Тақырып: Дизайн теориясы



Дата14.10.2023
өлшемі22,53 Kb.
#114969
Байланысты:
Дизайн теориясы (1)


Тақырып: Дизайн теориясы
Біздің өмірімізде дизайн өнімдері өте көп кездеседі. Тұрмыста, жұмыста, демалыста және тағы асқа жерлерде де айналамыз дизайнға толы. Әсіресе, біз графикалық дизайн өнімдерімен күнде кезігеміз, атап айтқанда, біз көше бойындағы хабарландырулар мен жарнамаларға назар аударамыз, кітаптар мен газет-журналдар сатып аламыз, дүкендегі өнімдердің этикеткаларын қараймыз, оларды Интернет желісінде кез-дестіреміз.
« Қолдану» ұғымы кез келген нәрсені қабылдау мен оған жауап ретінде орындалатын әрекетті білдіреді.
Дизайн­­ ағыл. design – жобалау, салу, түсіну, сондай-ақ жоба, жоспар, сурет салу
– көркем-техникалық жұмыспен айналысатын адамның шығармашылық іс-әрекеті.
Дизайнның ең көп таараған түрлерінің біріне көрнекі дизайнды жатқызуға болады, себебі ол Интернет-бизнес өнімдерінің дамуы үшін экономикалық жағынан өте тиімді. Көрнекі дизайн қоғамда қарым-қатынас ортасын қалыптастырады.
Көрнекі дизайн – ұсынылатын өнімнің формальды сапасын анықтайтын шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі. Формальды сапаға өнімнің сыртқы келбеті, тұтынушы мен дайындаушының көзқарастарын өзара үйлестіретін олардың құрылымдық және қызметтік байланысы жатады. Көрнекі дизайн нысанның эстетикасын құрайды, бұл суретті, түсті, қаріпті және басқа да элементтерді сапалы қолдану үшін өте маңызды. Көрнекі дизайн бүгінгі таңда гуманитарлық, әлеуметтану, тарих, психология секілді қолданбалы ғылымдармен өте тығыз байланысты.













































Көрнекі дизайнның кең тараған екі түрі бар:
1. Графикалық дизайн
2. Инфографика


Графикалық дизайн – суретпен сипаттау, суреттеу, түстік сызбалар мен типографика қолданылған дизайн.
Инфографика– көрнекі суреттің көмегімен мәтіндік ақпараттың кең ауқымды көлемін ұсыну.

Көрнекі дизайнда көркем безендіру қағидаларын ұстану маңызды. Оларға баланс, кеңістік, қанықтық жатады. Дизайнда түс, пішін, көлем сияқты басқада элементтер маңызды орын алады. Кез келген көрнекі дизайнның негізгі құраушылары болады. Олардың көмегім ен қарапай ым таң бад ан бастап күрделі бейнелердіде құруға болады. Барлық дизайндық өнімдер мына элементтердің қосындысынан құралады:





  1. Нүкте, кесінді фигура. Геометрияда нүкте Х және У осінің мәндері бойынша анықталады. Егер Z осін қосатын болсақ, онда 3D-моделі шығады. Екі нүктенің қосындысынан кесінді алынады. Кез келген кесінді нүктелер жиынынан тұрады. Егер алғашқы екі нүк тені үшіншісімен қоссақ, онда фигура шығады.

  2. Түс. дамның көзі түстердің 100-ден астам реңін алады. Біз жастайымыздан әрбір түске атау беріп үйренеміз. Дизайн құру барысында нақты бір рең алу үшін дұрыс түсті немесе түстер үйлесімін таңдау өте маңызды.

  3. Типографика – дизайндағы сөздердің орналасуымен олардың көрінісі. Дұрыстаңдалған қаріптің көмегімен аз мәтіннің өзі жарнаманың қуатты құралына айналуы мүмкін. Ең бастысы дұрыс таңдалмаған қаріптің салдарынан ұсынылатын мәтінді бүлдіріп алмау. Көптеген қаріптер арнайы мақсатпен жасақталған, сондықтан әрбір қаріптің неге арналғанын білу керек. Себебі кейбір қаріптер үлкен мәтіндер үшін, ал кейбір қаріптер бас әріптермен мәтін тақырыбын жазуға арналады.

  1. Кеңістік. Дизайнның тиімділігі дұрыс бөлінген аумақтар мен ақпараттың орнала-сатын орындарына тәуелді. Дизайнер көрнекі дизайнды құрайтын элементтердің бір-бірінен қаншалықты алыс неме е жақын орналасу мәселесін шешеді. Бос орынды дұрыс пайдалану керек, себебі ол – кез келген жобаның маңызды құралы. Бос кеңістіктің көп болуы – дизайнның аяқталмағандығын, ал аздығы дизайнның элементтермен толып кеткендігін білдіреді.

  2. Масштаб дизайнның дұрыс иерархиясын құрайды. Ол қолданушыға ең алдымен неге назар аудару керектігін көрсетеді.



  1. Текстура. Текстуралар дизайнды толық құруға қабілетті маңызды элементтердің бірі болып табылады. Осы аталған элементтер арқылы кез келген көрнекі дизайнды өтімді етуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет