Тақырып:«Менің кәсібімдегі эмоционалдық интеллект» Орындаған: Утебекова Жұлдызай



Дата21.04.2023
өлшемі14,72 Kb.
#85210

ЭССЕ
Тақырып:«Менің кәсібімдегі эмоционалдық интеллект»
Орындаған: Утебекова Жұлдызай
Группа: Кад-21-1
Жалпы эмоционалды интеллект дегеніміз адамның өзінің және өзге адамдардың эмоциясын тани білуі, адамның эмоцияларды тану, басқа адамдардың және өздерінің ниеттерін, мотивациялары мен тілектерін түсіну, сонымен қатар практикалық мәселелерді шешу үшін өз эмоциялары мен басқа адамдардың эмоцияларын басқару қабілетінің жиынтығы.Сол себептенде эмоционалды интеллект кез- келген жағдайда кез- келген салада қолданылады.
Жалпы, алдағы уақытта жерге орналастыру саласында қызмет етемін. Жерге орналастыру – мемлекеттегі жер қатынастарын ұйымдастыруға, жерді пайдалану мен қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ әкімшілік құрылымдардың шекарасын белгілеу, жер кадастры және жерді есепке алу жұмыстары. Менің басты мақсатым – ел игілігі үшін еңбек ету. Сондықтан менің кәсіби қызметім қоғаммен, оның ішінде адамдармен тығыз байланысты. Мен бұл кепілдік екенін білемін. Әр адамның өз эмоцияларының ауқымы бар. Бұл қуаныш, ашу, бақыт, реніш, ләззат, жек көру және т.б. Әрбір эмоция өмірлік жағдайға байланысты көрінеді. Ал бұны жұмыс барысында яғни, болашақ кәсібімізде жақсы жағынан қолдана білу өте маңызды. Кадастр тек қана жер өлшеумен ғана емес, сонымен қатар әкімшілік жұмыстархалыққа қызмет көрсету орындарында және т.б жерлерде жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз біз адамдармен тығыз қарым қатынаста боламыз деген сөз. Сол себептенде бізге өз эмоцияларымызды тани білу және бақылауда ұстай білу өте маңызды. Және басқа адамдардың эмоциясына бейімделу және сол бойанша жұмыс жасай білуіміз керек. Өйткені барлық адам бірдей емес, әр адамның өзінің ойы өзінің қөзқарасы, ұстанымы болады. Біз соған қарамастан адамданмен жақсы көңіл күйде жұмыс жасай білуіміз қажет. Сол себептенде эмоционалды интеллект біздің өмірімізде, мамандығымызда өте үлкен рөл ойнайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет