Тақырып Қоректік орталар, олардың жіктелуі жәнебактериологияда қолдануы. Микробтарды себутәртібі Мақсаты: Қоректік орталардың түрлерін, маңызын, тағайындалуын, зерттеу тәсілдерін, бактериялардың таза дақылын бөліп алу әдістерін меңгеру.
Тапсырма: Негізгі қоректік орталар және дайындау техникасын білу қажет.
Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
Туыстық, түрлік, типтік қатынасын анықтау үшін идентификациялау әдісі.
Бақылау сұрақтары: 1. Қоректік орталардың жіктелуі.
2. Қоректік орталарға қойылатын талаптар.
3. Әмбебап қоректік орталар.
4. Элективті /селективті/ қоректік орталар, оның тағайындалуы.
5. Дифференциалдық-диагностикалық қоректік орталардың қолданылуы.
6. Микроағзаларды себу техникасы.
7. Себу үшін арналған құрал-жабдықтар.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер. Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі. Қосымша мәлімет алуға ұсынылатын әдебиеттер: силлабус соңында берілген
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Сабақтың мақсатты: Зертханалық ыдыстарды және мақталы тығындарды әзірлеу. Ет суын және ет-пептонды сорпасын (ЕПС), ет-петонды агарын (ЕПА) дайындау. Қоректік орталардың рН-ын колориметриялық және басқа да тәсілдермен анықтау. Стерильдеу тәсілдерімен танысып,дайындалған қоректік орталарды бу стерилизаторында стерильдеу және олардың стерильділігін термостатқа қою арқылы бақылау. Бу стерилизаторының, Кох аппаратының, кептіргіш шкафтың, Зейтц сүзгішінің және т.б. құрылысы мен істеу тәртібімен танысу.