Жастар психологиясы



Дата07.01.2022
өлшемі14,01 Kb.
#19566

Жастар психологиясы

Болашағымыздың баянды болуы бүгінгі  жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – ертеңімізді жасайтын бүгініміз. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де осы – жастар. Елбасы да жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел Президентінің жыл  сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты  болуы, кез келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен  мақалаларында, сөздерінде әр кез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.

14, 15-35 жас аралығын – жастар деп айтамыз. Жастар психологиясын зерттеуде шетел ғалымдарынан Джон Локк  "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде зерттеулер жүргізген. Джон Локк  баланың көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы  тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деп  жазған. Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ парақ сияқты тап-таза  болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны, сол таза ақ  параққа  жазуы дейді. Және де, бұл тақырыпта зерттеу жүргізген орыстың атақты педагог-психологі – Антон Семенович Макаренко, өз еңбегінде: "Баланың  мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына  адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені  сүйеді, нені қажет етеді, нені қажет етпейді, ең алдымен сіз осыны білуіңіз  керек. Ол кіммен достасады, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай  қабылдайтынын сіз білуіңіз керек. Осының бәрін сіз әрқашан өз балаңызда  жастайынан білуіңіз керек" деп жазған 

Жастардың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті  болады. Мұндай іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу  тәсілдерімен сипатталады. Бұл жетекші іс-әрекет – өсуші жастардың  психологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен таным немесе  психикалық үдерістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Балалар жас кезінде еліктегіш келетіні рас. Себебі, баланың мектеп  уақытысында "ауыспалы кезең" деген кезең болады. Сол уақытта көпшілік  жастардың әр нәрсеге қызығушылығы артады. Жақсы қасиетке де, жаман  қасиетке де қызығушылығы арта түседі. Міне, сол уақытта  балаға рухани  тәрбие керек болады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге  құмаршылық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары да  жетіле  түседі. Міне, осылардың арқасында жастар жақсы жетістікке жетеді. Және бір айтып  кететін жәйіт, жастардың  дамуында өте үлкен маңызға ие, ол – еңбек. Сондай-ақ , жастардың еңбекпен өзін-өзі тәрбиелеуі. Еңбекке  мойымаған бала әрдайым қиындықтардан сүрінбей өтеді. Еңбек адамды  сабырлылыққа, ұстамдылыққа, төзімділік пен шыдамдылыққа үйретеді. Расында жұмыстың адам өміріндегі рөлі ерекше. Ол барша адамды  тәрбиелейді.  психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән.



қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы жасөспірімдердің жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.

Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек


Жастарға  қажетті ең басты үш  нәрсе  бар. Олар: жақсы тәрбие, кемел білім және адал  еңбек. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет