Тақырып: Аниондар және құрғақ заттарды анализдеу Жоспар



Дата08.12.2023
өлшемі10,89 Mb.
#134989

Тақырып: Аниондар және құрғақ заттарды анализдеу
Жоспар:
  • Аниондарды классификациялау.
  • Топтарға жалпы сипаттама.
  • Құрғақ зат анализі. Затты ерітіндіге айналдыру және анализ әдісі.

Аналитикалық химиядағы аниондарды негізінен р-элементтер және кейбір d-элементтер (Cr, Mn) құрайды. Аниондарды түзуге әсіресе Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан р-элементтер қабілетті. р-элементтердің тотығу дәрежесі ауыспалы болғандықтан олар әр түрлі қышқылдарды түзеді. Осы қышқылдар элементтің тотығу дәрежесі жоғарылаған сайын күшейеді. p-элементтердің көбісі оттектік қышқылдарды (H2SO4, H3BO3 ж.т.б.) түзеді. Тек ҮІА және ҮІІА-топшаларының элементтері оттексіз қышқылдарды түзеді. Олар – осы элементтердің сутегімен қосылыстары (HF, HBr, HCl, H2S ж.т.б.).
  • Аниондардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша олардың 3 тобы бар: тотықтырғыш-аниондар, тотықсыздандырғыш-аниондар және бейтарап аниондар.
  • Аниондардың аналитикалық жіктелу жүйесінің негізінде олардың барийдің және күмістің суда ерімейтін тұнбаларын түзу қасиеттері жатады.
  • 1-ші топтың аниондары үшін топтық реагент барийдің суда еритін кез-келген тұзының ерітіндісі.
  • 2-ші топтың аниондары үшін топтық реагент күмістің суда еритін тұзы.
  • 3-ші топтың реагенті жоқ.

  • Бұл жіктеу бойынша да аниондар 3 топқа бөлінеді:
  • топ аниондары – бұл аниондар Ва2+-
  • катионымен суда ерімейтін тұздар түзеді:
  • SO42-, SO32-, CO32-, РO43-, S2O32-, C2O42-, B4O72-, IO4-, IO3-, AsO43-, AsO33-, C4H4O62-, цитрат-ион.
  • суда және азот қышқылында ерімейтін күмістің тұздарын беретін аниондар: Cl-, Br-, I-, SCN-, CN-, C6H5COO-;
  • суда еритін барийдің және күмістің тұздарын беретін аниондар: NO3-, NO2-, H3C-COO-, BrO3-, ClO4-, салицилат-анион.
  • І-ші топқа суда ерімейтін барийдің тұздарының тұнбаларын түзетін аниондар кіреді. Олардың ішінде барийдің сульфатының басқасы қышқылдарда ериді. Сондықтан да І-ші аналитикалық топтың аниондарын бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада тұндырады. І-ші топтың барлық аниондары ерітіндіде түссіз (d-элементтердің аниондарынан басқалары).
  • ІІ-ші топқа ҮІІА-топшаның элементерінің және күкірттің оттексіз аниондары жатқызылады. Бұл аниондар суда және сұйылтылған азот қышқылында ерімейтін күмістің тұздарын береді. Күмістің тұздары азот қышқылының қатысында топтық реагент болып табылады.
  • ІІІ-ші топқа суда еритін барийдің және күмістің тұздарын түзетін азоттың оттектік аниондары және галогендер жатқызылады. Бұл топтың реагенті жоқ, ерітінділері түссіз болады.
  • Талдауға зат үлгісі құрғақ немесе ерітінді түрінде беріледі. Зат үлгісін алдын-ала келесі сынаулардан өткізеді: үлгінің түсі, ерігіштігі, жалынның әсерінен беретін қасиеттері, сынауықта қыздыруға әсері, иісі, кристалдардың түрі және түсі, құрамының біртектілігі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет