Тақырыбы: «Тіл бірлігі – ер бірлігі» 5 «В» сынып



бет1/3
Дата24.09.2024
өлшемі22,84 Kb.
#145418
  1   2   3
Байланысты:
Бастауыш сыныптарға сайыс


Тақырыбы: «Тіл бірлігі – ер бірлігі» 5 «В» сынып
Мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: танымдық ойын
Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, түрлі-түсті қағаздар , қағаздан жасалған геометриялық пішіндер, маркерлер, желім, презентация, А3 қағазы
Ұйымдастырушылар: Бұланбаева Ш.Е. Сүлейменова Ш.Е.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.
ІІ. Негізгі кезең. 
Мұғалім: – Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! - Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Қазақ тілі апталығы» өтіп жатыр Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.

  • Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақ тілі – ғажап тіл» атты танымдық ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Танымдық ойынды өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
    Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.

  • 1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақ тілі-ғажап тіл» атты танымдық ойын сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.

    2 - жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 - сынып арасындағы «Қазақ тілі-ғажап тіл» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.

    1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
    1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
    2. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
    3. Кім жылдам? (сөздікпен жұмыс)
    4. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: өлең, мақал,
    жұмбақ, жаңылтпаш)
    5. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап)
    6. Кім тапқыр? (сурет бойынша әңгіме құрау)
    7. Сөз құра, тез құра (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)
    8. Капитандар сайысы Әзіл викторина (бір әріптен басталатын сөздермен сұрақтарға жауап айту)

    1 - жүргізуші: Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
    (Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)

2 - жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. .....................................
2. ......................................
3.........................................

Беташарын сайысымыздың бастайық,


Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,


Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру. Әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
І топ. «Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жас қыран»


ІІ топ. «Жас тұлпар»
Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет