Тақырыбы: Тарихты оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері Тексерген: Орындаған: Жоспар



бет1/3
Дата19.10.2022
өлшемі22,85 Kb.
#44117
  1   2   3

Қ.ЖҰБАНВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Тарихты оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері

Тексерген:
Орындаған:


Жоспар:

  1. Оқу әдістері туралы ұғым, тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар.Оқыту әдістерін таңдау критериясы.

  2. Оқытудың «әдісі»мен «тәсілдер» ұғымдарының қатынастылғы.

  3. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі.

  4. Ауызша материал ролі: әңгіме, конспективті, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық жөне аналитикалық сипатау, түсіндіру ,талдау.

Оқыту әдістері дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі, себебі оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының бірлігі болып табылады.
Әдіс /грекше «методос»-жол / ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жету жолдары. Оқыту әдісі- оқытушы мен оқушының жұмыс істеу әдісі, бірлесе жасайтын әрекеті, білім алу жолдары, ол арқылы білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеті артады, таным процесі жетіледі.Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мектепте «Тарих» курсын оқытудың басты мақсаты -оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бҥкіл адамзат жасаған құндылыктарды, мәдени-тарихи тәжірибесінің негізін оқытып меңгерту.
Білімнің сапасы көпшілік жағдайда мазмұнға сәйкес әдістемені дұрыс таңдап ала білуге байланысты. Соңғы жылдары оқушылардың оқу ҥрдісінде өзара қатынас белсенділігін арттыру (интерактивный метод) әдісін ынталы мұғалімдер кең қолдануда. Оқыту үрдісінде әдістің бұл тұрпатын қолдану арқылы адамдар арасындағы қатынас дағдылары мен өзара диалогтың азаматтық қоғамда қажет болатын моделін жасауға тырысу керек.Әдістің өзара белсенділікті арттыру деп аталатын ceбeбi сабақ үрдісінде оқушылар арасында немесе оқушылар мен мұғалім арасында өзара әрекеттесу жоғары деңгейде өтеді. Көпшілік жағдайда ол пікірталас формасында өтеді. Бұл жерде мәселені шешіп, оның жауабын табу емес, мәселені шешу үрдісін өткізудің өзi маңызды болып табылады. Өзара белсенділікті артырудың мақсаты алдыға койылған мәселеге оқушылардың өздігінен әрекет етіп, оның жауабын табу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Мұғалім «дүние жузі тарихынан сабақ өткізудін, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отырса, оқудың сапасы нәтижелі болмақ. Тарих пәнін тиімді жүpгізyдің жолдарының бipi - күнделікті сабақ жоспарын ғылыми-әдістемелік тҧрғыда жасап, ұстаздың тәжірибе жемісіне сүйене, отырып, жүзеге асыру. Күнделікті сабақ жоспарын жасау нәтижесінде әp6ip сабақ салыстырылады, түрлі сыныптағы сабақтар сұрыпталып, ең пайдалысы негізге алынады. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім өтілетін тақырыптың мазмұнына сай тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдай білуі қажет.
Оқыту әдістері дегеніміз- оқытудың мақсатына жету жолы, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс- әрекет;Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.Оқыту нәтижесін арттыруда оқыту әдістерімен қатар оқу құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына-оқу кітаптары, көрнекі, техникалық құралдар жатады.
1.Оқу кітаптары- оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2.Көрнекі құралдар-кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық карталар т.б.
3.Техникалық құралдар-үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. жатады.

  • Оқыту тәсілдері -әдістің құрамды бөлігі.

Л.Н.Толстой: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті»
Оқыту әдістерін топтастыру мәселесінде педагогикада ортақ пікір қалыптаспаған.Оқыту әдістерін топтастырудың 20-дан астам түрі бар. Кейбіреуіне тоқталсақ:

1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай:


-түсіндірме хабарлау әдісі
-репродуктивті әдіс
-проблемалық баяндау әдісі
-эвристикалық әдіс
2.Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай жаңа білім беру әдіс:
-білім-білік, дағдыларды қалыптастыру әдісі
-техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
-өзіндік жұмыс істеу әдісі
-білімді тексеру әдісі
-проблемалық, программаланған оқыту әдісі
3.Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру:
-оқуға ынталандыру
-оқытудағы бақылау және өзін-өзі баұылау әдістері
4.Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай :
-ауызша баяндау әдісі
-есеп шығару әдісі
-өнер құралдарын пайдалану әдісі
5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай:
-жаңа білімді игеру әдісі
-өзіндік білім әдіс
-проблемалық әдіс
-практикалық әдіс
-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі
Осылардың ішінде көп тарағаны —білім беру көздеріне сәйкес әдістер
-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі
-көрнекілік әдістер
-іс-тәжірибелік әдістер
Бұл әдістің ерекшелігі:егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет