Тақырып 10. Автомобиль көлігіндегі еңбек жағдайлары мен режимінің ерекшеліктері



Дата14.11.2022
өлшемі19,87 Kb.
#50100
Байланысты:
Л10


Тақырып 10. Автомобиль көлігіндегі еңбек жағдайлары мен режимінің ерекшеліктері.

Автомобиль көлігіндегі жағдай мен жұмыс режимі өзге салалардың


жұмыскерлеріне тəн жəйттермен салыстырғанда, елеулі айырмашылықтарға ие. Бұндай айырмашылықтар өндіріс саласы болып табылатын автомобиль көлігі жұмысының ерекшеліктеріне байланысты.
Көлік құралдары жүргізушілері үшін жұмыс жағдайының өзіне тəн
ерекшеліктері мыналар болып табылады:

  • көлік үдерісінің үзіліссіз сипаты;

  • қоршаған жол жағдайының маңыздылығы;

  • автомобильді басқарған кездегі үлкен психо-физиологиялық жүктемелер;

  • өзбетіншелік пен жауапкершіліктің жəне басқа дадеңгейлердің жоғарылығы.

Көлік құралдарының жүргізушілері жұмысының үдемелі жəне қызу болуы жиі-жиі шаршап-шалдығуға, жүйкенің сыр беруіне, көңіл бөлудің төмендеуіне жəне т.б. əкеледі. Мұндай хал-ахуал жұмыс үдерісіндегі табиғи физикалық шаршаудан айрықшаланады, бұл біршама демалыстан кейін лезде басылады, сондықтан еңбек жəне демалыс режимін белгілеуде есепке алынуы қажет.
Жүргізушілердің еңбегін тиімді ұйымдастыру көлік құралдарын тиімді пайдаланудың жəне еңбек заңнамасы нормалары мен ережелерін сақтауда
тапсырыс берушілердің сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыруда
маңызды шарт болып табылады. Көлік үдерісін дұрыс ұйымдастыру көлік құралдарының жұмысын дəлме-дəл қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасында белгілеген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалу жəне
үзілістерді тамақтануға тиесілі уақытты сақтауға, есепті кезең ішінде
жұмыс уақытын толық пайдалануға жəне соның нəтижесі іспеттес, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуі тиіс.
Жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен демалыс режимі Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 20.08.2004
жылғы № 15 Бұйрығымен бекітілген Автомобиль жүргізушілерінің жұмыс
уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері жөніндегі Тəртіпке (бұдан əрі – Тəртіп) сəйкес белгіленеді.
Осы Тəртіптің ықпалы ҚР аумағында тіркелген ұйымдарға тиесілі автомобильдерде, олардың ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне, меншік түрлеріне жəне ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмыс жасайтын жүргізушілерге қолданылады;
ҚР аумағында коммерциялық мақсатпен жүктерді тасымалдауды жүзеге асырып жүрген кəсіпкерлерге, сондай-ақ өзінің жеке өндірістік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін автомобильдерді пайдаланып жүргендерге де қолданылады. Жоғарыда көрсетілген тəртіптің ықпалы халықаралық жүк тасымалдау жұмыстарымен айналысатын жүргізушілерге жəне жұмысты ұйымдастырудың вахталық тəсілімен бригадалар құрамында жұмыс жасайтын жүргізушілерге қолданылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет