Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесі



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі21,82 Kb.
#14354
  1   2   3   4

Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесі

 

1  Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті. Орта мектепте биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттері.  Ғылыми-зерттеу әдістері. Мектеп құжаттары



 

1.              Биологияны оқыту әдісі.

2.              Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.

3.              Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.

 

Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.



Методика – оқу пәнінің мазмұнын  оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.

Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.

Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.

Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.

Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды  пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.

Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен  тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі.  Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.

Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.

Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.

Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.

Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.

Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.

Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.

Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.

Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.

Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.

Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады. 

Оқытудың әдістерін жасап береді.

Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.

Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.

Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып  көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет