ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы университеті КеАқ
БӨЖ
Тақырыбы: «Қиын балаларға» қатысты педагогикалық қолдаудың ерекшелігін айқындаңыз, жағдаяттарды таңдау және талдау. «Қиын балалармен» тәрбие технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз. 2.«Дарынды балалармен» тәрбие технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз. Баспасөз беттерінен дарынды балалар туралы материалдарды тандау. -Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған «Қиын» балалармен тәрбие жұмысы. Практикаға барған кезде жасалатын жұмыс нәтижесі бойынша. (Сыныпта зерттеу жұмысын жүргізу).
Тексерген: Мухметова Раукен Женисовна
Орындаған: Жұманбаева Қ.Н ДПМНО-301с
Семей 2023
«Қиын балаларға» қатысты педгогикалық қолдаудың ерекшеліктерін айқындаңыз
• баланың мінез-құлқының бұзылуы (агрессиялылық, жанжалқойлық, алаңдаушылық, әсерленгіштік немесе оған қарама-қарсы ахуал – тұйықталушылық);
• тәрбиеленуші кешегіден немесе ертеңгісінен мүлде басқа мінез көрсетеді;
• оқушы жайлы оның сыныптастарының немесе пән мұғалімдерінің мазасыздық білдіруі;
• ата-аналарының мектеп әкімшілігіне, психологқа, әлеуметтік педагогке немесе басқа мұғалімдерге сөйлесуі;
• баланың өзі тікелей немесе жанама түрде байланыс жасағысы келетінін білдіруі.
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері(конспект)
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрадыСөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |