Дәріс 1. Психология сипаттамасы оқу пәні ретінде Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары.
Мектептегі оқытудың ерекшеліктері.
Оқу пәнінің мазмұның анықтаудың қисынды-психологиялық негіздері.
Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту әдістемесі кез – келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы, психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі мәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамассыз ету болып табылады.Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механиздерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерінашуды қарастыру қажет.
Психологияны оқыту әдістемесі ықпал ету обьектісінің ерекшеліктерін яғни студенттің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Психология мен көптеген студенттер қызығады, олар оны оқи отырып өздерін таниды, кейін олар психологиялық білімді өзінің болашақ адамдармен жұмыс барысында қолданатынын түсінеді.
Психология оқытушының алдында тұрған негізгі міндет – оқушының оқу әрекетін қалыптастыру немесе психологияны оқуға үйрету.Оқу әрекетін қалыптастыру бұл – психологияны дұрыс оқуға үйрету. Психологиялық тұрғыда бұл мәселе былай тұжырымдалады: оқушының санасынан тыс белгісіз игеріліп қалай белгілі болады , обьективтіліктен субьективтілікке қалай айналады? Осы сұраққа жауап дұрыс оқуға жол көрсетеді. Осы мәселемен отандық психологияда 50 – жылдары айналысқан Г.Я.Гальперин және оның ізбасарлары болды.
Адам санасынан тыс нәрселер қалай ішкі ақыл – ойға яғни сананың жетістігіне , оның ақыл – ой жемісіне айналады? Деген сұраққа жауап іздеу П.Я.Гальпериннің жоспарлы кезеңмен ақыл – ой әрекетін қалыптастыру концепсиясына әкелді.
Бұл концепцияның жалпыпсихологиялық мәні өте кең, себебі ол қойылған сұраққа жауап беріп ғана қоймайды сонымен қатар бұл бағдарлаушы әрекет ретіндегі психология пәні тұралы ілім, жануарлар психикасы дамуынан айырмашылығы бар адам психикасы эвалюциясы тұралы білім, психикалық әрекеттің түрлері мен формалары (қабылдау зейін, ойлау) және олардың қалыптасу заңдылықтары тұралы ғылым, психикалық әрекеттің негізгі элементтері, яғни мұраттағы әрекеттер мен образдардың қалыптасу заңдылықтары, яғни ақыл – ой амалдары мен ұғымдарының (қаалыптасуы тұралы) педагогика тілінде “білім – іскерлік – дағды ” деп белгіленетін ұғымдарының қалыптасуы тұралы ғылым. Осы теорияға сәйкес (ғылым) оқу саналы әрекетті қалыптастыратын іс - әрекет ретінде құрастырылыды.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі, нәтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.
ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындық өмірде қолдануға үйрету. Бірақ, психология – бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М. Бахтин гуманитарлық таным – ғылыми танымның ерекше типі , оның негізінде зат емес, тұлға, субъект - субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді , ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын “Психология ” пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де , педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсаты көздейді : өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен қаруландыру. Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзараәрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді. Біздің ойымызша, соңғы анықтама психологияны оқытудың мақсатын едәуір нақтырақ айқындайды, себебі ол өзінің құрамына процесс пен оның соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен қатар басты назарды студенттерде психологиялық ойлай білу іскерлігін қалыптастыруға аударады. Психологияны оқи отырып студент болашақ мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап, талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психолоргиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.
“Психологияның” оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті - өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру - бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болады.