде өзгерістер пайда болады. Тәжірибе жүзінде меңгерген ұжымдық ойлау мен жұмыс істеу ұжымдық ұстанымдарды бағалауға тәрбиелейді. 
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізу мұғалімдер үшін тиімді. Бұл кезде білім беру үрдісі ізгілік пен демократиялық заңдылықтарға негізделеді. Барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді. Мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата-ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі. Оқушыларды оқыта отырып оқу құндылықтары қатар жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларды шешуге көмектесу болып табылады.
Мұғалім қазіргі уақытқа сәйкес болу керек. Ол - 12 жылдық реформаға байланысты басты адам, сондықтан жаңа формация педагогын дайындау - ең өзекті проблема. Мемлекеттік білім беру бағдарламасында педагогтарды қайта даярлауға қаржының көп бөлінуі кездейсоқ емес. Мектептерде өз ісінің шеберлері, жоғары кәсіп иелері қызмет атқарады, бірақ нарықтық талаптарға сай дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық білім өте қажет. Жаңа мектеп мұғалімі ‘‘дайын‘‘ білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс.
Мұғалім - тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ол оқушының білім алу кезеңіндегі өмір жолын анықтауда сенімді серігі. Қазіргі оқыту үдерісі оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа, түсіністікке, сыйластыққа негізделіп, оқушының ізденушілігін дамытуға бағытталуы керек. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, түрлі ситуацияларда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат етеді. Бұл педагогикалық ұстанымдар 12 жылдық мектептің негізгі өзегі болып табылады.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Мұғалімнен парасаттылықты, ақылдылықты, мәдениеттілікті, іскерлікті, шеберлікті талап етеді. Мұғалім кез келген әдіс-тәсілді оқу тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеген асырумен қатар, әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап отыруы қажет, бұл оның педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді. Кез келген оқу процесі немесе тәрбие процесі болсын, немесе күнделікті өмірде болсын мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін дұрыс бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Тек тыңғылықты педагогикалық, пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу процесінің барлық міндеттерін жан-жақты шеше отырып, өз тәжірибесін әдістемелік тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психолгияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтатын болсақ, оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары кездесіп отырады. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, зеректікпен анықтай алады. Егер ол шешілмеген жағдайда, бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу - тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, олардың не қалайтынын, ұжымға сіңісуін, сынып алдындағы бедел жинауын, белгілі бір пәнге қызығушылығын, жолдастарының өзіне деген ынта-ықыласын қанағаттандыруды ұйымдастыруымыз керек. Кез келген жаста оқушы үшін көпшілік алдында ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға бару ішкі жан дүниесін бұзады. Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес екенін біз жақсы түсінуіміз керек, сондықтан өмір бойы ізденіп, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Қазіргі уақытта оқу-тәрбие процесін бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бұл екі бағыттың да көздеген мақсаты тұлғаны қалыптастыру, саналы, салауатты азамат тәрбиелеу болып табылады. Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі сабақ болып табылады. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат-міндеттерін сабақта жүзеге асыра алады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беретін мектептің оқу бағдарламасы ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге байланысты күрделене түсті. Оқу материалы ғылымилана, нақтылана, өздігінше адам ресурстарының мәселелерін шешуге бағытталған тұста мектеп пен мұғалім үшін қоғам алдында жауапты кезең келді. Жалпы орта мектептен алынған білім одан әрі дамып, әрі қарай оқуға ұмтылуға талпынғанда ғана өз нәтижесін бермек. Оқушы бойында өзінше белсенді ой тұжырымын жасауға үйрету, қалыптастыру - дамытып оқыту жүйесінің үлесінде. Дамыта оқыту жүйесінің негізі мұғалім оқушыларға көп материал беруі емес, нақтыны меңгерте отырып, нақты білімді тірек-сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытуға үйретеді. Сабақта мұғалім оқушылардың тек интеллектуалдық дамуына назар аудармай, тұлғалық қасиеттерінің ұшталуына басшылық жасауы керек. Оқушыны оқуға күштемей, танымдық қызығушылықтарын, талпынысын, мұқтаждығын, ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана білім беру тиімді болады. Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы оның сабақтан шығармашылық әсер алуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күйінің жайсаңдығына байланысты өтеді. Мұғалімнің сабақтағы көңіл-күйі өтілетін жаңа материалға байланысты шоғырлануы керек. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады. Кейде мұғалімге сырттан келген факторлар қатты әсер етеді. Сабақ алдында әлдекіммен ренжісу, өзіне деген ескертулерді есту бізде жиі кездеседі. Кей кезде мұғалім сабаққа өзіне-өзі сондай сенімділікпен кірсе де, сабақ барысында әр түрлі жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда мұғалім өзінің негізгі мақсатын жоғалтып алмауы керек. Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, сыныпты сынып ретінде ұстап, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары, оның рефлексиялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлексиялық қажеттіліктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады. Оның соңғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде 12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.

Қорытынды


Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл- ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жаңартуды талап етеді. Аса маңызды бұл іс қазақ орта мектебінің, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу мазмұнын әсіресе жас жеткіншектерге тәлім- тәрбие беретін жоғары педагогикалық оқу орындарының түлектеріне - болашақ мұғалімдерге өз мамандығы бойынша терең білім беруге және оқушыны кеңінен танып білуге, олармен тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу мазмұнын тандауға байланысты.
Қазақ халқының көрнекті педагогі Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі- оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» - деп, мұғалімнің баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл міндет төмендеген жоқ, қайта ғылыми- техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, халқымыздың дәстүрлі мен әдет- ғұрпы, салтына сай имандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі туған заманда, мұғалімдерге күрделі жаңа міндет жүктеледі. Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жаңарту қажеттілігі туады.
Педагогика - жеке адамды қалыптастыруға байланысты белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс және білім беру, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен формалары, оның мазмұны туралы ғылым.
Бұл курстық жұмысының мақсаты- мұғалімдердің өз кәсіби қыры мен сырын көрсету, және жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениетінің кейбір мәселелерін талқылау.

Пайдаланған әдебиеттер



  • Әділханқызы Г. «Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениеті»//Ұлағат.-2003.-№2.-36-38б.

  • Крутецкий В.А. Основа педагогической психологии. М.Просвещение, 1972.227-245

  • Асанов Ж. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі.-Қызылорда, 1993, 21б.

  • Байтеліұлы А. «Мұғалім- адамтанушы мамандық»// Қазақстан мектебі.- 2000- №10.-76-77б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет