Тақырып: «Менің кәсіби шеберлігім және өмірлік табыс»
Әр-бір менталды дұрыс қалыптасқан адамның ішкі жан дүниесінде өзі армандаған идеалды адам кейпі болады. Ол сол ойындағы идеалды адам болуға тырмысады.
Менің кезінен қалыптасқан идеалды адам ол білімді, қоғамға пайдасы зор және көпті көрген(бұл жерде әлемді, ұлттарды, әр түрлі санаттағы адамдардың өмірімен танысу деген мағынада) сипатта болатын. Қазақ атамыз, көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра дейді. Яғни, көп көрген адамның қоғамға пайдасы басым болуын бәрімізде жақсы білеміз.
Енді осы факторлардың барлығы түбінде адамды бір кәсіпке алып келеді. Кәсіпсіз, іс әрекетсіз адамның өмір сүруі ауыр салдарға әкеліп соғады. Ең бастысы қандай кәсіп болсада (әрине адал кәсіп) шеберлікпен жасалған кәсіп адамды жақсы қанағаттандырады, оның интузиязмын оятып алға прогресс жасауға жетелейді.
Маған келетін болсақ, мен геология саласында білім алғаннан соң, мұнай газ ісіне бет бұрып қазіргі таңда сол кәсіпте орын тауып өз тіршілігімді жасап жүрген жайым бар. Жылдар өте, жұмыстағы деңгейіміз жоғарылап жаңа келген жастармен жұмыс, процестерді басқару және т.с.с әрекеттер. Осы кәсіпте жақсы нәтиже көрсету арқасында Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Грузия, Катар, Ресей, Әзербайджан елдерінде не жұмыс не оқу оқып кішкентай кезімдегі өз ойымдағы адамның кейпіне жетуге тырысқандай болдым.
Бірақ әлі де өз ісінің шебері деген деңгейге жетпедім деп ойлаймын, себебі іштей қатты интузиазмның немесе керекті деңгейдегі интузиязмның дамымағанын сеземін. Бұл да мүмкін бір белгі шығар деп ойлаймын, не болсада шеберлікті дамытуға біз ешқашан тоқтамауымыз тиіс деп осы эссені аяқтауды шештім.