Тақырып 7 Табыс (пайда) және өндіріс рентабелділігі



Дата18.12.2023
өлшемі15,16 Kb.
#140557

Тақырып 7 Табыс (пайда) және өндіріс рентабелділігі

Кәсіпорынның қаржы қоры нақты бір шаруашылық субъектісінің иелігіндегі ақша ресурстары және оның кірістерінің қалыптасу, бөлі, қолдану процесін көрсетеді.


Кәсіпорынның қаржы қызметі ақша қаржысының сыртқы және ішкі көздері арқылы іске асады.
Ішкі және меншікті қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, кәсіпорынның амортизация қоры, қамқорлық немесе спонсорлық жарналар, қосымша капитал есебінен құралады.
Сыртқы көздер қаржы нарығында жұмылдыратын қаржы есебінен құралады.
Өндіріске жұмсалған алғашқы капитал сатылған өнім бағасына кіретін құнды құрайды.
Өнімді сатқан соң ол ақша формасына - өнімді сатудан түскен кіріске (түсім) айналады.
Қолдану барысында түсім бірнеше бөліктерге бөлінеді.
Түсімді қолданудың бір бағыты – амортизациялық қордың қалыптасуы. Амортизациялық қордың қалыптасуының міндетті шарты - өндірілген тауарларды тұтынушыларға сату және түсімнің түсуі болып табылады.
Тауар өндіру барысында кәсіпорын шикізаттар, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттармен құракшы бұйымдар сатып алуға шығындалады. Олардың құны өзіндік құнға кіреді.
Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның айналым қаржылары есебінен қаржыландырылады. Түсім түскен соң айналым қаржылары қалпына келтіріледі.
Кәсіпорынның алатын пайдасының жартысы салық түрінде бюджетке аударылады.
Жинақтауға бағытталған қаржыларды (амортизациялық аударымдар, пайданың бір бөлігі) өндірістік және ғылыми-техникалық дамуға қолданады.
Қосымша капитал – меншікті капиталдың бір бөлігі. Оның қалыптасу көздері: амортизациялық аударым сомаларының қайта бағалау кезінде пайда болған айырма, эмиссиялық кірістің сомасы (қалыпты құнның нарықтық құнынан асуы), т.б.
Қарыз қаражаттары – несиелер, қарыздар, басқа кәсіпорындардың уақытша қаржылық көмегі, кепілдікке салынған мүлік.
Акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – облигациялар шығарады.

Өндірістің қаржы жоспары


Қаржы жоспары кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқа да бөлімдері негізінде жасалады. Қаржы жоспарының міндеті – кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен уақытында және минималды шығындармен қамтамасыз етіп, уақытша бос қаржыларды - тиімді инвестициялау болып табылады.


Қаржы жоспары ұзақ мерзімділік және ағымдағы болады. Ағымдағы қаржы жоспары бір жылға, тоқсан немесе айларға бөлініп жасалады.
Жалпы кәсіпорынның ақшалай түсімі келесіден құралады:


Т = Днег + Дбасқ + Дтыс

мұнда Днег – негізгі қызметтен түскен табыс;


Дбасқ – кәсіпорынның басқадай коммерциялық қызметінен түскен табыс;
Дтыс - өнім өткізуден тыс операциялар бойынша табыс.
Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша салық салынатын табысы келесі түрде анықталады:
Д сс = Днег – В

мұнда В – ҚР кодексіне сәйкес алымдар.


Таза табыс мөлшері мына түрде есептеледі:


Дтаза = Дсс –КС
КС = (Нст Добл) / 100%

мұнда КСкорпоративтік табыс салығы;


Нст – салық қойылымы, 30%.
Таза табыс кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. Бұл үшін рентабельділік көрсеткіші қолданылады. Рентабельділік – бұл кәсіпорынның иелігіндегі таза табысы мен ресурстарының ара салмағын көрсететін салыстырмалы көрсеткіш.
Шығындар рентабельділігі анықталады:
Rшығ =(Дтазаобл)/Сжалпы)*100%

Негізгі қор рентабельділігі


Rоф =(Дтазаобл) /Соф)*100%

Айналым қор рентабельділігі


Rайн =(Дтазаобл) /Сайн)*100%

Меншік капитал рентабельділігі


Rмк =(Др/МК)*100%

мұнда МК – кәсіпорынның меншік капиталы.


Сату рентабельділігі
Rсату =(Дро)*100% .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет