Тақырып 12-13. Сельжуктер. Осман мемлекеті. Селжуктік Рум сұлтандығының құрылуы. Селжук жаулап алушылықтары. Османдық түріктер империясының құрылуы. Түрік-османдардың жаулап алушылықтары. Түркиядағы феодалдық қатынастар



Дата14.10.2023
өлшемі22,16 Kb.
#114612

Тақырып 12-13. Сельжуктер.Осман мемлекеті.


1. Селжуктік Рум сұлтандығының құрылуы.
2. Селжук жаулап алушылықтары.
3. Османдық түріктер империясының құрылуы.
4. Түрік-османдардың жаулап алушылықтары.
5. Түркиядағы феодалдық қатынастар.
6. Түріктердің Византияны, Албанияны жаулап алуы.
Дәріс тезистері:
ХІ ғасырдың 40- жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің жұлдызы жанды. Ол селжук түріктерінің мемлекеті еді. Жаңа мемлекеттің негізін 993—1063 жж. өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады. Ол Х—ХІ ғасырларда Сырдарияның ортаңғы ағысы мен Қаратау маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі Селжук ибн Тугактың немересі болатын. Х ғасырдың аяғында Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс аударып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды.
1077 ж. Рум сұлтанаты құрылды. 1081 жылдан бастап оның астанасы Никей (қазіргі Изник) қаласы болды. Сонымен қатар бұл сұлтанның билігі кезінде феодалдық бытыраңқылық та орын алды: сельжуктер басқарған бірнеше сұлтандықтар құрылып, олар орталық өкіметке номиналды ғана тəуелді болды.
1239 ж. Баба Исхак басқарған көтеріліс болды. Олар сұлтан жіберген əскерді жеңіп, Амасью қаласын басып алды. Сұлтан ІІ- КейХосроу көтерілісті əрең басты. Көтеріліс сұлтанатты əлсіретті.
Сербтер жеңілді. Князь Лазарь тұтқынға түсті, соңынан өлтірілді. Милош Обилич деген серб жауынгері жасырын түрде сұлтанның шатырына кіріп, І-Мұратты қапыда өлтірді. 15 маусым — сербтердің қырылған күні — қаралы күн ретінде аталып өтеді. М. Обилич сербтердің ұлттық батыры болып саналады.
Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сұлтанның атты əскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сəйкес жорыққа белгілі бір əскер шығаруға міндетті болды. Жоғары əскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді-хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған заңдар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін жəне олардың шаруалармен қарым-қатынастарын қадағалады.
Османлы түріктерінің мемлекеті Кіші Азиядағы 1311—1402 жж.
Сұлтан Баязид (1354—1404) Византия тарихшысы Дуканың айтуы бойынша империяның ежелгі астанасын қоршап алушының 20 адамына қорғаушылардың 1 адамы қарсы тұрды. Оның үстіне қаланың қорғанысының əлсіреуіне өзінің ішіндегі саяси партиялардың арасындағы таластартыстың тоқтатылмауы да көп əсер етті. Византия əскерінің басым көпшілігі жалдамалылар /неміс, француз, испан/ болды, гректер өте аз еді. Астана тұрғындарының түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан Константинополь 1453 жылы 29 мамырда толық жеңілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатты. Византияның соңғы императоры ХІ Константин Палеолог /1449—1453 жж./ шайқас кезінде қаза тапты. Константинопольдің атын Стамбул деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекетінің Орта Грециядағы жəне Пелопоннестегі басқа аймақтарын да басып алды, ал 1461 жылы Трапезунд империясының астанасын да өзіне қаратты.
Янычар ХV ғасырдың 50—60 жылдарында астанасы Əзербайжандағы / қазір Иранда/ Тавриз қаласы болған Ақ-Қойлы сол кездегі қуатты мемлекеттердің бірі еді. Оған Армения, Əзербайжан, Карабах, Күрдістан, Ирак, Парс жəне Керман елдері бағынды. Ақ қойлылықтар Ұзын Хасан деген падишахтың бір орталыққа бағынған мемлекет құруына қарсы болды. Венеция Ұзын-Хасанға қару-жарақ, зеңбірек беруге тырысты. Ұзын-Хасан 1472 жылы Туркияға қарсы соғыс ашты. 1501 жылы Əзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлы мемлекетінің орнына Сефевилер мемлекеті құрылды.
Осман эмиратының жаулап алушылық саясатының табысты болуына өте қатаң тəртіп арқылы жақсы ұйымдастырылған күшті əскер көп үлес қосты. Ол əскерде «Яны чар» — «Жаңа əскер» деген тұрақты жаяу əскер үлкен роль атқарды. Бұл əскердің жауынгерлері үкіметтен жалақы алып тұрды.
Түріктер əдетте сауда жұмыстарымен аз айналысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар мен еврейлерден құралды. Өнеркəсіп товарларын шет елден əкеліп тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұның өзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап, жергілікті қолөнер кəсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды.
Ə д е б и е т т е р: 1. Безертинов Р. Н. Татары, тюрки-потрясатели Вселенной (История Великих Империй).— Новосибирск, ЦЭРИС, 2001.— 135— 161, 544—571 бб. 2. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М: Восточная литература РАН 1995.— 268—283, 493—505 бб.
Тақырып 12. Сельжуктер.


Тақырып қарастырылатын сұрақтар: 1. Сельжуктер тарихы бойынша деректер мен зерттеулер.
2.Түріктер Кіші Азияда.
3. Сельжук мемлекеті гүлденген кезі.
4.Басқа елдермен байланысы.
Осман мемлекеті.

  1. Түрік мемлекетінің құрылуы.

  2. Түрік шапқыншылықтары.

Мехмед ІІ жүргізген реформалары.
Осман мемлекеті.

  1. Осман империясы.

  2. І Сүлейман кезеңі.

3 Мемлекеттік құрылысы.

  1. Осман империясы мен Еуропа.

  2. Осман мемлекеті және Ресей.

Халықаралық қатынаста
Әдебиет: 5,8,12
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Семинар сабақтарына дайындалу барысында жоспарды қатаң сақтап, барлық сұрақтар бойынша дайындалып, оларды қысқаша дәптерге конспектілеу қажет. Семинар сабақтарынан кейін берілетін тапсырмаларға көңіл аудару керек. Семинарға дайындалу барысында ұсынылған әдебиетті қолдануға болады, оған қоса студент қосымша әдебиеттерді қарастыра алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет