Әрекет потенциалы- тірі жасушаның мембранасы бойымен қозу дабылын беру процесі кезінде таралатын қозу толқыны.
Әрекет потенциалы 4 кезеңнен тұрады:
1)Предспайк- мембрананың ауыспалы деңгейге дейін баяу деполяризациялану процесі.
2)Спайк немесе үдемелі потенциал-өрлеме бөліктен тұрады.
3)Теріс іздік потенциал-мембрана деполяризациясының ауыспалы кезеңінен поляризацияның бастапқы кезеңіне дейін.
4)Оң іздік потенциал-Na,K насостары қатысында потенциалдың қалпына келуі яғни тыныштық потенциалына.
Тыныштық потенциалы-жасуша тыныштық жағдайында мембрананың екі жағындағы иондар потенциалдарының тұрақты айырмашылығының сақталуы.
Бәрі немесе ештеңе заңы-егер стимул өте әлсіз болып, порогқа жетпесе әрекет потенциалы мүлде пайда болмайды. Осыған сәйкес стимул күшті болатын болса қозу туындайды.
Рефракторлық кезең-жасушаның қозған күйінен бастап тыныштық күйіне келуі.
Абсолюттік реф кезең- Na иондарының барлығы жасуша ішінде болады сондықтан ешқандай қозу туындамайды.
Салыстырмалы реф кезең-күшті дабылдардың әсерінен қозатын жағдай бұл кезде Na,K өзектерінің белсенді жұмыс істеуі нәтижесінде қозу туындайды оған мысал бұлшықеттердің сіреспелі жиырылуы.