Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық- азаттық күресі



Дата14.03.2023
өлшемі124,01 Kb.
#74086

Қ
азақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БОӨЖ-2
Эссе


Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық- азаттық күресі


Орындаған:Орынбасар Ақерке
Қабылдаған:Тілебалды Ж.
Тобы:107 биология

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

ҚАЙ ХАЛЫҚТЫҢ БОЛСА ДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТКІШІ ОНЫҢ ТАРИХЫ. СОЛ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ОРЫС ОТАРШЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ КЕШЕГІ КСРО КЕЗІНДЕ БҰРМАЛАНЫП КЕЛГЕНДЕГІ, АҚТАҢДАҚТАРДЫҢ БОЛҒАНДЫҒЫ АҚИҚАТ. СОЛ АҚИҚАТТАРДЫҢ ЕҢ ҮЛКЕНІ-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ ЕДІ. ӨТКЕНДІ БІЛМЕСЕҢ-БОЛАШАҒЫҢ БҰЛЫҢҒЫР. ӨТКЕНДІ БІЛУ-БҮГІНІҢК САБАҚ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР. ӨЗІҢНІҢ ТАРИХЫҢДЫ ТАНУ-ЕЛДІГІҢНІҢ, ӨСКЕНІҢНІҢ АЙҒАҒЫ. БІЗ ӨТКЕНІ ЖОҚ ХАЛЫҚ ЕМЕС ЕДІК, БІРАҚ ТА СОЛ ӨТКЕНІМІЗДІ БІЛЕ БІЛМЕЙ КЕЛДІК. БІЗ ТАРИХЫ ЖОҚ ХАЛЫҚ ЕМЕС ЕДІК, БІРАҚ ТА ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНИ АЛМАЙ КЕЛДІК. Я, КЕШЕГІ ҚЫЗЫЛ ИМПЕРИЯ ТҰСЫНДА ТАРИХЫМЫЗ ӨРЕСКІЛ БҰРМАЛАНЫП, ӨКТЕМ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛДЫҚ. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚТЫБІЛГЕНІМІЗДЕН ДЕ БІЛМЕГЕНІМІЗДІҢ КӨП БОЛҒАНЫ СОНЫҢ АЙҒАҒЫ ЕКЕНІ АНЫҚ.ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ НЕБІР ЗАМАНДЫ БАСЫНАН ӨТКЕРГЕНІН «ЕЛІМ» ДЕП ЕҢІРЕГЕН ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТІ ҰЛ-ҚЫЗДАРЫ БОЛҒАНЫН БІЛМЕЙ ТҰРЫП, ӨЗІМІЗДІҢ КІМ ЕКЕНІМІЗДІ ҰҒАМЫЗ ДЕУ БЕКЕРШІЛІК ЕКЕНДІГІН ҰҚТЫҚ.ТӘУЕЛСІЗДІК-БҰЛ ХАЛЫҚ ҰШІН РУХАНИ АЗАМАТТЫҚ, ЕШҚАНДАЙ БАЙЛЫҚҚА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛМАЙТЫН ӨЛШЕУСІЗ БАҚЫТ.МІНЕ ОСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КЕНЕСАРЫ КҮРЕСТІ, БАР ӨМІРІН САРП ЕТТІ. ҚАЗАҚ ЕЛІН БІРТҰТАС ЕЛ «АЛАШ» ЕЛІ БОЛСА ДЕП АРМАНДАДЫ

XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:

• Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);

• Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);

• Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);

• Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

• Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);

• Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);

Сырым Датұлы — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.

XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды

Сырым Датұлының 1ші көтерілісі

Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады

Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі

Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.

1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады

.

Сырым Датұлының 2ші көтерілісі



Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.

Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.

1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.

1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады

Хиуаға ығысу

Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.

Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады

Нұралы ханмен қақтығыстары

1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.

1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.

1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.

Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.

1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.

Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.

Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);

Қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті». Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 1856 жылы желтоқсанда Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.

1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көтерілісшілерді ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді. Бірақ бұл саясатынан ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.

Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869) көтерілісі туралы нақты деректер жоқ

Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Патшалы Ресейдің Шығыстағы басқыншалық саясаты үшін Маңғыстау түбегінің стратегиялық мәні үлкен болды, оның үстіне Шығыспен қатынас жасайтын барлық су және керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғасырдың бас кезінде-ақ өзіне бағындыруға әрекет ете бастаған еді. 18 ғасырда Каспий теңізінің шығыс жағалауына 20-ға жуық арнайы экспедиция жасақталды. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 1867 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.

Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.

Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады



Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.

Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет