Тақырыбы: Шартты белгілер Қабылдаған: Тутанова М. С. Орындаған



Дата11.10.2023
өлшемі18,37 Kb.
#113669
Байланысты:
Компьютерлік тех зерт2 Толганай


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КЕАҚ
Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы

Зертханалық жұмыс №2


Пәні: Кортографиядағы компьютерлік технологиялар
Тақырыбы: Шартты белгілер
Қабылдаған: Тутанова М.С.
Орындаған: Кабзулданова Т.С.
2022
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРІ.
Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері.
Топографиялық белгілер (Топографические знаки) — жергілікті заттардың топографиялық, карталардағы шартты (графикалық, әріптік, сандық) белгілері. Жергілікті заттардың шартты белгілері карталарда стандарт (үлгі) бойынша болады. Олар масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып негізгі 3 топка бөлінеді. Масштабты шартты белгілермен өз өлшемі бойынша карта масштабында керсетілетін заттар (орман, көл, т.б.) бейнеленеді. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан (шахталар, радиомачта) көрінбей қалатын жергілікті заттарды беннелеуге колданылады. Түсіндірмелі шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша сипаттаыа беру үшін колданылады (орман түрін керсететін белгі, әзеннің ағу бағытын корсететін белгі). Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына объектінің аты көрсетіліп, түсініктеме берілуі мүмкін.
Жер бетіндегі обьектілерді бейнелейтін шартты белгілер өздерінің кейбір ерекшелік сипаттарына қарай төмендегідей болып бөлінеді:
а) түсті,
ә) каріпті 
б) графикалық (геометриялық).
Топографиялық карталар бірнеше түсте жасалынады, жеке түстермен жер бетінің обьектілерінің біркелкі топтары боялады. Мысалы, (өзендер, көлдер, бұлактар, құдыктар және т.б.) Ормандар мен жеміс бақшалары орналаскан жерлер жасыл түспен, табиғи жер бедер пішіндері - қызыл-қоңыр түспен, ал жасаңды жер бедер пішіндері (казындылар, үйінділер, карьерлер, корғаңдар және т.б.) кара түспен бейнеленеді. Шоссе жоддарын бейнелеуге кызыл түс, ал жақсартылған топырақ жолдарға -сары түс қолданылады.
Каріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір акхгарат алута мүмкіншілік жасайды. Мысалы, калалар немесе кала типтес поселкелер аталуларыньвд басәрпі ерекшеленбей жазылады (әріптердің бәрінің келемі бірдей болады), мұнда калалар тура қаріппен жазылса, поселкелер оңға карай көлбеуленген каріптермен жазылады.
Графикалық шартты белгілер
а) масштабты(контурлық);
ә) масштабтан тыс;
б) сызытық деп үшке бөлінеді.
Контурлық шартты белгілер картаның масштабына ілінетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады. Орманның, батпактың, бақшаның, елді коныстың, т.б.с.с. объектілердің жер бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементтерімен контуры горизонт жақтарына сәйкес бағытталған калпында картадан орын алады. Объектілердің контуры картада сызықтармен белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.
Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабына ілікпейтін көлемі ұсақ объектілерді бейнелеу үшін колданылады. Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің мөлшерін көрсетпейді оның тек қана орналаскан орнын белгілейді. Бұл жағдайда объектінің орнына шартты белгілердің түрлі нүктелері сәйкес келеді. Геодезиялық пункттерді, су диірменнің, мұнай мұнарасының, бұлактың, құдыктың, т.б.с.с. орнын олардың шартты белгілерінің ортасы көрсетеді. Жеке өскен ағаштардың, километр бағананын, жол көрсеткіштің, семофордың, жел диірменнің т.б. орнын шартты белгілерінің табанының ортасы белгілейді, бір немесе бірнеше сызыкпен сызылатын сызықтық объектілердің (каналдың, жолдың т.б.) нақтылы орны сызықтың осьмен белгіленеді. Масштабтан тыс шартты белгілердің бұл ерекшеліктері карта бойынша жеке объектілердің арасындағы кашықтықты өлшегенде ескерілуі кажет. Шартты белгілерді контурлық және масштабтан тыс деп бөлу кажет. Өйткені көптеген обьектілер бір масштабтағы карталарда контурлық шартты белгілермен белгіленсе, екінші масштабтағы картада масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленеді. Мәселен, елді қоныстар ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен түсіріліп, көшелер, жеке кварталдар, тіпті жеке үйлерде көрсетілсе, ал ұсақ масштабтағы карталарда олар масштабтан тыс шартты белгімен, пунсонмен белгіленеді.
Жер бетіндегі сызыктық объектілер үшін сызыктық шартты белгілер қолданылады. Сондай-ақ бір объектінің өзі белгілі масштабтағы картада бір бағытта масштаб бойынша, екінші бағытта масштабтан тыс белгіленуі мүмкін. Мәселен, әдетте түрлі жолдардын, өзендердің ұзындығы масштабқа сәйкес алынса, ені масштабтан тыс-нақтылы мөлшерінен үлкейтіліп алынады.
Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша аныктама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің терендігі мен түбі, елді қоныстағы үй саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандыктары және түрі т.б. Түсіндірме шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі. Топографиялык карталардың шартты белгілері-шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толыктырады.
Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей. тек көлемдері жағынан ғана
өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзше тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын басталқы графикалық белермен беріледі.
Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті -және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.
Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабты контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардьщ көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мүмкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан , яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фондық бояу түстері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.
Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, құдық және т. б.). Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигу- ралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нүктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердің координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды.
Өзендер, каналдар, жолдар және басқа сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Жазулар және түсіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде қолданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады. Елді мекендерің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің манызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы, мк.—мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т. б.) көрсету үшін қолданылады.
Топографиялык карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады; ормандар — жасыл, гидрография — көк, жер бедері — коңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген енеркәсіптік, халык шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері — қара бояулармен боялады. Топографиялык карталар мен пландардың шартты белгілерін. Геодезия және картография бас басқармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс. Іс жүзінде қолдануға қолайлы болу үшін кестелер түрінде шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет