Көрсеткіштер. Компилятор айнымалыны анықтау операторын өңдеген кезде мысалы int i=5; int типке сәйкес жады бөлінеді және көрсетілген мәнге меншіктейді. Программадағы айнымалыны оның аты ( i ) арқылы шақыру компилятор мен айнымалының мәні сақталатын жады аймағының адресіне ауыстырылады. Программалаушы жады аймағының адресін сақтау үшін жеке меншік айнымалыларды анықтауына болады. Бұндай айнымалылар көрсеткіштер деп аталады. Сонымен көрсеткіштер жады аймағының адресін сақтауға арналған. С++ -те көрсеткіштердің үш түрі бар. Олар:
Объектілерге арналған көрсеткіштер.
Функцияларға арналған көрсеткіштер.
Қасиеттерімен және амалдар жиынтығымен ерекшеленетін void-қа арналған көрсеткіштер .
Көрсеткіштер өз алдында жеке дара тип болып табылмайды. Олар әрқашанда қандай да бір нақты типпен байланысты болады. Функцияның атқарылатын коды орналасқан код сегментінде функцияға арналған көрсеткіштің адресі болады, яғни ол функцияны шақырғанда басқару берілетін адрес.
Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады. Функцияға арналған көрсеткіштің типі мынадай болады: “берілген типтің мәнін қайтаратын және сол типтің аргументтеріне ие функция көрсеткіші”. Функцияға арналған көрсеткіштің жалпы түрі:
тип (*аты)(аргументтер типтерінің тізімі)
Мысалы:
int (*fun)(double, double)
Бұл мысал int типінің мәнін қайтаратын және double типті екі аргументтен тұратын функцияға fun атаулы көрсеткішті қайтарады.
Объктіге арналған көрсеткіш берілген типтегі деректер сақталатын жады аймағының адресінен тұрады. Объектіге арналған көрсеткіштің қарапайым түрде жариялануы келесі түрде болады: