Электр тогымен зақымдану кезінде бизге шешім қабылдауыңыздың кажет болатын екі нұсқалы жағдай туындайды. Бірінші нұсқасы – зардап шегуші тоқ өткізгішпен байланыст болмаған жағдай. Екіншісі – зардап шегуші электр қондырғысының тоқ өткізгіш бөлігімен әлі де байланыста болатын жағдай.
Жағдайдың бірінші нұсқасы зардап шегушіге дәрігералды көмек көрсетуді бірден жасауға мүмкіндік береді. Жағдайдың екінші нұсқасы зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату бойынша шұғыл әрекеттерді және алғашқы әрекет – келеңсіз жағдай болған электр қондырғысын тез өшіруді жүзеге асыруды талап етеді. Бұл өшіру аппараты көмегімен жүзеге асырылады.
Екінші жағдайда ең оңтайлы тәсіл болып авариялық жарықты қолдану, ал ол мүмкін болмаса жасанды жарықтың басқа да көздерін (шамдар, факел және т.б.) немесе табиғиғн жарықтың мүмкінділігін пайдалану табылады.
Электр қондырғысын тез өшіру мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, өшіргіш алыс орнласса, қол жетімсіз жерде болса, өшіру аппараты істен шыққан болса) басқа шараларды қабылдау қажет.
.
Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатқаннан кейін оның жағдайын анықтау үшін арқасына жатқызып, киімін, белдеуін босату және тынысы мен жүрек соғысын тексеру қажет.